Бөкей Ор­да­сының құры­луы (1801 ж.)

XVI­II ғ. соңы мен XIX ғ. ба­сын­да Кіші жүз қазақта­рының едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзен­дерінің сағасын­дағы жер­лерге көшіп бар­ды да 1801 жы­лы Ішкі не­месе Бөкей (өздерінің бірінші ха­ны Бөкейдің есімімен) Ор­да­сының негізін қала­ды. Ол Еділ мен Жайық өзен­дерінің ара­лығын­дағы әске­ри бекіністі шеп­тердің іш жағын­да ор­на­ласқан­дықтан «Ішкі» деп атал­ды. Ішкі Ор­да қазақта­рының ру­лық-тай­па­лық құра­мына адай, бай­бақты, беріш, жап­пас, есен­темір, ноғай, жетіру, масқар, сер­кеш, та­на қызылқұрт, ке­те, таз, төлеңгіт, ру – тай­па­лары енді.

Пат­ша үкіметі қазақтар­дың Жайық сыр­ты­на көшуіне рұқсат бе­ре оты­рып, қай­та қоныс­танды­ру мәсе­лесін ұйым­дасты­руды орыс тағына жан -тәнімен берілген, ше­кара­лық пат­ша ше­не­уніктерінің нұсқаула­рын екі ет­пей орын­дай­тын сенімді адамға тап­сы­руды мақұл көрді. Таңдау Әбілқайыр хан­ның не­мересі, Нұра­лы хан­ның ба­ласы Бөкей сұлтанға түсті. Пат­ша ше­не­уніктерінің си­пат­та­уын­ша Бөкей «жоғары мәрте­белі таққа шын берілген» адам болған. Көші-қон жұмыс­та­рын ұйым­дасты­ру ба­рысын­да Бөкей өз мүдде­лерін ұмытқан жоқ. Кіші жүз тағына оты­ру мүмкіндігі мен бе­делі жетіспей жүрген ол орыс би­ле­ушісінің сенімін пай­да­ланып, Жайықтың оң жағала­уын­да өз хан­дығының негізін қала­уды ни­ет етті.

Жаңа хан­дықты орыс жер­лері мен бекіністі шеп­тер жан-жағынан қор­шап тұрды. Жайық бойын­да – әске­ри шептің ка­зак­тар фор­пост­та­ры, солтүстігінде – Жаңа өзен шебінің фор­пост­та­ры, ба­тысын­да – тұз жол­да­рының бе­кет­тері мен Аст­ра­хан ка­зак әскер­лерінің тосқауыл от­рядта­ры, қал­мақтар жай­ла­ула­ры, оңтүстігінде – Кас­пий теңізінің жағала­ула­рын­дағы орыс қоныс­та­ры ор­на­лас­ты. Хан­дық шығыс­тан ба­тысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жер­лерді қам­ты­ды. Жайықтың ба­тыс жағала­уына көшіп барған қазақтар­дың кері қай­ту­лары­на рұқсат етілмеді.

1812 жыл­дың ба­сын­да пат­ша үкіметі Бөкейді «Ішкі қырғыз-қай­сақ ор­да­сының ха­ны» етіп рес­ми түрде бекітті.

1815 жылғы 12 ма­мыр­да ор­да­ның негізін қала­ушы Бөкей дүни­еден өтті. Ол көзі тірісінде-ақ хан атағын мұра ету құқығын өз ұрпақта­рына ғана бекітіп бер­ген еді. Өлер ал­дындағы өси­етінде хан­дық билігін сол кез­де 14 жас­тағы ба­ласы Жәңгірге қал­ды­раты­нын айтқан бо­латын. Жас Жәңгір кәме­лет­ке толған­ша ор­да­ны Шығай би­леді.

Жәңгір хан өкімет билігін қолға алған соң отар­шыл әкімшіліктің өзіне жүкте­ген міндет­теріне сай қазақтар­дың өмірі мен тұрмы­сының және дәстүрлі ел басқару жүйесінің кейбір бағыт­та­рына ба­тыл түрде өзгер­ту енгізе бас­та­ды. Жәңгір көшпелі ха­лықты оты­рықшы­лан­ды­ру мақса­тымен олар­дың егін егуіне жан-жақты қол­дау көрсетті. Орыс ху­тор­ла­ры мен де­рев­ня­лары­ның үлгісі бойын­ша тұрақты қоныс­тар са­луға көңіл бөлді. Жәңгір хан өз ор­да­сынан бас­тап ауыл­дарда мек­тептер, учи­лище­лер мен мешіттер аш­ты. Ол пат­ша өкіметі мен жергілікті қазақ ақсүйек­терінің мүдде­лерін ұштас­ты­ру са­яса­тын жүргізді.

1827 жы­лы На­рын құмы Жасқұс шатқалын­дағы қоныс­ты ор­да ор­та­лығы етіп жа­ри­яла­ды. Ол әле­уметтік-эко­номи­калық бағыт­та Ішкі Ор­да­да фе­одал­дық тәртіп ор­натты. XIX ғ. 30 ж. ор­та­сын­да Ішкі Ор­да­ның тұрғын­да­ры хан мен оның ай­на­ласын­дағылар пат­ша әкімшілігінің аяусыз қана­ушы­лығына ұшы­рады.

Иса­тай Тай­манұлы мен Ма­хам­бет Өтемісұлы бас­таған ша­ру­алар көтерілісі (1836–1838 жж.)

Қазақ халқының азат­тық күресінде Иса­тай Тай­манұлы мен Ма­хам­бет Өтемісұлы бас­таған көтерілістің маңызы зор.

Ішкі Ор­да­да көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жыл­да­ры бо­лып өтті. Қазақ ауыл­да­ры Орал­дың арғы жағына қай­та ора­ла бас­та­ды. Өткір жер да­уы, са­лықтық езгі, әле­уметтік қысым, отар­шылдық қанау 1836 жы­лы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі ба­тыр Иса­тай Тай­манұлы мен ақын Ма­хам­бет Өтемісұлы басқар­ды.

1836 жыл­дың ақпа­нын­да Ішкі Ор­да қазақта­рының Жәңгір ханға қар­сы ашық күресі бас­талды. Оған сыл­тау болған Иса­тай­дың хан ор­да­сына шақыры­луы еді. Ол ба­рудан бас тарт­ты және өзінің ауыл­да­рын қыс­та­удан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен ла­герін жи­нады.

Хан мен оның ай­на­ласын­дағылар жа­ла жа­буға көшті. Ба­рым­та кезінде біре­улер бақта­шы шал­ды өлтірген бо­латын. Қара­уылқожа жүргізген тер­геу ісі Иса­тай­дың және оның жақтас­та­рының өлімге қатыс­ты­лығын дәлел­де­уге ты­рыса­ды. 1836–1837 жыл­да­ры Жәңгірге қар­сы арыз-шағым­дар жа­зуды Иса­тай ха­лық ал­дында хан мен оның ай­на­ласын­дағылар­дың са­яса­тын әшке­релеу үшін пай­да­лан­ды. Иса­тай ха­лық көп жи­налған кез­де Ор­даға арыз тап­сы­рады, бұл арыз­ды хан 12 күннің ішінде қарас­ты­руға уәде бе­реді, бірақ еш­теңе де өзгер­мейді. Хан уәдесінен та­яды. 1837 жыл­дың ба­сын­да көтерілісшілердің қимы­лы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір хан­нан өзінің ай­на­ласын­дағылар­дың Балқы би мен Қара­уылқожа­ны шет­те­туді, билікті ру стар­шында­рының қолы­на бе­руді, сон­дай-ақ көтерілісшілер­ге қар­сы бас­талған бар­лық істерді тоқта­туды не­месе олар­ды би­лер со­тының құзы­рына бе­руді та­лап етті. Жәңгір хан қат­ты сас­ты. И. Тай­манұлы әкімшілікті хан­мен ара­дағы қақтығыс­ты бейбіт жол­мен ше­шуге бо­латын­дығына көздерін жеткізу­ге ты­рыс­ты. Бұл кез­де Орын­бор әкімшілігі мен хан асығыс түрде ка­зак әскерін, хан жа­сақта­рын жа­сақтай бас­та­ды. 15 қара­шада таң ал­дында Тастөбе елді ме­кенінде көтерілісшілер мен жа­зала­ушы­лар­дың ара­сын­да кескілес­кен соғыс бол­ды. Шайқас­та көтерілісшілер жеңіліп, ора­сан көп мал­да­ры қырыл­ды, он­даған адам қаза тап­ты. Бірақ аз­даған қосын­мен Жайықтың сол жағасы­на өтіп Иса­тай мен Ма­хам­бет құты­лып ке­теді.

Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасын­да жалғаса­ды. 1838 жылғы 12 шілде­де Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойын­да көтерілісшілердің жа­зала­ушы­лар­мен ке­зекті шайқасы өтіп, осы ұрыс­та Иса­тай мерт бо­лады.

Иса­тай мен Ма­хам­бет бас­таған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі ру­лар бол­ды. Қозғалыс­тың сти­хи­ялығы, нақты бағдар­ла­масы­ның бол­ма­уы, ұйым­шылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді.

Ма­хам­бет Өтемісұлы ха­лық көтерілісінде маңыз­ды рөл атқар­ды. Ол жа­лын­ды жыр­ла­ры арқылы ха­лықты пат­ша үкіметі мен отар­шы­лық билікті жақтаған хан­дарға қар­сы күрес­ке шақыр­ды.

Ке­неса­ры Қасымұлы басқарған ұлт-азат­тық қозғалыс (1837–1847 жж.)

Ор­та жүз қазақта­рының отар­шылдыққа қар­сы бағыт­талған бас көте­рулері 1822 жы­лы «Сібір қырғыз­да­ры ту­ралы жарғыдан» бас­та­лады. Осы күрес 1837 жы­лы жаз­да Абы­лай хан­ның не­мересі, Қасым­ның ба­ласы Ке­неса­ры бас­таған жаңа, қуат­ты бас көте­руге ұлас­ты.

Ке­неса­ры күресті екі май­дан­да – пат­ша­лық Ре­сей мен Ор­та­азиялық хан­дықтарға қар­сы, әсіре­се қазақ халқының бір бөлігін құлдықта ұстап отырған Қоқанға қар­сы жүргізу­ге шешім қабыл­дай­ды. Қару­лы көтерілістің ал­дында Қасым мен Ке­неса­ры та­рапы­нан Ор­та жүз жер­леріндегі бекіністер жүйесін алып тас­та­уды та­лап етіп, Сібір бас­шы­лары­ның аты­на хат­тар жа­зылған еді, бірақ олар жа­уап­сыз қал­ды.

1837жыл­дың көктемінде Ке­неса­ры азғана жа­сағымен Ақмо­ла ок­ругінің ше­кара­сына келіп жетті. Қазақтар оның ту­ының ас­ты­на жап­пай ағыла бас­та­ды. Же­келен­ген жа­сақтар­дың ба­сын­да Ке­неса­рының жақын ту­ыс­та­ры На­урыз­бай, Әбілғазы, Бо­пай ха­ным­дармен бірге ха­лық ба­тыр­ла­ры – Ағыбай, Жа­най­дар, Иман, Жо­ламан, Бұқар­бай тұрды. Көтерілістің алғашқы са­тысын­да өздерінің мүдде­лерін көзде­ген, Ке­неса­рыдан қорыққан орыс қыз­метіндегі сұлтан­дар мен би­лердің бір бөлігі де қосыл­ды.

Ке­неса­ры 1837 жы­лы жаз­да Чи­риков­тың жа­зала­ушы от­ря­дын талқан­да­ды, сөйтіп қол ас­ты­на Ақмо­ла, Көкше­тау, Қарқара­лы және Ба­янауыл ок­ругтерінің аумақта­рын қарат­ты. 1838 жыл­дың ба­сын­да бы­тыраған қазақ жа­сақта­ры Ке­неса­рының қол ас­ты­на бірігеді. Көктем­де ол Ба­тыс Сібірдің гу­бер­на­торы Гор­ча­ковқа Ре­сей өкіметінің са­яса­тына қар­сы ар­найы қар­сы­лық ха­тымен елшілік жібе­реді, қазақ жеріндегі бекініс пунк­ттерін жо­юды, тар­тып алынған жайылым­дарды қай­та­руды та­лап етеді. Сұлтан­ның жібер­ген өкілдерін жа­зала­ушы­лар ор­та жол­да ұстап ала­ды, бұдан кейін Ке­неса­ры Ре­сей­ге қар­сы бел­сенді қимыл­да­рын қай­та жалғас­ты­рады.

1838 жыл­дың жа­зын­да көтерілісшілер әскер стар­ши­насы Си­монов­тың от­ря­дын талқан­дай­ды. Ке­неса­рының жа­сағы Ақмо­ла бекінісінің түбінде шоғыр­ла­нады. 7 та­мыз­да бекініске қиян-кескі тіке ша­бу­ыл бас­та­лады, бар­лық құры­лыс­тар өртеліп жіберіледі. Бұдан кейін күз бойы қазақтар пар­ти­зан күресін жалғас­ты­рады, Ре­сей­ге жақтас сұлтан­дардың ауыл­да­рын то­нап және бай­ла­ныс то­рап­та­рын үзіп при­каз­дарға, пи­кет­терге және разъез­дерге жүйелі ша­бу­ыл жа­сай­ды. Күзде Ке­неса­рының ауыл­да­ры Жо­ламан ба­тыр бас­таған Кіші жүздің жа­сақта­рымен бірігу мақса­тын­да Торғай мен Ырғыз өзен­дерінің бойына өте бас­тай­ды.

1838 жыл­дың соңынан бас­тап Торғай мен Ырғыз аудан­да­ры қазақ жа­сақта­рының негізгі ба­засы­на ай­на­лады, ал Ке­неса­рының әскері Ор­та және Кіші жүздердің көпте­ген ру­ларын біріктіреді. Орын­бор әкімшілігі, жа­зала­ушы экс­пе­дици­яның еш нәти­жесіздігін көрген­нен кейін қазақтар­мен бітім жа­саса­ды. Пат­ша үкіметі та­рапы­нан 1840 жы­лы Ке­неса­рыға кешірім жа­сала­ды, оның ту­ыс­та­ры тұтқын­нан бо­саты­лып, орыс әскер­лерінің жа­залау жо­рықта­ры тоқта­тыла­ды, хан мен орыс әкімшілігінің ара­сын­да келіссөздер жүргізіледі.

1841 жы­лы қазақ мем­ле­кеттігінің қай­та жаңғыру­ына бай­ла­ныс­ты азат­тық күрестің жаңа са­тысы бас­та­лады. Ұлы­та­удағы қазақ ру­лары өкілдерінің кеңесі 1841 жы­лы жаз­да Ке­неса­рыны хан етіп сай­ла­ды. Ке­неса­ры хан ор­та­лық үкіметті нығай­туға және күресті жалғас­ты­ру үшін мықты тыл­ды құруға бағыт­талған бірқатар әкімшілік пен сот ре­фор­ма­ларын жүргізді. Хан маңын­да оның жақтас­та­ры кірген кеңесші ор­ган – Хан кеңесі құры­лады. Са­лық жи­науға, әске­ри дайын­дыққа, мәміле­герлік істер­ге жа­уап бе­ретін қыз­меттер ұйым­дасты­рыла­ды.

Хан­ның ерек­ше көмекшілері – жа­са­уыл­дар ел би­ле­уде хан­ның сенімді адам­да­ры бол­ды және хан бұй­рықта­рының орын­да­лу­ын қадағалап отыр­ды. Сот ісімен тек Ке­неса­рыдан рұқсат қағазы бар би­лер ғана ай­на­лыс­ты. Бар­лық көшпелі ел­ге «зе­кет», егіншілер­ге «ұшыр» са­лығы са­лын­ды. Ке­неса­рыға бағынған қазақ ру­лары орыс және қоқан қазы­насы­на төле­нетін са­лықтан бо­сатыл­ды. Хан өз әскерін қай­та құрды. Оның өз ар­тилле­ри­ясы бол­ды, қазақтар жа­яу әскер өнерін де иге­ре бас­та­ды. Тұтқынға түскен және қашқын сол­даттар мен офи­цер­лерден Ке­неса­ры орыс так­ти­касы­ның негіздерін үй­ренді. Ол әскердің ерек­шелік белгілерін және көзге түскен жа­уын­герлерді ма­рапат­тау жүйесін енгізді. Көтерілістің күшей­ген тұсын­да хан тәртіпті, жақсы үй­ретілген, жи­нақы 20 мыңға дейін же­тетін ат­ты әскер құра­ды.

Да­ладағы әске­ри қимыл­дар 1843 жы­лы қай­та жан­данды. Пол­ковник Би­занов­тың бас­шы­лығымен 5000 адам­нан тұра­тын от­ряд Са­хар­ная бекінісінен, басқа от­рядтар Ом­бы­дан, Қызыл­жардан (Пет­ро­пав­ловск) және Қарқара­лыдан шықты. То­был өзені жағынан пат­ша үкіметіне берілген сұлтан Ах­мет Жантөриннің қазақ жа­сағы да шықты. Ке­неса­ры шайқас­тарда Би­занов­тың от­ря­дын әбден ти­тықта­тып ба­рып, 1843 жыл­дың қыркүйегінде оны Орскіге шегіну­ге мәжбүр етті.

1845 жы­лы күзде орыс әскер­лері және пат­ша үкіметіне берілген аға сұлтан­дардың жа­сақта­ры Ке­неса­рының ауыл­да­рына жаңа ша­бу­ыл­да­рын бас­та­ды. Оңтүстікке шегіне оты­рып хан орыс әскер­лерімен күресін тоқтат­па­ды, алай­да негізгі күш Қоқан­мен соғысқа жұмыл­ды­рыл­ды. Ба­тыр Жанқожа Нұрмұха­медұлы­мен қосы­лып Ке­неса­ры Қоқан билігіндегі қазақ ру­ларын азат ете бас­та­ды. 1846 жы­лы қыс­та Ке­неса­ры жа­сақта­ры Іле өзеніндегі және Ала­тау ба­урайын­дағы Ұлы жүздің қоныс­та­рына келіп же­теді. Ке­неса­ры қырғыз ма­нап­та­рын Ре­сей мен Қоқанға қар­сы бірлесіп күре­суге шақыра­ды. Алай­да Ор­мон ма­нап бас­таған қырғыз­дар оның ұсы­нысы­нан бас тар­та­ды да, Ке­неса­рының билігіндегі ауыл­дарға ша­бу­ыл жа­сай бас­тай­ды. Үш май­дан­да – қоқан әскер­леріне, қырғыз­дарға және орыс от­рядта­рына қар­сы ауыр соғыс бас­та­лады.

1847 жы­лы Ке­неса­ры жа­сақта­ры қырғыз ше­кара­сына жақын­да­ды. Мұнда олар ора­сан зор қиын­дықтарға кез­десті. Жергілікті жерді білмеу, қырғыз­дармен ара­дағы жа­угершілік, қырғыз, қоқан және орыс от­рядта­рының біріккен әре­кет­тері жеңіліске се­беп бол­ды. Ке­неса­рының соңғы шайқасы Пішпек­ке та­яу жер­дегі Кекілі та­уын­да өтті. Тау ішінде қазақтар­ды қоқан және қырғыз әскері қор­шап ала­ды. Ке­неса­ры тұтқынға түседі. Өлім ал­дында ол тағы бір рет қырғыз ма­нап­та­рына жа­улықты тоқта­тып, ор­тақ жауға қар­сы бірігіп күре­су үшін күштерді біріктіруді ұсы­нады, алай­да бұл жо­лы да қырғыз ма­нап­та­ры оның ұсы­нысын қабыл­да­май­ды.

Ба­тыс-Сібір ге­нерал-гу­бер­на­торы Гор­ча­ков соғыс­та көзге түскен бар­лық қырғыз ма­нап­та­рын ма­рапат­тай­ды, ал Ке­неса­рыны өлтірген ма­нап Қалиғұл Әлібе­ков­ке құрмет ха­тын та­быс­тап, оны күміс ме­даль­мен ма­рапат­та­ды. Ке­неса­ры көтерілісі Ре­сей Отар­шылдығына қар­сы бағыт­талған қазақ елінің ең ірі бас көте­руі бол­ды. Көшпелілер он жыл бойы өз тәуелсіздігін, еркіндігін қорғап, мұздай қару­ланған Ре­сей әскерімен алы­сып, өз хан­дығын, соңғы ха­нын қорғады.

Сыр­да­рия қазақта­рының Жанқожа Нұрмұха­медов басқарған көтерілісі (1853–1858 жж.)

XIX ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да Сыр­да­рия бойын­дағы қазақтар­дың

әле­уметтік-эко­номи­калық жағдайы өте ауыр бол­ды.

Хи­уа және Қоқан фе­одал­да­ры Сыр­да­ри­яның төменгі ағысы бойын­дағы және Ырғыз, Торғай, Ем­ба өзен­дерінің аңғар­ла­рын­дағы қазақтар­ды өздеріне қара­туды көздеді. Олар бұл жер­лерге үнемі шапқын­шы­лық жа­сап отыр­ды. Сыр­да­ри­яның төменгі ағысы бойын­дағы Жаңада­рия және Қуан­да­рия алқап­та­рын ба­сып алып, бұл жер­лерде әске­ри бекіністер сал­ды, оған Арал маңын­дағы қазақтар­ды күштеп пай­да­лан­ды. Хи­уа хан­дығы жергілікті ха­лықтар­дан алым-са­лық жи­нап отыр­ды. Сөйтіп, қазақтар тек өз фе­одал­да­рына ғана емес, сон­дай-ақ Хи­уа және Қоқан би­ле­ушілеріне де зе­кет және ұшыр төледі. Алым-са­лық жи­нау үшін олар әске­ри күштерді пай­да­лан­ды.

Хи­уа және Қоқан хан­дықта­рының үстемдігіне қар­сы Сыр­да­рия қазақта­ры көтеріліске шыға бас­та­ды. Мұндағы қазақтар­дың көтерілісін Әлім ру­ынан шыққан Жанқожа Нұрмұха­медұлы (1780–1860жж.) басқар­ды. Шекті руы бас­шы­лары­ның бірі – Жанқожа жай қара­пайым ха­лық ара­сын­да бе­делді әрі мақсат­кер ба­тыр ретінде даңққа бөленді. Жанқожа Сыр­да­рия бойы қазақта­рының, со­ның ішінде егінші бұқара­ның өте күшті отар­шылдық езгіге түскендігін түсінді. Сон­дықтан Сыр бойы қазақта­рының бос­тандығы және хи­уалықтар­дың оз­бырлығына қар­сы күрес­те ба­тыр өзінің жа­сақта­рын құрды. Оның жа­сақта­ры бұған дейін 1838 жы­лы Ке­неса­ры сар­базда­рымен бірге Со­зақ қама­лын қамауға қаты­насқан бо­латын. 1842 жыл­дың күзінде Жанқожа­ның әскері Хи­уаның ірі бекінісі Бесқала­ны қира­тып, қала ко­мен­данты Ба­бажан­ды өлтірді. 1843 жы­лы Жанқожа ба­тыр­дың жа­сақта­ры Қуан­да­рия бойын­дағы хи­уалықтар тұрғызған қамал­ды талқан­да­ды, ал 1845 жы­лы осы қамал­ды қай­та­дан қал­пы­на келтіру үшін жіберілген екі мың хи­уа шоғыр­ла­рын талқан­дап жеңді. 1853 жы­лы орыс әскер­лері Ақмешітті ба­сып алып, жаңадан Сыр­да­рия әске­ри желісі пай­да бол­ды.

Алым бар­лық ха­лықтар­дан бірдей алын­ды. Ірі бай, ор­та­ша, ке­дей – бәрі бірдей мөлшер­де, яғни әр шаңырақ төлеп отыр­ды. Сыр­да­рия бойын­дағы ше­кара­лық өкімет Райым және Қаза­лы әске­ри қамал­да­рын са­лу үшін мыңдаған қазақ ша­ру­ала­рын ай­дап келіп, еріксіз жұмыс істетті. Әске­ри қару-жа­рақтар және азық-түлік та­су үшін де қазақтар­ды күштеп қыз­метке тарт­ты. Қазақ еңбекшілері екі түрлі қана­удың пат­ша өкіметі және жергілікті өз фе­одал­да­рының тепкісін бас­тан кешірді.

Орыс отар­ла­ушы­лары­на қар­сы Сыр қазақта­рының көтерілісі 1856 жы­лы жел­тоқсан айын­да бас­талды. Көтерілістің бас­та­лу­ының се­беп­тері қазақтар­дың еріксіз жұмыс­тарға жегілуінде, жол­ды пай­да­лану­дағы, ке­ру­ен­дерге қыз­мет көрсе­тудегі ауыр са­лықтар, сон­дай-ақ пат­ша өкіметінің қоныс ауда­рушы­лық са­яса­тын­да жат­ты. Бұл көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы меңгер­ген әске­ри әдісін қол­данды, ол 1856 жыл­дың аяғын­да Қаза­лы фор­тын қор­шауға ал­ды. Бұған дейін көтерілісшілер ка­зак-орыс тұрған Сол­датс­кая сло­бода по­селкісін жой­ды.

1856 жы­лы 19–23 жел­тоқсан ара­лығын­да көтерілісшілер то­бы пат­ша әскер­лерінің майоры Бу­латов қол­басшы­лық ет­кен екінші бір от­рядпен шайқас­ты.

Көтерілістің кеңінен та­ралуы Орын­бор ге­нерал-гу­бер­на­торы әкімшілігін қат­ты сас­тырды. Оның бұй­рығымен көтерілісті ба­су үшін Ақмешіттен ге­нерал-майор Фи­тин­гоф бас­таған әске­ри топ жіберілді. Көтерілісшілер­мен ше­шуші шайқас 1857 жы­лы 9 қаңтар­да Қаза­лыға жақын жер­дегі Арықба­лық ме­кенінде жүрді. Жанқожа сар­базда­рының ша­бу­ылы сәтсіздікпен аяқта­лып, аман қалған­да­ры бы­тырап та­рап кетті. Ауыр жа­раланған Жанқожа­ны сар­баздар шайқас болған жер­ден алып шығып, қауіпсіз жер­ге жа­сыр­ды.

Көтерілістің жеңілуінің бас­ты се­бебі, оның же­те ұйым­даспағаны және ол кез­де күшті қару­ланған пат­ша әскер­леріне, ешқан­дай зеңбірегі, ата­тын мыл­тығы да жоқ, қазақ жа­сақта­рының қар­сы тұруы мүмкін емес еді.

Көтерілістен кейін Жанқожа­ның өзі ха­лықтан бөлініп, тек бидің қыз­метін атқар­ды, кейін оны жа­ула­ры опа­сыз­дықпен өлтірді. Бірақ осыған қара­мас­тан Жанқожа Нұрмұха­медұлы басқарған 1856–1857 жыл­да­ры болған Сыр­да­рия қазақта­ры көтерілісінің та­рихи маңызы өте зор. Өй­ткені, ол пат­ша өкіметінің отар­лау са­яса­тына қар­сы ха­лық-азат­тық қозғалыс еді.

XIX ғ. Қазақстан­дағы эко­номи­калық қаты­нас­тар

XIX ғ. екінші жар­ты­сын­да Ре­сейдің ка­пита­листік өнеркәсібі мен Қазақстан­дағы ауыл­ша­ру­ашы­лық өндірісі ара­сын­дағы қаты­нас күшейді. Са­уда және өсімқор­лық ка­пита­лы Ре­сейдің ор­та­лық гу­бер­ни­яла­ры мен Қазақстан ара­сын­дағы ғана емес, со­нымен бірге өлкенің өз ішінде де та­уар ай­на­лысы­ның өсуін шап­шаңдат­ты. Қазақ ша­ру­ашы­лығының ры­нок­пен бай­ла­нысы­ның ұлғаюына пат­ша өкіметінің са­лық са­яса­ты үлкен ықпал жа­сады. Қазақтарға ақша­лай көпте­ген са­лықтар­дың са­лынуы, олар­дың өнімдерінің бір бөлігін ры­нок­тар арқылы са­удаға са­луға мәжбүр етті. Мал мен ас­тық барған сайын та­уарға ай­нал­ды.

70–80 жыл­дарда Ре­сей­де фаб­ри­калық тоқыма өндірісінің шап­шаң өсуімен бай­ла­ныс­ты Қазақстан ба­зар­ла­рына Ре­сей­ден ма­та көп ке­летін бол­ды. Со­нымен бірге күнделікті тұрмыс­та қол­да­ныла­тын бұйым­дар (са­ма­уыр, қазан, шалғы, орақ, кет­пен, ошақ, бал­та, пы­шақ, т. б.) көтеріңкі бағамен са­тыл­ды. Қазақстан бұл та­уар­ларға айыр­басқа мал мен мал ша­ру­ашы­лығын­да өндірілетін шикізат берді. Қазақ халқы айыр­бас шар­ты­ның қан­дайына бол­са да келісу­ге мәжбүр бол­ды, өй­ткені ол өзіне қажетті та­уар­ларды еш жер­ден са­тып ала ал­май­тын еді және ша­ру­ашы­лығының ар­тық өнімдерін тиімді өткізе ал­ма­ды.

Ре­сей са­уда­гер­лері Қазақстан­да са­уда­ның жаңа түрін – жәрмеңкелік са­уда­ны енгізді. Қазақстан­дағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жы­лы Бөкей ор­да­сын­да Хан ор­да­сы жа­нынан ашыл­ды. Кейіннен Ақмо­ла об­лы­сы Тайын­шакөл, (Пет­ро­павл маңын­да), Конс­тан­ти­новск (Ақмо­ла), Пет­ровск (Ат­ба­сар­да) және 50 ден ас­там ұсақ және ор­та­ша жәрмеңке­лер жұмыс істеді. 1848 жы­лы Қарқара­лы уезіндегі Қоян­ды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Се­мей об­лы­сы), Қарқара (Жетісу), Әули­еата (Сыр­да­рия об­лы­сы), Ойыл, Темір (Орал об­лы­сы) жәрмеңке­лері жұмыс істеді.

Қазақстан­да са­уда ка­пита­лының пәрменді түрде енуімен өлке­де са­уда­ның тұрақты фор­ма­лары: дүкен­дер, көтер­ме са­уда қой­ма­лары көбейді.

XIX ғасыр­дың 80–90 жыл­да­рын­да Қазақстан­да өсімқор­лық са­уда жап­пай та­раған кез еді. Өлке­де та­уар ай­на­лымы өскен сайын өсімқор­лықпен қатар, банк­тер мен басқа да кре­дит ме­кеме­лері бе­ретін қарыз­дардың ка­пита­листік фор­ма­лары орын ала бас­та­ды.

Қазақстан­да ка­пита­листік түрдегі са­уда-сат­тықтың күшеюі жергілікті са­уда бур­жу­азиясы­ның қалып­та­су­ына үлкен әсерін тигізді. Осы кез­де, Қазақстан­да 30дан ас­там қала­лар мен 400 ка­зак-орыс по­сел­ка­лары пай­да бол­ды. Қала­лар­да әске­ри адам­дар, құрметті аза­мат­тар мен са­уда­гер­лер, қазақ ұлықта­ры тұрды. Қала халқының көпшілігі ке­дей­лен­ген ша­ру­алар мен май­да кәсіпо­рын­да­рының жұмыс­шы­лары бо­латын.

XIX ғасыр­дың аяғын­да Ре­сей ка­пита­лис­тері Қазақстан­да өнеркәсіп өндірісін ұйым­дасты­рып, мұнда өздерінің қар­жы­ларын әке­ле бас­та­ды. Жер мен шикізат ар­зан еді, жұмыс­шы­лар­дың жа­лақысы төмен бол­ды. Мұның өзі банк ме­кеме­лерінің ашы­лып, олар­дағы ақша ай­на­лым қаты­нас­та­рын күшей­тті. 1871 жы­лы Қазақстан­да алғашқы ашылған банк­тердің бірі – Пет­ро­павл­дағы негізгі ка­пита­лы 40 мың сом бо­латын қала­лық қоғам­дық банк еді. 1875 жы­лы Таш­кент­те Мем­ле­кеттік банк бөлімшесі құрыл­ды.

Та­биғи қаз­ба бай­лықтарға өте бай Қазақстан­да кен өндіру өнеркәсібі өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңыз­ды са­ласы бо­ла бас­та­ды. 1896 жы­лы бір ғана Қарқара­лы уезінде 70-ке жуық шағын мыс, 170 күміс-қорғасын, 3 темір т. б. руд­никтері жұмыс істеді. XIX ғасыр­дың аяғын­да Жайық өзені мен Кас­пий теңізі жағала­уын­да ба­лық аулау кәсіпшіліктері ка­пита­листік кәсіпо­рын­дарға ай­нал­ды. Шым­кент пен Түркістан­да негізінен мақта та­залай­тын бірне­ше за­уыт істеп тұрды. Арал теңізінде, Пав­ло­дар уезіндегі Қара­бас көлінде, Орал об­лы­сы Басқұншақ кәсіпшілігінде тұз кен орын­да­ры ашыл­ды.

XIX ғ. 70-ші жыл­да­ры ішкі Ре­сей­ден Қазақстанға темір жол тар­ты­ла бас­та­ды. 1874–1876 жыл­да­ры Орын­бор темір жо­лы са­лынып, ол Торғай об­лы­сы мен Орын­борды Ор­та­лық Ре­сей­мен жалғас­тырды.

Со­нымен, ка­пита­листік қаты­нас­тардың қазақ да­ласы­на енуі өлке­де негізінен мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лысқан көшпелі және жар­ты­лай көшпелі ха­лықтың пат­ри­ар­халдық-фе­одал­дық қаты­нас­та­рының ыды­рау про­цесін же­дел­детті. Ел­де өнеркәсіптің жаңа са­лала­рын ту­ын­да­тып, қоғам­дық еңбек бөлінісіне және жұмыс­шы та­бы кадр­ла­рының шығуына се­бебін тигізді.

Қазақстан­дағы XIX ғ. 60–90 жж. әкімшілік-са­яси ре­фор­ма­лар

1867–1868 жж.

1865 жы­лы үкімет Қазақ да­ласын басқару ту­ралы «Ере­женің» жо­басын да­яр­лау үшін Да­лалық ко­мис­сия құрды. Оның құра­мына Ішкі істер ми­нистрліктің және жергілікті ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтар­дың өкілдері кірді. Ре­сей Қазақстан­ды басқару­дың бұрынғы жүйесін түбірімен қай­та құру міндетін алға қой­ды. Ре­фор­ма­ны да­яр­лау кезінде қалың бұқара­ның көңіл күйі на­зарға алын­ба­ды. Ш. Уали­ханов Қазақстан­да ха­лықтың өзін-өзі басқару­ына негіздел­ген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсын­ды. «Сот ре­фор­ма­сы жөніндегі жаз­ба­ларын­да» ол қазақ халқы үшін әле­уметтік-эко­номи­калық жаңашыл­дықтар­ды аса маңыз­ды деп есеп­теді.

1867 жы­лы на­урыз­да Қазақ жерін, Ор­та Азия өлкесін әкімшілік басқару ре­фор­ма­сының жо­басын түпкілікті құрас­ты­ру үшін әске­ри ми­нистр Д. А. Ми­лютин бас­таған ерек­ше ко­митет құрыл­ды. Нәти­жесінде II Алек­сандр пат­ша 1867 жы­лы 11 шілде­де «Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені», 1868 жылғы 21 қазан­да «Орын­бор және Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықта­рының Да­ла об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені» бекітті.

1867–1868 жыл­да­ры ре­фор­ма­ның негізгі мақса­ты «Қазақ да­ласы­ның XIX ғасыр­дағы Ре­сейдің басқа да бөліктерімен то­лық қосы­лу­ына қол жеткізу, Ре­сейдің қол ас­тындағы ха­лықтар­ды бір басқар­ма­ның ас­ты­на біріктіру, жергілікті ақсүйек­терді биліктен шет­те­ту, ру­лық бас­та­малар­ды әлсіре­ту» бол­ды.

Ре­фор­ма­ның негізінде Қазақстан аумағы үш ге­нерал-гу­бер­на­тор­лыққа: Түркістан, Орын­бор және Ба­тыс Сібір, әрбір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лық об­лыстарға бөлінді. Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да 6 об­лыс құрыл­ды, олар­дың екеуі – Жетісу мен Сыр­да­рия об­лыста­ры Түркістан, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­ры Ба­тыс Сібір, ал Орын­бор мен Торғай об­лыста­ры Орын­бор ге­нерал– гу­бер­на­тор­лықта­рының құра­мына кірді. Әрбір об­лыс белгілі бір ша­мадағы уез­дерден тұрды.

Әкімшілік басқар­ма әске­ри си­пат­та бол­ды. Об­лыстар­дың ба­сын­да бар­лық әске­ри және аза­мат­тық билікті то­лығымен өз қол­да­рын­да шоғыр­ландырған әске­ри гу­бер­на­тор­лар тұрды.

1868 жылғы «Да­лалық об­лыстар­ды басқару» бойын­ша және 1867 жылғы Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару жөніндегі «Уақыт­ша Ере­же» бойын­ша бо­лыс­тық басқар­ма­ның қолы­на по­лици­ялық және нұсқау та­рату­шылық биліктер берілді. Ол «ты­ныш­тық пен тәртіпті» сақта­уды, са­лық төле­уді және ха­лықтың бар­лық міндет­керліктерін өтеуін бақыла­ды. Оның міндетіне би­лер со­тының шешімін орын­да­ту кірді. Ауыл стар­шында­ры өзінің құзы­рын­да бо­лыс­тық басқар­ма­лар­дың міндет­терін орын­да­ды.

«Уақыт­ша Ере­женің» 210-тар­мағына сәй­кес Қазақ жері Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның меншігі бо­лып жа­ри­ялан­ды. Сұлтан­дардың бар­лық әле­уметтік-са­яси және мұра­герлік құқықта­ры жойыл­ды, ел билігі орыс ше­не­уніктерінің қолы­на шоғыр­ланды.

Ескі эко­номи­калық және иде­оло­ги­ялық жағынан тұтас, ту­ыс­тыққа негізде­ле біріккен әкімшілік-ру­лық ұжым­дардың ор­ны­на «Уақыт­ша Ере­жені» енгізудің нәти­жесінде жа­сан­ды бірліктер пай­да бол­ды. Осы­ның бәрі қоғам­дық билік жүйесінің дәстүрлі ба­засы­на әсер етті. Сон­дықтан тоқырауға ұшы­рады, оның маңызы, бе­делі және қажеттілігі төмен­деді.

1886–1891 жж. әкімшілік ре­фор­ма­лар.

1886 жыл­дың 2-ма­усы­мын­дағы Түркістан өлкесін басқару ту­ралы ере­же. III Алек­сандр пат­ша­ның Түркістан өлкесін басқару ту­ралы 1886 жылғы 2 ма­усым­да қол қойған Жар­лығы кең-бай­тақ өлкені басқару­дың бүкіл құры­лымы­на ре­фор­ма жа­са­уды бас­тап берді. Жаңа ере­жеге сәй­кес Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығына үш об­лыс: Сыр­да­рия, Ферғана, Са­марқанд кіргізілді. Кейінірек­те, 1897 жы­лы, Жетісу об­лы­сы да жаңа ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтың құра­мына берілді. Об­лыстар­дың билігі әске­ри гу­бер­на­тор­ларға берілді. Ха­лық са­ны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шар­шы шақырым бо­латын, көршілес Жетісу об­лы­сы 6 уез­ден: Вер­ный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Прже­валь­ский және Жар­кент уез­дерінен тұрды.

1886 жылғы Ере­женің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мем­ле­кеттің меншігіне бе­ру бол­ды, ол қазақтар­дың эко­номи­калық әл-ауқаты­ның негізгі ны­саны – мал ша­ру­ашы­лығына ора­сан нұқсан келтірді. Жерді мем­ле­кеттік меншік деп жа­ри­ялап, жергілікті ха­лықты жерін бей­мерзім жалға бе­рушілер деп қараған үкімет, соңғыла­рына «мал жаюға, то­пырақ және тас, бал­шық жи­науға» құқық бе­ре оты­рып (253-бап), но­мад­тардан құнар­лы алап­тардың алып қойылу­ын тез­детті, ол XX ғасыр­дың ба­сын­да сто­лыпиндік аг­рарлық ре­фор­ма­лар­дың жүргізілуімен аяқтал­ды. 1886 жылғы Ере­женің отар­шылдық бағыты са­лық жүйесінен де өз көрінісін тап­ты. Ол 1867 жылғы Уақыт­ша ере­женің бап­та­рын қай­та­лады; әр түрлі міндет­керліктердің көлемін көбей­тті. Мы­салы, шаңырақ алы­мы 4 сомға дейін көбейтілді. Сот құры­лымын­дағы өзгерістер Ере­жеде көрсетілген жаңалықтар­дың іске асы­рылу­ын заң тәртібімен қам­та­масыз ету­ге тиіс бол­ды және ол ры­нок­тық қаты­нас­тарға тар­тылған әле­уметтік жіктердің мүдде­лерін қорғауды көздеді. Негізгі үш сот инс­тан­ци­ясы – бітістіруші судья, об­лыстық сот және үкіметтік Се­нат отар­шылдық тәртіптер енді ғана ор­ныға бас­таған жағдай­лар­да қоғам­ның тіршілігін құқықтық жағынан қам­та­масыз етуді рет­те­ген бұрынғы заң ере­желерін жоққа шығар­ды.

