онсулдық заңдастыру талаптарын жоятын халықаралық шарттар

 

Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенцияның қатысушысы болып табылады (Гаага конвенциясы, 1961ж.).
Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдарымен берілген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль). Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
2001 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 545 қаулысына сәйкес, апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдар ретінде мына мемлекеттік органдар белгіленді:
• Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
• Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
• Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
• Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi
• Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет
• Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі
• Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
• Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
• Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

Консулдық заңдастыру ережелері

 

Консулдық заңдастыру (бұдан әрі – заңдастыру) дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында оларға лауазым иесiнiң қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау және куәландыру болып табылады. Аталған тәртіп 2000 жылғы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің N 264 Бұйрығымен бекітілген Консулдық заңдастыру Ережелерiмен реттеледі.
Шетелде консулдық заңдастыру бойынша функцияларды Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерi атқарады.
Қазақстан Республикасында – Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi.
Консулдық қызмет департаментi шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шығатын құжаттар мен актiлердi, егер олар құжат шыққан шетел мемлекетiнiң шет елдік мекемесiнде алдын ала заңдастырылған болса және Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын және шетелде ұсынылатын құжаттар мен актiлердi заңдастырады.

 

Заңдастырылатын құжаттар мен актiлерге қойылатын талаптар

 

Құжаттар түпнұсқалы түрде де, сондай-ақ нотариалдық куәландырылған түрде де заңдастыру үшiн қабылданады. Егер шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктегi немесе шет елдік мекемедегi заңдастыру құжаттың мемлекеттiк тiлден немесе орыс тiлiнен шет тiлiне аудармасын берудi қажет етсе, консулдық қызмет департаментiндегi нотариалдық куәландырылған көшiрменi заңдастыру оның аудармасымен бiрге жүргiзiледi.
Сонымен қатар, құжаттарда міндетті түрде реквизиттері (нөмірі, күні, қойылған қол, мөр) болуы тиіс, олар өшіріп қайта жазусыз немесе толықтыруларсыз болуы тиіс, оларда сызылған сөздер және басқа да келісілмеген түзетулер болмауға тиіс, олар қаламсаппен орындалмауға тиіс. Құжаттың мәтіні таза және түсінікті, ал лауазымды тұлғалардың құжаттардағы қолы мен мөрдің баспа-таңбасы анық болуға тиісті. Көлемі бір парақтан асып кететін құжаттардың парақтары тігілуге, нөмірленуге және мөрмен бекітілуге тиіс.

 

Құжаттарды заңдастыру тәртібі

 

Құжаттарды заңдастыру сәрсенбі күн жүргізіледі . Құжаттарды қабылдау сағат 09:00 – ден 12:00 – ге дейін және құжаттарды беру, консулдың келісім бойынша.
Құжаттарды қабылдау және беру кезек тәртібімен.
Құжаттарды заңдастыру мерзімдері талап етілетін құжаттарды толық тапсырғаннан бастап 3 жұмыс күнін құрайды. Егер тапсырған құжат күдік туғызса немесе қосымша ақпарат қажет етілсе, осыған байланысты тиісті сұрау жасалынады. Қажетті ақпаратты алғаннан және тиісті тексеруді өткізгеннен кейін құжаттарды заңдастыруға болады.
Құжаттарды заңдастыру үшін өтінуші Министрлікке келесі құжаттарды ұсынады:
1. Өтініш (қосымша);
2. Жеке басын куәландыратын құжат (егер құжаттар басқа тұлғамен тапсырылса, құжаттарды тапсыруға құқық беретін өтінушінің атынан нотариалды куәландырған сенiмхат), ал заңды тұлғаларға оған қосымша заңды тұлғаның мүддесін көздейтін сенімхат;
3. Қазақстан Республикасында қолдануға бағытталған және шет мемлекеттердің ресми билік органдарының қатысуымен берілген құжат (көшірмесімен бірге);
4. Шет мемлекетте қолдануға бағытталған, қазақстандық ұйымдар мен мекемелер ресімдеген құжат (көшірмесімен бірге);
5. Мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек.
Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттік баж  банк BRD арқылы төленеді,  банк реквизиттері нөмірі EUR CONCULAR RO24 BRDE 445S V046 2463 4450.

Эта запись также есть в: Russian