Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

1971 жылы туған. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ политехникалық институтын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын бітірген. Дипломаттық дәрежесі – І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.

Халықаралық антиядролық қозғалысы «Невада-Семей» үйлестіру кеңесі Хатшылығының аудармашы-референті, «Поршень-комплект» өндірістік-коммерциялық орталығы директорының сыртқы экономикалық байланыстар бойынша орынбасары, ҚР Президенті Аппараты Халықаралық бөлімінің маманы, аға маманы, Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің атташесі, ҚР Сыртқы істер министрі Хатшылығының екінші, бірінші хатшысы, ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің көмекшісі, ҚР Сыртқы істер министрлігі Аппаратының Басшысы, Амстердам қаласындағы ҚР Бас Консулы, Нидерланды Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының уақытша сенімді Өкілі, Сыртқы істер министрлігі ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, ҚР Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің Кеңесші Уәкілі болып қызмет істеген.

2014 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Үйленген, үш баласы бар.

Эта запись также есть в: English, Russian, Romanian