1891 жыл­дың 25 на­уры­зын­дағы Да­лалық об­лыстар­ды басқару ту­ралы ере­же. Өңде­уші өнеркәсіптің ұлғаюы, кен өндіретін өнеркәсіптің бірша­ма тез да­муы, жаңа темір жол желілерінің са­лынуы, ур­ба­низа­ция үрдісі, жұмыс­шы та­бының қалып­та­суы – осы­ның бәрі жи­нақтап алған­да әле­уметтік-эко­номи­калық фак­торлар­дың бүкіл жүйесінің өзге­руіне әкеп соғып, Қазақстан­ды отар­лық шет ай­маққа ай­нал­дырды, барған сайын нығайып ке­ле жатқан ры­нок­тық кәсіпкерлікті заң арқылы қам­та­масыз етті.

Ерек­ше Ко­митеттің пікірі бойын­ша, «бірінші алғашқы ере­женің» бар­лық өзгерістері «оның уақыт­ша си­патын жоюға» және оны жүзе­ге асы­ру ба­рысын­да «іс жүзінде кез­дестірілген» ала­уыз­дық ата­улы­ны неғұрлым «дәл ре­дак­ци­ялау» арқылы жоюға, сон­дай-ақ «им­пе­ри­яның басқа бөлімдеріне неғұрлым қолай­лы ке­луі мүмкін негіздер­де» басқару және сот жүйесін да­мытуға, то­лықты­руға тиіс бол­ды. Ұсы­нылып отырған «Ере­же» ка­пита­лизмнің «кеңейе» да­му­ына бай­ла­ныс­ты өзгерістерді ес­ке­ру негізінде Қазақстан­дағы Ре­сей әске­ри-әкімшілік өкіметін ор­нықты­ру үрдісін аяқтауға тиіс бол­ды. Со­нымен, 1891 жыл­дың 25 на­уры­зын­дағы пат­ша жар­лығын Қазақстан­ның әр түрлі тілде сөй­лейтін халқының өмірін қай­та құруға ны­сана­лы түрде жа­салған әре­кет деп қарау ке­рек. Жаңа ре­фор­ма­ны қабыл­дау уақыты им­пе­рия халқының са­яси бел­сенділігінің жан­да­ну­ымен, азат­тық қозғалы­сының өрістеуімен ерек­ше­ленді. Об­лыстар­ды басқару жүйесі тәртіпке келтірілді: пат­ша­ның қала­уы бойын­ша ар­на­улы «пат­ша жар­лығымен» тағайын­да­латын және бо­саты­латын, да­лалық ге­нерал-гу­бер­на­торы­на бағына­тын Ақмо­ла, Се­мей және Жетісу об­лыста­рының Бас басқар­ма­лары құрыл­ды. Ге­нерал-гу­бер­на­тор қай­тыс болған не­месе қыз­метінен бо­сатылған, яки ауырған жағдай­лар­да, егер бұл орай­да оның міндетін атқару­ды им­пе­ратор басқа адамға тап­сырма­са, оның міндет­терін жергілікті әске­ри гу­бер­на­тор­лықтың қыз­мет бойын­ша дәре­жесі үлкені уақыт­ша атқар­ды.

1891 жылғы ере­жеде да­лалық об­лыстар­дағы сот құры­лысы­на еле­улі то­лықты­рулар мен нақты­ла­улар жа­сал­ды. Ең ал­ды­мен он­да «Уақыт­ша ере­женің» көшпелілерді де, оты­рықшы­лар­ды да Ре­сейдің ішкі гу­бер­ни­яла­рының се­лолық тұрғын­да­рына теңестіру ту­ралы ба­бы нығай­тыл­ды.

Үкіметтің бұрынғы сот жүйесін қат­ты өзгер­туіне се­беп болған негізгі міндет ис­лам ша­риғатын уағыз­да­ушы би­лерді және құқықтық жүйені ығыс­ты­рып шығару, олар он­даған ғасыр­лар бойы пай­да­ланып кел­ген жеңілдіктерді жою бол­ды. Жаңа ере­же би­лер со­тын жойып, ха­лық со­ты де­ген жал­пы ата­умен құқықтық құры­лыс­тың жаңа құры­лымын енгізді.

1891 жылғы Ере­женің 119-ба­бын­да ел ме­кен­дейтін де, ме­кен­де­мейтін де бүкіл жер қоры­ның мем­ле­кеттік меншік деп жа­ри­яла­нуы заңдас­ты­рыл­ды, ал жазғы жай­ла­улар дағды бойын­ша көшпелілердің пай­да­лану­ын­да қал­ды­рыл­ды; кен кәсіпшілігіне ар­налған қысқы қыс­та­улар­дағы жер­лер жалға берілді. Жал­пы алған­да 1886–1891 жыл­дардағы Ере­же XIX ғасыр­дың аяғын­дағы Қазақстан­ның әле­уметтік-эко­номи­калық да­му жағда­ят­та­рын көрсе­те оты­рып, XIX ғасыр­дың 20-жыл­да­рының өзінде-ақ бас­талған жаңалықтар­дың жалғасы және аяқта­ушы ке­зеңі бол­ды.

Ұйғыр­лар мен дүнген­дердің қоныс ауда­руы

Жетісу­да егіншіліктің да­му­ына XIX ғасыр­дың 70–90 жыл­да­рын­да Шығыс Түркістан­нан қоныс аударған ұйғыр­лар мен дүнген­дер ықпал етті. Қоныс­танды­ру екі ке­зеңде бол­ды. Бірінші ке­зеңде 1877 жы­лы Тоқмақ ауда­нына (Солтүстік Қырғызс­тан) шэнь­си дүнген­дерінің бір то­бы келді, 1881–1883 жыл­да­ры, Санкт-Пе­тер­бург шар­ты­на сәй­кес, Іле өлкесінен ұйғыр­лар мен дүнген­дердің негізгі көпшілігі қоныс аудар­ды.

Қоныс­та­нушы­лар­дың жаңадан 5 бо­лыс: Жар­кент және Кет­пен (қазіргі Пан­фи­лов ауда­нының аумағын­да), Ақсу-Ша­рын (Ұйғыр ауда­нын­да), Ма­лыбай (Ше­лек ауда­нын­да), Қара­су (Еңбекшіқазақ ауда­нын­да) бо­лыс­та­ры құрыл­ды.

Жетісу­да ең жақсы жер­лер ка­зак­тардың пай­да­сына тар­тып алы­нып қойған­дықтан, ұйғыр­лар мен дүнген­дер қол­дан су­лан­ды­рыл­майын­ша егіншілікке он­ша жа­рам­ды бол­маған учас­ке­лер ал­ды. Об­лыстың се­ло халқын жер­ге ор­на­лас­ты­ру жөнінде 1882 жы­лы Жетісу об­лыстық басқар­ма­сы белгіле­ген ере­желер негізінде дүнген­дер мен ұйғыр­лар әрбір ер­кек адамға 10 де­сяти­надан жер алуға тиісті еді. Алай­да 1885 жы­лы қоныс­та­нушы­ларға үлесті жер бөліп бе­ру қолға алынған кез­де, әрбір ер­кек адамға 4–5 де­сяти­надан ғана жер бөлініп беріліп, 1892 жыл­дың 1 қаңта­рынан бас­тап об­роктық алым – са­лық са­лына­тын бол­ды.

Се­лодағы және қала­дағы ұйғыр мен дүнген ха­лықта­ры өздерінің әкімшілігі, мешіті және оны басқара­тын дінба­сы бар қауым­дарға бөлінді.

Қоныс­та­нушы­лар­дың ке­дей­лен­ген бөлігі алғашқы кез­дерде өздеріне берілген үлесті жердің шағын учас­ке­лерін ғана иге­ре ал­ды. Со­ның нәти­жесінде қауым­дар ішінде өзінше бір арен­да­лық қаты­нас­тар қалып­та­сып, қауым­ның ке­дей мүше­лері өздерінің үлесті жер­лерін не­месе олар­дың едәуір бөлігін қауым­ның әлді мүше­леріне беріп отыр­ды, ал өздері «арен­да­тор­ларға» күнделікті жұмыс­шы­лар (мердігер­лер) ретінде өнімнің бір бөлігін ала­тын бо­лып жал­данды. Бұл үлесті жер­лер фор­маль­ды жағынан әлі де бұрынғы иелерінің атын­да бо­лып қалғаны­мен, іс жүзінде олар жаңа қожайын­дардың то­лық иелігіне көшетін.

Сөйтіп, қауым­дардың жоғары бай топ­та­ры, дінба­сылар және дүнген, ұйғыр қауым­да­рының се­лолық әкімшілігінің өкілдері қауым­ның көпте­ген мүше­лерінің үлесті жер­лерін өз қол­да­рына шоғыр­ланды­рып, ірі жер иелеріне ай­нал­ды.

Қауым­дық жер­лердің се­ло бай­ла­рының қолы­на шоғыр­ла­ну­ына дүнген­дер мен ұйғыр­лардың шет кәсіпке ке­туі де се­бепші бол­ды. Алған жер­лері құнар­сыз бо­лып, жұмыс көлігі мен ауыл ша­ру­ашы­лық құрал­да­ры бол­маған ке­дей­лер алым-са­лықтар төлеу жөніндегі жеңілдік берілген мерзім біткен­нен кейін мүлдем күй­зелді, өздерінің үлесті жер­лерін жап­пай тас­тап, қала­ларға жал­да­ма жұмыс­шы және ауыл ша­ру­ашы­лық ба­тырақта­ры бо­лып та­быс іздеп кетті.

Дүнген­дер мен ұйғыр­лар өздерімен бірге Жетісуға жа­сан­ды жол­мен су­лан­ды­рыла­тын егіншіліктің қалып­тасқан дәстүрлерін әкелді. Дәнді дақыл­дар ішінде би­дай ба­сым бо­лып, жердің жар­ты­сынан ас­та­мына би­дай егілді.

