1. Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу;

2. Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі;

3. Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу;

4. Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу;

5. Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өту;

6. Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу;

7. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру;

8. Консулдық заңдастыру;

9. Кеме шетелде сатып алынған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру;

10. Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру;

11. Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт жасау;

12. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы «8» мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы «10» тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығы.