Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету тәртібі
Құжаттарды талап ету тәртібі ҚР Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 22 мамырдағы №08-1/1 және ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 28 маусымдағы №98 бірлескен Бұйрығымен бекітілген ережелері бойынша жүзеге асырылады (бұдан әрі – ережелер).
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік және азаматтығы жоқ шетелде тұратын тұлғалар Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне өтініш жасай алады.
Шет елдерден құжаттарды талап ету үшін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына арыздануы керек.
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету мерзімі үш ай және одан астам уақыт алады.
Шет елден және Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету үшін арызданушы келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
• Өтініш – 3 дана (№1 Қосымша),
• Талап ету туралы сауалнама – 3 дана (№2 Қосымша),
• Талап етілетін құжаттың көшірмесі (егер болса) – 3 дана.
• Жеке басты куәландыратын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі – 3 дана.
• Консулдық алым түбіртегінің түпнұсқасы.
 
Ережелердің 4 тармағына сәйкес, әскери билеттердің және қызметтік куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері шет мемлекеттердің аумағына шығаруға, әкетуге рұқсат берілмейді.
Сонымен қатар, ережелердің 16 тармағына сәйкес, талап ету жөнiндегi жеке тұлғалардың мынадай өтiнiштерi қанағаттандырылмайды:
• Азаматтық хал актiлерiнің тiркеу туралы қайталама куәлiктері, егер олар арызданушыға емес, басқа тұлғаларға рәсiмделсе;
• Егер неке бұзылған болса, неке қию туралы куәлiк (тиiстi анықтама берілуi мүмкiн);
• Қайтыс болғандардың туу туралы куәлiктерi.
 
Ереженің 3 тармағына сәйкес, азаматтар өтініш беру арқылы төмендегі көрсетілген құжаттарды талап ете алады:
• Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы құжаттарды (туу мен қайтыс болу туралы, неке қию мен неке бұзу туралы, бала асырап алу мен тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы және әке болуды анықтау туралы куәліктер).
• Әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы (еңбек стаждары, жалақылары, зейнетақылары, бiлiмдерi, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттаулары, негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшырау фактiлерi, азаматтардың және олардың мүлiктерiнiң тәркiленуi, әскери қызметi, еңбек армиясына қатысқаны туралы).
• Емделуде болғаны, кәсiби аурулары мен қайғылы оқиғалар туралы мәлiметтердi.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше жағдайлар белгіленбесе, ҚР-дың Салық заңнамасына сәйкес, консулдық алым төленуі тиісті.
Консулдық алым ставкалары әрбір мемлекет үшін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бөлек бекітіледі. Консулдық алым талап ету нәтижелерiне қатыссыз өндiрiлiп алынады.