Ұйғыр­лар сон­дай-ақ мақта өсіру­мен және ішіна­ра жібек құртын өсіру­мен де ай­на­лыс­ты. Дүнген­дер мен ұйғыр­лар май дайын­дау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Кейіннен те­мекі өсіріп, оны жергілікті ры­нок­та тиімді етіп өткізе бас­та­ды.

Жетісу­да қоныс ауда­ру қоныс­танды­рушы­ларға да әсер ет­пей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғыр­лар мен дүнген­дер ша­ру­ашы­лығын­да ағаш са­бан­дар мен басқа да до­бал құрал-сай­ман­дар қол­да­нылып кел­се, енді олар темір соқалар­ды, тыр­ма­лар­ды, се­ял­ка­лар­ды, т. б. пай­да­лана­тын бол­ды, жаңа ауыл ша­ру­ашы­лық дақыл­да­рын: сұлы, те­мекі, кар­топ, по­мидор және басқала­рын егуді игерді. Байырғы ха­лықтар – қазақтар мен қырғыз­дардың әсерімен дүнген­дер мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыса бас­та­ды.

Ұйғыр­лар мен дүнген­дердің та­рихи тағдыр­ла­ры Ре­сейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі ха­лықта­рының тағды­рымен тығыз ас­та­сып кетті.

Қоныс ауда­ру са­яса­ты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)

XIX ғасыр­дың 70-жыл­да­ры орыс және ук­ра­ин ша­ру­ала­рын қоныс­танды­ру бас­талса, 80-жыл­да­ры қарқын­ды жалғас­ты. Алғашқы қара­шек­пен қоныс­та­ры 1879 жы­лы Көкше­тау уезінде пай­да бол­ды.

Жетісу об­лы­сының әске­ри гу­бер­на­торы Кол­па­ковс­кийдің ұсы­нысы бойын­ша 1868 жылғы «Ша­ру­алар­дың Жетісуға көшуі ту­ралы Уақыт­ша ере­желер» қабыл­да­нып, ол 1883 жылға дейін қол­да­ныл­ды.

1886 жы­лы Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығының көші-қон­ды басқару ере­жесі қабыл­данды. Бұл құжат бойын­ша әрбір ер адамға 10 де­сяти­на жер берілді, қоныс­та­нушы­лар 5 жылға дейін са­лықтан бо­сатыл­ды, кейін 5 жыл­да са­лықтың жар­ты­сын ғана төледі.

«Ауыл тұрғын­да­рын өз еріктерімен жаңа жер­ге көшіру және бұрынғы көшірілген топ­тар ту­ралы ар­найы ере­жесі» 1889 жыл­дың 13 шілдесінде қабыл­да­нып, қоныс­танды­ру тек ал­дын ала Ішкі істер ми­нистрлігінің және мем­ле­кеттік жер иеліктері ми­нистрлігінің рұқса­ты арқылы іске асы­рыл­ды. Бірақ пат­ша жап­пай қоныс­танды­ру үрдісін бақылай ал­ма­ды. Ша­ру­алар­дың өздігінен көшуі жалғаса берді. 1891–1892 жыл­да­ры егіннің шықпа­уынан орыс ша­ру­ала­ры еуро­палық Ре­сей­ден шығысқа қашып, қазақ жер­леріне қоныс­та­нып ал­ды.

Ере­жеде қоныс­та­нушы­лар­дың аудан­да­ры нақты Томск және То­был гу­бер­ни­яла­ры, Жетісу, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­ры деп көрсетілді. 1891–1892 жыл­да­ры заң Торғай және Орал об­лыста­рына да та­рады. Ша­ру­алар­дың қоныс ауда­руы қазақ көшпелілерінің жер­лерін тар­тып алу есебінен жүрді. Қоныс ауда­рушы ша­ру­алар арқылы отар­лау Сыр­да­рия об­лы­сына да та­рады.

Қазақ жерінің Сібірмен және При­волжьемен темір жол арқылы жалғас­ты­рылуы, Қазақстанға орыс қоныс ауда­рушы­лары­на қолай­лы жол аш­ты. Нәти­жесінде орыс ша­ру­ала­ры құнар­лы жер­лерге қоныс­танса, қазақтар су­сыз, на­шар жер­лерге көшірілді. Қазақ өлкесінің де­мог­ра­фи­ялық жағдайы да өзгерді. 1897 жылғы жал­пы са­нақ бойын­ша өз жерінде қазақтар­дың жал­пы мөлшері 87,1%-ға кеміді. Қоныс ауда­рушы­лар көбіне­се стра­теги­ялық маңыз­ды аудан­дарға көшіріліп, мыл­тықпен қару­лан­ды­рыл­ды.

Орал, Торғай об­лыста­рын­дағы көтеріліс (1868–1869 жж.)

«Уақыт­ша ере­женің» енгізілуі Ор­та жүзде қар­сы­лыққа кез­деспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қам­ты­ды. Зерт­те­уші Н. А. Се­реда Орал об­лы­сын­дағы ашу-ыза­ның се­бебі «ха­лық пен ре­фор­ма­лар­да» емес, қазақтар­ды сұлтан­дар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі ха­лықтың ашу-ыза­сын туғызған фак­торлар­дың бірі үкіметтің фис­калдық са­яса­тының қатай­ты­луы еді. Оның үстіне қатар­дағы көшпелілер мен ауқат­ты от­ба­сылар бірдей міндет­керлік атқар­ды. Мұның өзі пат­ша өкіметінің қазақ қоғамы­ның ар­тықшы­лықта­ры, топ­та­ры жөніндегі қамқор­шы­лық са­яса­тының көрінісі бол­ды; са­лықтар мен басқа да міндет­керліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай об­лыста­рын­да ха­лықтық бой көрсе­тулердің бас­та­лу­ына түрткі бол­ды.

Пат­ша «Уақыт­ша ере­жені» мақұлдаған­нан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзе­ге асы­рыла бас­таған са­лық са­яса­тына қазақтар­дың на­разы­лығы 1868 жылғы қара­шаның аяғына қарай қару­лы қар­сы­лыққа ұлас­ты. На­шар қару­ланған, бірақ жер жағдайын та­маша білген көтерілісшілер­ге қар­сы қимыл­даған шағын ка­зак шолғын­шы­лары олар­дың те­ге­урінін әлсіре­те ал­ма­ды.

Жа­зала­ушы­лар­дың неғұрлым ұйым­дасқан қимыл­да­ры 1869 жыл­дың көктемінен бас­та­лады. На­урыз айының ба­сын­да Орын­бордан Жем ауда­нына екі жүздік ка­зак от­ря­ды жіберілді. Бірақ да­лада ке­ле жатқан кезінде от­ряд үкіметтің әлі де ре­фор­ма енгізу­ге ба­тылы бар­май отырған Қоб­да және Елек өзен­дерінің бойын­да қимыл жа­сап жүрген «қазақтар қарақшы­лары­ның» ша­бу­ылы­на ұшы­рады. Көтерілісшілердің бұл то­бы біріне Ханғали Арс­ла­нов сұлтан, екіншісіне Ықылас До­сов бас­шы­лық ет­кен екі жа­сақтың біріккен күші болғаны анықтал­ды.

Қару­лы бой көрсе­тулер шек­тес екі об­лыстың бірқатар аудан­да­рын­да бір мезгілде дерлік бо­луы се­бепті тұрақты бөлімдер аз болған кез­де қазақтар­дың нақты күштерін ұтым­ды бөлу қиын бол­ды. Оның үстіне көтерілісшілер өздерінің бы­тыраңқы жа­сақта­рын үкіметтің өзін-өзі қорғай­тын күштерімен жеткілікті қам­та­масыз етілген ірі әске­ри-тірек бе­кет­теріне қар­сы емес, қай­та қазақ ауыл­да­рына ка­зак от­рядта­рының қорғауымен жа­сыры­нып жүрген жеккөрінішті стар­шындарға, бо­лыс­тарға қар­сы бағыт­та­ды.

Көтеріліс Орал об­лы­сының солтүстік-ба­тыс аудан­да­рын, атап айтқан­да, бұрынғы ха­лық көтерілістері бойын­ша да отар­шылдыққа қар­сы қозғалыс­тарға бел­се­не қатысқаны аңғарылған жа­уын­гер та­бын, шекті ру­лары­ның қоныс­та­рын кең қам­тыған. Бұл жо­лы да та­бын­дар ре­фор­ма­дан кейінгі ке­зеңдегі отар­шылдыққа қар­сы күрес­ке еле­улі үлес қос­ты.

Отар­шылдық өкімет орын­да­ры көтерілістің шек­тес екі да­лалық об­лыс аумағына қанат жа­юының шын мәніне бой­лап жат­пай, мұның се­бебін бар­лық уақыт­та хи­уалықтар­дың ықпа­лы деп білді.

XIX ғасыр­дың 60-жыл­да­рына дейін Хи­уа үкіметі Ре­сей­ге ба­рын­ша адал­дық көрсетіп, оны­мен ең ал­ды­мен өза­ра тиімді са­уда қаты­нас­та­рын жа­сап отыр­ды.

Алай­да Қазақстан­ның оңтүстігіндегі Ре­сейдің соғыс қимыл­да­ры, өзбек­тердің бас­ты қала­сы Таш­кентті орыс әскер­лерінің ша­бу­ыл жа­сап ба­сып алуы Хи­уаның Ре­сей­ге көзқара­сын күрт өзгертті, Хи­уа ха­ны өзін Ре­сейдің барған сайын өрше­лен­ген және ашықтан-ашық «дұшпа­ны етіп» көрсетті, сөйтіп Орал об­лы­сының оңтүстік аудан­да­рын­да көшіп жүрген қазақ ру­ларын осы ай­мақтағы Ре­сейдің ықпа­лына қар­сы ат­та­нысқа итер­ме­леді. Хи­уа ха­ны ре­фор­ма­лар­ды жүзе­ге асы­ру қызған кез­де, та­бын, на­зар ру­лары­на өз өкілдерін жіберіп, олар­ды өз мүдде­лерінің ар­на­сын­да ұстауға ты­рыс­ты. Хи­уа би­ле­ушілерінің Орал және Торғай об­лыста­рының көтерілісшілерімен тұрақты ын­ты­мағын анық факт деп есеп­тейміз, өй­ткені Ре­сей та­рапы­нан ол қоқан хан­дығын соғыс­та жеңіп, Қазақстан­ның оңтүстік шегінде им­пе­ри­ялық билік ор­натқан­нан кейін нақты қауіп-қатердің күшейе түскен жағдайын­да оны дер­бес ел ретінде Хи­уа ше­кара­лары­ның қауіпсіздігін қам­та­масыз ету міндет­терін та­лап ет­кен бо­латын. Оның үстіне да­лалық екі об­лыстағы көтерілістің же­текшілері – Ханғали Арс­ла­нов сұлтан, би­лер Дәуіт Аса­уылов, Әзбер­ген Мұңай­тпа­сов, Уфа мол­да­сы Ықылас До­сов, мол­да Рысқұлов және басқалар Хи­уа билігімен әр түрлі дәре­жеде бай­ла­ныс­ты бо­латын, оның қол­да­уына сүйеніп, сол арқылы пат­ша өкіметінің Хи­уа хан­дығы аумағын­да да соғыс қимыл­да­рын жан­данды­ру­ына се­бепші бол­ды.

