Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан біз Сізге Қазақстан туралы, сондай-ақ Елшіліктің қызметі мен қызмет көрсетулері туралы молырақ ақпарат алғыңыз келгені үшін алғысымызды білдіреміз.
Сайт кең қоғамдастықты Бухаресттегі дипломатиялық өкілдіктің қызметімен таныстыру үшін, сондай-ақ Румынияда тұратын қазақстандық азаматтарға және Румынияға саяхатшы ретінде барғысы келетін немесе елмен іскери қарым-қатынас орнатқысы келетін қазақстандықтарға ақпараттық қолдау көрсету үшін ұсынылады.
![]() |
Әбдірахманов Қайрат ҚұдайбергенұлыҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі |
Өмірбаяны |
![]() |
Дәулет Қасекенұлы БатырашевҚазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі |
Өмірбаяны |
Дүйсенбі, Сейсенбі, Бейсенбі, Жұма, сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін | Азаматтарды қабылдау |
Дүйсенбі, Сейсенбі, Бейсенбі, Жұма, сағат 14.30-даң 17.30-ға дейін | Құжаттарды беру |
Сәрсенбі, Сенбі, Жексенбі | Демалыс күндері |
Елшiлiке ең жақын банктер
Sucursala Aviatie / Aviatiei Branch Schedule: 09.00:17.00 Phone: 021.232.45.29 / 021.232.87.30 Address : Str Av Alexandru Serbanescu, nr 31, sector 1 Postal Code: 14295 Baneasa Branch Schedule: 09.00:17.00 Phone: 021.232.05.14 / 021.232.05.16 Address : Sos Bucuresti –Ploiesti , nr 24-28, bl XIII-1, parter, sector 1 Postal Code: 13694 Baneasa Pajura Schedule: 09.00:17.00 Phone: 021.667.83.87 / 021.667.83.86 Address : Str Pajurei, nr 13, parter, sector 1 Postal Code: 13152Қазақстан Шығыс Еуропадағы және Балкан түбегіндегі маңызды серіктестердің бірі ретінде Румыниямен қарым қатынастың дамуына айрықша көңіл бөледі.
Қысқа мерзім ішінде, екі елдер саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығында, сондай-ақ көпжақты әрекеттесуде айтарлықтай елеулі прогресске жетті.
Қазақстан мен Румыния үздіксіз саяси диалогты жүргізуде, екі елдің парламенттерінде «достық топтары» қызмет атқаруда. Екі елдер депутаттарының жылсайынғы кездесулері өткізілуде.
Екі ел БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде өз қимылдарын үйлестіруде. Румыния Қазақстанның 2010 жылдағы ЕҚЫҰ-дағы Төрағалығын және Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитін, «Астана Экспо-2017» көрмесін өткізуіне мен қатысуына, 2017-2018 жж. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақсыз мүшелігіне және «Азия – Еуропа форумына» (АСЕМ) қосылуына қолдау білдірді.
Жыл сайын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі және Румынияның Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хатшысы деңгейінде саяси кеңесулер өткізіледі. 2015 ж. 13 мамырдағы соң,ы кеңесулер барысында тараптар 2015-2016 жж. арналған Сыртқы саяси мекемелері арасындағы бірлескен іс-әрекет жоспарын қабылдады.
1992 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Румыния арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993 жылғы қарашада Румынияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.
2003 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Румыниядағы Дипломатиялық миссиясы ашылды. 2012 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Дипломатиялық миссиясы Елшілік болып қайта құрылды.
2014 жылғы 2 қыркүйекте – Дәулет Батырашев Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
2012 жылғы мамырдан бастап – Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николае Уреке.
1998 ж. қыркүйекте – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Румынияға ресми сапары.
1999 ж. қарашада – Румынияның Президенті Э.Константинескудың Қазақстанға ресми сапары.
2003 ж. қыркүйекте – Румынияның Президенті И.Илиескудың Қазақстанға ресми сапары.
2007 жылғы қарашада – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Румынияға ресми сапары.
2010 жылғы наурызда – Румынияның Президенті Т.Басескудың Қазақстанға мемлекеттік сапары.
2010 жылғы желтоқсанда – Румынияның Президенті Т.Басеску ЕҚЫҰ Астана саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапармен келді.
2013 ж. маусым – Румыния Премьер-министрі В.Понтаның Қазақстанға ресми сапары.
1992 жылғы шілдеде – Румыния Сыртқы істер министрі А.Настаседің Қазақстанға ресми сапары. Осы сапар барысында Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы хаттамасына қол қойылды.
2008 жылғы қарашада – Румыния Сыртқы істер министрі Л.Команескудің Қазақстанға жұмыс сапары.