Маңғыс­та­удағы көтеріліс (1870 ж.)

«Уақыт­ша ере­же» Маңғыс­та­уда 1870 жы­лы енгізілді. Пат­ша әкімшілігі Маңғыс­та­удың негізгі халқы – адай руы «Уақыт­ша ере­жені» күрессіз қабыл­да­май­ды деп қауіптенді және оны жүзе­ге асы­ру үшін неғұрлым қолай­лы жағдай­лар­ды күтті.

Маңғыс­тау прис­та­вы под­полков­ник Ру­кин да­ла тұрғын­да­рының қиын жағдайымен са­нас­пай, адай­лар­дан 1869–1870 жыл­дар үшін шаңырақ алы­мын жаңа та­риф­ке сәй­кес де­реу енгізуді та­лап етті; көпте­ген жергілікті тұрғын­дар, со­ның ішінде Бо­зашы түбегінің ба­лықшы жа­тақта­ры Ру­киннің та­лабын орын­да­удан бас тарт­ты. Адай­лар­дың жай­лауға көшуін күштеп тоқта­туға ты­рысқан Ру­киннің ой­лан­бай жа­саған әре­кет­тері жер-жер­де көтерілістің бас­та­лу­ына се­беп бол­ды. Көтерілісшілердің же­текшісі Иса Тілен­ба­ев қалың бұқараға бас­шы­лық ету­де ше­берлік және жа­зала­ушы­лар­мен келіссөздер­де дип­ло­мати­ялық әдептілік та­ныт­ты. Көтерілісшілер сәуір айының ба­сын­да Ни­кола­ев ста­ница­сына, Алек­санд­ровск фор­ты­на ша­бу­ыл жа­сады, алай­да олар сәтсіздікке ұшы­рады. Пат­ша­лық өкімет орын­да­рын көшпелілердің ба­тыл­дығы қорқыт­ты, мұның өзі олар­ды қосым­ша әске­ри көмек сұрауға мәжбүр етті; Кав­каздан тың күштердің ке­луі күштердің арақаты­насын өзгертті. Қозғалыс­ты ба­суға бас­шы­лық жа­сау қолы­на шоғыр­ланды­рылған граф Ку­та­исов «ең жа­байы, дөрекі және жа­уын­гер қазақтар­ды» ты­ныш­танды­рудың өз жос­па­рын ұсын­ды. Граф­тың жос­па­рын­да «елдің ішіне те­реңдей еніп, он­да жергілікті адай­лар өздерінің көшуі үшін қажет болған кез­де ай­на­лып өте ал­май­тын­дай бекіністерді ал­дын ала ба­сып алып», сол арқылы олар­дың шегінетін жо­лына ке­дергі жа­сау, «бағынуға мәжбүр ету» көзделді. Орыс от­рядта­рының алуы үшін қолай­лы бекіністер ретінде Ку­та­исов Маңғыс­та­удың Кин­дері шығанағынан және Үстірт қыра­тының солтүстік бөлігінде, Орын­бор да­ласы­мен «көршілес» жатқан Сағым алқабы­нан жүз шақырым жер­дегі Бе­сақты шатқалын таңдап ал­ды. Алек­санд­ровск фор­ты ауда­нын­дағы әскер топ­та­рының бас­тығы ге­нерал-майор Ко­маров­тың пікірі бойын­ша, ауданға тұрақты бөлімдердің едәуір құра­масын шоғыр­ланды­ру көтерілісшілер­ге қорқыныш­ты әсер ету­ге және 1871 жылғы 1 ақпанға қарай олар­ды отар­шыл өкімет орын­да­рының «орыс өкіметіне бағынуы жөніндегі» шар­тын қабыл­дауға мәжбүр ету­ге тиіс бол­ды. Граф­тың жос­па­ры сәтсіздікке ұшы­раған жағдай­да Орын­бор өлкесінің ге­нерал-гу­бер­на­торы Н. А. Кры­жановс­кий жергілікті тұрғын­дардың Үстіртке, «бейбіт ауыл­дарға өздерінің шегіне кірер жо­лын жа­уып тас­та­уды ұсын­ды». Қозғалыс же­текшілерінің Хи­уа хан­дығына оның та­рапы­нан сырт­тай қол­да­уды қам­та­масыз ету­ге үміт ар­тып де­лега­ция жібе­руі жергілікті өкімет орын­да­рын тағы да ма­засыз­дандыр­ды. Хи­уалықтар та­рапы­нан та­лай то­на­ушы­лықтар мен алым-са­лықтар­ды бас­тан кешірген адай­лар олар­дың қол­да­уы ту­ралы, қаси­етті Ис­лам дінін та­за сақтау ту­ралы уәде­леріне се­не де бер­мейтін еді. Оның үстіне пат­ша өкіметі оңтүстік ай­мақты ба­сып алған­нан кейін Хи­уаның Ре­сей сияқты құдіретті әске­ри дер­жа­вамен жан­жалға ба­руы екіта­лай бо­латын. 1870 жыл­дың жел­тоқса­нын­да қозғалыс­тың же­текшілері До­сан Тәжи­ев, Ер­жан, Ертімбет Құлов­тар, Иса Тілен­ба­ев және олар­дың көпте­ген серіктері 3 мың шаңырақпен Хи­уа хан­дығының шегіне өтті.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ ша­ру­ала­ры өз қатар­ла­рын берік біріктіру­ге қол жеткізе ал­ма­ды, мұның өзі са­ны жөнінен бол­ма­шы жа­зала­ушы от­рядтар­дың ха­лық қар­сы­лығының негізгі ошақта­рын тұншықты­ру­ына мүмкіндік берді; қазақ ша­ру­ала­рының ру­лық тар өрістері мүдде­лері отар­шыл им­пе­ри­яның әске­ри құра­мала­рының өзінің ұйым­да­суы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жа­сақта­рын­дағы тұрақта­ма­ушы­лықты туғыз­ды. Көтеріліс шағын си­пат­та болғаны­мен, оның ге­ог­ра­фи­ялық шеңбері тым ауқым­ды бол­ды – бүкіл дерлік Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан­ның бір бөлігі қазақ ша­ру­ала­рының бой көрсе­тулерімен қам­ты­лып, «Уақыт­ша ере­женің» жүзе­ге асы­рылу­ын қиын­датты.

XIX ғ. бірінші жар­ты­сын­дағы Қазақстан мәде­ни­еті

Ма­тери­ал­дық мәде­ни­ет. Ма­тери­ал­дық мәде­ни­еттің маңыз­ды эле­мент­терінің бірі мал ша­ру­ашы­лығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнер­мен бай­ла­ныс­ты еңбек құрал­да­ры бо­лып та­была­ды. XIX ғасыр­дың ор­та шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қол­да­ныла бас­та­ды. Ең көп та­ралған қару түрі үш метрлік «сойыл», одан соң «шоқпар» бол­ды. XIX ғасыр­дың ор­та шеніне дейін аң аулау кезінде са­дақ қол­да­ныл­ды.

Көшпелі қазақтар­дың негізгі тұрғын үй­лері көші-қонға ыңғай­лы киіз үй­лер бо­латын. Қазақтың киіз үй­лері олар­дың үлкендігімен, яғни тігілген киіз үй­де қанат деп ата­латын ке­реге са­нымен анықта­латын. Қанат­тар са­ны 4 қанат­тан 12 қанатқа дейін және одан да көп бо­латын. Сыртқы түрі бойын­ша күмбез тәрізді және шо­шақ бо­лып ке­летін. Қысқы қыс­та­улар ор­на­ласқан өзен­дердің аңғар­лар мен тау шатқал­да­рына қазақтар­дың киіз үй­лері тұрақты үлгімен са­лына­тын. Бұлар жер бетіне киіз үй сияқты етіп тас­тан (шо­шала), қамыс­тан (доғара) тұрғызылған құры­лыс түрінде, тік бұрыш­ты жер­ке­пе және жертөле, жер бетіне тік бұрыш­ты етіп са­лынған шым үй және саз бал­шықтан дом­баздалған соқпа там бол­ды. Дәстүрлі ағаш жәшіктер – ке­беже­лердің, көрпе-төсек жи­науға ар­налған жүкаяқтар­дың және ескіден ке­ле жатқан төс-ағаш­тардың ор­ны­на, қазақтар­дың тұрмы­сын­да әй­нек­телген ыдыс қоятын шағын шкаф­тар, жақта­улы ағаш ке­ре­ует­тер, іші құлып­та­латын, көлемі әр түрлі сан­дықтар пай­да бол­ды.

Ұлттық киім. Қазақтар­дың ұлттық киімінде өздеріне тән эт­ногра­фи­ялық белгілер сақта­лып қал­ды. Киім-ке­шек үшін мал­дың жүні мен терісі негізгі ма­тери­ал­дар бол­ды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-ма­та, жібек және басқа ма­талар­дан тігілді. Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер енді. Ер­кектер бітеу пішілген ке­удесінде тік өңір-қақпағы бар, жал­пақ қайыр­ма жағалы, етегі бірша­ма ұзын көй­лек ки­етін бол­ды. Со­нымен бірге жаз­дыгүні олар ешкі терісінен илен­ген күдері шал­бар киіп жүрді; шал­бардың ба­лақта­рына төменгі жағынан тілік тас­та­лып, ол кес­те­мен сәнде­летін.