Қазақстан мен Румынияның арасындағы шарт-құқықтық базасы 18 екіжақты келісімдерден тұрады. 1992 жылда қол қойылған мемлекетаралық құжаттардың біріншісі болып табылатын Дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы хаттама басқа да екіжақты құжаттардың жасасуына негізін салды.
Екі елдің арасындағы тиімді саяси диалог экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң ықпал жасауда.
2014 жылы қазақстандық-румын тауар айналымы 3,27 млрд. АҚШ доллары (экспорт – 3,15 млрд. долл., импорт – 119,5 млн. долл.) құрады. 2013 ж. (2,35 млрд. АҚШ долл.) салыстырғанда 40% өскен болатын.
Қазақстан мен Румынияның сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттары: энергетика, машинажасау, металлургия, көлік және логистика, және жеңіл өнеркәсіп болып табылады. Румынияда сауданың, жиһаз жасау, киім және аяқ киімнің тігіс салада 13 кәсіпорындар жқмыс істейді. Қазақстанда Қазақстан-Румыния бірлескен 35 кәсіпорындар тіркелген.
Қазақстандық ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясы «The RomPetrol Group NV» (қазіргі уақытта «KazMunayGaz International») компаниясын сатып алуы нәтижесінде ЕО нарықтарына жаңа деңгейдегі шығу мүмкіндіктері ашылуда.
Сауда-экономикалық ынтымақтастың ең маңызды тетіктерінің бірі Қазақстандық-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады. Үкіметаралық комиссияның 11-отырысы 2015 ж. 27-28 мамырда Бухарестте өтті.
2013 жылғы 4 шілдеде Галац қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы Құрметті консулдығы ашылды.
Қазақстанда Румынияның «Ұлы Штефан» (Алматы қ.), «Дачия» (Қарағанды қ.) және «Буковина» (Павлодар қ.) ұлттық-мәдениет қоғамдары жемісті қызмет атқаруда. Олардың негізінде румын тілін оқыту курстары және де түрлі мәдени шаралар өткізілуде.
Румынияда Бабеш-Боляй университетінің шеңберінде қазақ мәдениет, тіл және тарих орталығының ашылуына уағдаластыққа қол жеткізілді.
«Астана Опера» ұлттық опера және балет театры Бухаресттің ұлттық опера театрымен ынтымақтастығы айтарлықтай даму үстінде. Атап айтқанда, 2014 жылғы 12 сәуірде Бухаресте «Астана Операның» жетекші солисті Ж.Ғабдуллинаның қатысуымен «Аида» операсының тұсаукесері өтті.
15-16 қыркүйекте Бухарестте Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Румыния Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Дануц Некулаеску төрағалығымен Қазақстан мен Румыния сыртқы саяси ведомстволары арасында …
20.09.2016
2016 ж. 29 маусымда Бухарест қаласында Қазақстан мен Румынияның сыртқы істер министрліктерінің арасында консулдық мәселелер жөнінде консультациялар өтті. Келіссөздердің басты тақырыбы Қазақстан Республикасы және Еуропалық одақ арасындағы визалық режимд …
30.06.2016
Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы осы диалогты ұйымдастырғаны үшін Қорға алғыс айтты және бұл институт ғасырдан астам уақыт бойы халықаралық қатынастардың дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан Президенті …
04.04.2016
Мемлекет басшысы брифинг барысында өзінің Брюссельге таяудағы сапары кезінде Қазақстан Парламенті Еуропалық одақпен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялағанын атап өтті. – Құжаттың кейбір ережелері бірінші мамырдан б …
04.04.2016
Бұл мәлімдеме мемлекет басшысының Вашингтон қаласында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысуы барысында қабылданды. Бірқатар шетел мемлекеттерінің көшбасшылары және Қазақстан Президенті соңғы бірнеше айда Төмен байытылған уран банкін құруға қаты …
04.04.2016
Бұл мәлімдеме мемлекет басшысының Вашингтон қаласында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысуы барысында қабылданды. Құжатта тараптар ядролық қарудан ада әлем қалыптастыру туралы ұстанымдарын тағы да растады. *** Қазақстан мен Жапонияның Ядролық …
04.04.2016
Мемлекет басшысы Саммитке қатысу барысында бірқатар шетелдік делегациялар басшыларымен келіссөз жүргізді. Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесуде мемлекеттер басшылары ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық, білім беру сала …
04.04.2016
Саммит делегаттары алдында сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ядролық нысандар мен материалдар қауіпсіздігінің деңгейі ең жоғары мемлекеттердің алғашқы жиырмалығына кіретініне назар аударды. – Бізде ұлттық деңгейде нақты ядролық қауіпсіздік бойынш …
04.04.2016
Ү.ж. 19-20 ақпанда Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Дәулет Батырашев елдің оңтүстік-батысындағы ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық Тимиш өңіріне жұмыстық сапарын жасады. Тимиш өңірінің Сауда-экономикалық және ауыл шаруашылық палатасымен бірлесіп, Қаз …
23.02.2016
Astana Calling No.373 Astana Calling No.375
30.09.2014
2012 жылғы 16 қарашада Израиль мемлекеті мен Палестина арасындағы қақтығыстың күшейгеніне байланысты, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, ұрыстың нәтижесінде Қазақстан азаматтарының арасында қайтыс болған немесе зардап шеккендер жоқ екендігін, сонымен қатар әскери арпалыс болып жатқан аймақта еліміздің азаматтары тұрып жатпағандығын хабарлайды.
16.11.2012
2012 жылы 15 қарашада голландтық Гаага қаласында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Майнұр Мырзамадиева мен Гронинген қаласының Мэрі Питер Ревинкелдің кездесуі өтті.
15.11.2012
2012 жылдың 14 қыркүйегінде Варшаваның «Луна» кинотеатрында ҚР Елшілігінің көмегімен Польшадағы қазақстандық жастардың «Барыс» қоғамы ұйымдастырған қазақ киносының күндері ашылды.
14.11.2012
Құрметті әріптестер! 12 қараша күні Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 67-інші отырысы барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі Кеңесіне сайлау өтіп, Қазақстан Республикасы Азия-Тынық мұхит тобы атынан алғаш рет Кеңес мүшесі болып сайланды.
13.11.2012
12 қараша күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мадагаскар Республикасы Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Пьеро Раджаонаривелоны (Pierrot Jocelyn Rajaonarivelo) қабылдады. Кездесу екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқанына 20 жыл толуы аясында өтті.
12.11.2012
Бүгін «Орталық Азия + Жапония» диалогы аясында Сыртқы істер министрлерінің төртінші отырысы өтті. Біз Жапония мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым қатынастарының дипломатиялық қатынастары орнағанан бері 20 жыл ішінде барлық бағытта серпінді дамып келе жатқанын қанағаттана атап өттік.
10.11.2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы Қазақстан халқы атынан және жеке өз атынан құттықтады.
07.11.2012
Еліміздің сыртқы саяси өмірінде өткен апта Қазақстан мен Монако арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар тарихында алғаш рет Монако Билеуші Князі Альбер ІІ-нің Қазақстанға ресми сапарымен ерекшеленді.
05.11.2012
Брюссельде «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы мен Германия бастамасымен қабылданған ЕО Орталық Азия бойынша Стратегиясын жүзеге асыру нәтижелеріне арналған Берлин еуразиялық клубының үшінші отырысы болып өтті.
30.10.2012
19 қазанда Хельсинки қаласындағы Қазақстан Елшілігінде Елші Ғалымжан Қойшыбаевтың Финляндиядағы қазақ диаспорасы өкілдерімен бірінші кездесуі өтті. Елші Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығының қарқынды …
27.10.2012
Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам Ұйымы (ИСЕСКО) Ұйымының 2012 жылға арналған ғалым және технологиялар саласындағы сыйлығың М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің силикаттық технологияр және минералдық синтез кафедр …
27.10.2012
ҚР Варшавадағы Елшісі Ерік Өтембаев Польшаның вице-премьері-экономика министрі Вальдемар Павлякпен кездесу өткізді. Қазақстандық дипломат сұхбаттасын өзінің Польшадағы экономикалық өсімді ынталандырумен айналысатын арнайы мемлекеттік мекемелерінің басш …
27.10.2012
23 қазанда Цюрих қаласында Қазақстан мен Швейцария арасында Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа Кеңестің тең төрағалары «Қазатомпром» ҰАК» АҚ басқарма Төрағасы В.С.Школьник және «Stadler Rail Group» бизнес бірлестігінің Президенті …
27.10.2012
Ү.ж. 25 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтің Парижге жұмыс сапары барысында француз тарабымен екіжақты кездесулері, сондай-ақ Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) жанында аккредиттелген бірқатар ел делегацияла …
27.10.2012
Strada Crângului 13
Бухарест, сектор 1, 14104
Румыния
Код: +40
Телефон:31-107-1083
21-230-0865
Факс: 21-230-0866
е-mail: bucharest@mfa.kz
Консулдық бөлімі:
тел.: 31-107-1548
е-mail: consul.bucharest@mfa.kz