Қазақтар әдемі «мәуіті ша­пан» мен «мәуіті шек­пен» де дайын­да­ды. Сырт ки­етін қысқы киімнің қадірлілерінің қата­рына аң және үй жа­ну­ар­ла­рының терілерінен тігілетін ішік жа­тады. Өте кең та­ралған және бәрінің қолы же­тетін қысқы киім түрі қой терісінен өңделіп, жүні ішіне қара­тып тігілген тон бол­ды. Қазақтар­дың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мәсілер бол­ды. Бар­лық жас­тағы ер­кектердің қыс­та ки­етін аяқ киімі ішінде киіз бай­пағы бар, ала­са да жал­пақ өкшелі, ұзын қоныш­ты сап­та­ма етік бол­ды. Ере­сек ер­кектердің бәрі ша­шын тықыр­лап ал­дырған, ба­сына тақия, те­бетей ки­етін. Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да қазақтар­дың ең көп та­ралған қыс­тық бас киімі «ты­мақ» бол­ды.

Әйел­дердің көй­легі иығына тігіс түспейтін етіп пішіліп, жал­пақ қайыр­ма жағалы, жеңдері ұзын етіп тігілген. Ке­уде тұсын­дағы өңір қақпағына кес­те төгілген. Қыз­дардың не­месе жас келіншек­тердің көй­лек­тері пішімі жөнінен де, ма­тасы жағынан да жа­сы үлкен әйел­дердің көй­лек­терінен өзге­ше болған. Ол етегі бүрме­леніп, түй­ме­ленетін қатыр­ма жағалы етіп тігілді. Жеңі жең ұшы­на қарай та­рыла берді. Әйел­дердің былғары­дан жа­сала­тын жал­пақ ке­мер белдіктері күміспен күптеліп, ал­тынмен ап­та­лып, қым­бат бағалы тас­тармен және түсті шы­нылар­мен мол әсем әше­кей­леніп отыр­ды. Бар­лық жас­тағы әйел­дердің аяқ киімі мәсі және кебіс бо­латын. Әйелдің жа­сына және оның от­ба­сын­дағы жағдайына қарай олар­дың бас киімдері де ерек­ше­леніп отыр­ды. Жаз кезінде қыз­дар түрлі-түсті мақпал­дан, жібек пен барқыт­тан тігілген, төбесі жай­пақ дөңге­лек те­бетей киіп жүрген, ол зер­кесте­мен әсем нақыш­та­латын еді. Бай нақыш­ты үкілі те­бетей — «қаса­ба» деп атал­ды. Күйеуге шыққан әйелдің бас киімі – ки­мешек ақ мақта-ма­тадан дайын­далған.

Қазақ әде­би­еті. XIX ғасыр­да орыс ғалым­да­ры мен қазақ зи­ялы­лары­ның же­келе­ген өкілдері ақын­дар, су­ырып­салма жыр­шы­лар, жы­ра­улар ту­ралы мәлімет­тер жи­нап, тіпті олар шығарған әндер мен жыр­лардың мәтіндерін жа­зып ала бас­та­ды. Ақын­дар мен жыр­шы­лар­дың кейбіре­улері өз ту­ын­ды­ларын жа­зып отыр­ды. Со­ның арқасын­да олар­дың өлеңдерінің түпнұсқа мәтіні сақта­лып қалған. XIX ғасыр­дың ор­та­сынан бас­тап же­келе­ген ақын­дардың өлеңдері мен жыр­ла­ры жа­ри­яла­на бас­та­ды. Бұл же­келей по­эзиялық шығар­ма­шылықтың айқын көрініс тапқан және да­ми бас­таған дәуірі бол­ды.

XIX ғасыр­дың ба­сын­да өмір сүрген Шал, Көтеш, Жанкісі жы­ра­улар өз толғаула­рын­да әле­уметтік теңсіздікті, хан­дардың ха­лыққа жа­саған зор­лық-зом­бы­лығын әшке­реле­ген.

Ке­дей ор­та­дан шыққан Көтеш ақын (1745–1818) өмір бойы жоқшы­лық тауқыметін тарт­ты. Оның шығар­ма­шылығының бас­ты са­рыны – ке­дейдің азап­ты өмірін көрсе­ту, әділетсіздікті әшке­релеу.

Шал ақын­ның (1748–1819) шығар­ма­шылығы болған оқиғаға ақын­дық ша­быт­пен сол сәтте үн қосу­ымен си­пат­та­лады. Олар қазақ халқының та­рихын­дағы же­келе­ген оқиғалар­мен бай­ла­ныс­ты. Он­да ар­нау өлеңдер мен мысқыл өлеңдері көп. Шал шығар­ма­шылығының негізгі тақыры­бы – адам өмірі оның мәні, мо­раль, эти­ка, дін мәсе­лелері.

Му­зыка өнері. Қазақ халқының тұрмы­сы мен қоғам­дық өмірі және еңбек әре­кетімен біте қай­насқан ру­хани мәде­ни­етінің ете­не са­ласы му­зыка бол­ды. Дәстүрлі ор­ны­да­ушы­лық – же­ке ән са­лу мен ас­папты же­ке тар­ту кең та­раған, әнді қосы­лып ай­ту си­регірек; шығар­ма­лар­дың негізгі түрлері — ән мен күй. Жи­ыр­ма­дан аса әр түрлі му­зыка­лық ас­паптар болған, олар­дың бір са­рын­ды ғана ды­быс шығара­тын кейбіре­улері – шер­тер, жетіген, саз сыр­най, кепшік, шаңқобыз, даңғыра, аса­таяқ және басқала­ры му­зыка өнерінің кәсіби та­лап­та­рына сай кел­мей, біртіндеп құри бер­ген. Ал ды­быс­тық са­пала­рын жетілдіру­ге ке­летін басқала­ры му­зыка­лық ас­паптар то­бын құра­ды. Олар: дом­бы­ра – ағаш­тан жа­салған, шертіп ой­на­латын екі ішекті ас­пап, ша­нағы со­пақша, кей­де жа­зық фор­ма­лы бо­лып ке­леді; қобыз не­месе қылқобыз – тос­тақ тәрізді то­лық ағаш ша­нақты және мойыны ішіне қарай иілген ыс­па­лы қос ішекті ас­пап; сы­бызғы – ағаш­тан, іші қуыс қамыс-қурай­дан не­месе ме­талл түтіктен жа­салған, 4–6 са­усақ ба­сар ойыңы бар ұзын­ша үрмелі ас­пап; да­уыл­паз – сыр­ты тері жарғақпен қап­талған ағаш­тан не­месе ме­тал­дан жа­салған кішке­не қазан түріндегі соқпа ас­пап.

XIX ғасыр­дың бірінші жар­ты­сын­дағы му­зыка өнері өткен за­ман­дар ту­ын­ды­лары­ның таңда­улы үлгілерін сақтау және олар­мен са­бақтас ха­лықтың күнделікті өмірімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты жаңа шығар­ма­лар жа­сау негізінде да­мыды. XIX ғасыр­дың му­зыка­лық мәде­ни­етінде 1836–1837 жыл­дардағы фе­ода­лизм мен отар­шылдыққа қар­сы Иса­тай Тай­ма­нов пен оның ең жақын серігі, ақын әрі жыр­шы Ма­хам­бет Өтемісов бас­таған көтеріліс еле­улі із қал­дырды.

Шығар­ма­шылық жо­лын сол жыл­да­ры бас­таған бо­лашақ ха­лық ком­по­зито­ры Құрманғазы Сағыр­ба­ев (1806–1879) өзінің алғашқы шығар­ма­лары­ның бірі — «Кішкен­тай» күйін Иса­тай Тай­ма­нов көтерілісіне ар­на­ды. Көтеріліске қатысқан ол бұл күйінде ха­лықтың отар­шылдық бұғауынан азат бо­луға де­ген те­ге­урінді тал­пы­нысын көрсетті. Одан ха­лық қайғысы­ның, жеңіліс күйінішінің үні естіледі. «Кішкен­тай» күйінің му­зыка­сы өзінің тебірен­тетін те­ге­урінді бей­нелілігімен, ком­по­зици­ясы­ның айқын­дығымен, көркемдік тех­ни­касы­ның күрделілігімен та­маша та­лант­тың өсіп ке­ле жатқанын көрсетті. Ол ха­лықтың қалың ор­та­сын­да өсті және қажыр­лы еңбегімен кейіннен ха­лықтың кәсіби му­зыка­лық мәде­ни­етінің клас­си­калық шыңына көтерілді.

XIX ғ. екінші жар­ты­сын­дағы Қазақстан мәде­ни­еті

XIX ғ. 60-жыл­да­ры Қазақстан­да бас­та­уыш мек­тептердің ашы­луы Ы. Ал­тынса­риннің есімімен тығыз бай­ла­ныс­ты. 1867–1868 жыл­дардағы ре­фор­ма­лар­дан кейін мұндай мек­тептер Қазақ өлкесінің көпте­ген ай­мақта­рын­да жұмыс істей бас­та­ды. 1868–1869 жыл­дарды Орал об­лы­сын­да 24 орыс-қазақ мек­тебі, 2 екі сы­нып­тық, 6 се­лолық 1 сы­нып­тық, 14 жоғары сы­нып­тық мек­теп және 2 же­кеше учи­лище бол­ды. 1877 жылға қарай Орал ка­зак әскерінің 47 мек­тебінің бе­сеуі қыз­дар мек­тебі еді. Об­лыста 70-жыл­дардың ба­сынан бас­тап мек­теп ісі едәуір жан­да­на түсті. Ер ба­лалар және қыз­дар гим­на­зи­яла­ры мен про­гим­на­зи­яла­ры, мұғалімдер да­яр­лай­тын се­мина­рия, ер ба­лалар оқитын уездік при­ход учи­лище­лері, ок­ругтік әске­ри учи­лище, ста­ница­лық және басқа да оқу орын­да­ры ашыл­ды. 1883 жы­лы қазақ ба­лала­рын оқытуға ар­налған ер ба­лалар ин­терна­ты об­лыс ор­та­лығы Се­мей­де, уездік қала­лар Пав­ло­дар­да, Өске­мен мен Зай­сан­да жұмыс істеді, ал қазақ қыз­да­рын оқытуға ар­налған ин­тернат­тар Се­мей мен Пав­ло­дар­да ғана бол­ды. Сыр­да­рия об­лы­сын­дағы орыс­тарға ар­налған алғашқы мек­тептер 1860 жы­лы Райым (Қаза­лы) бекінісінде және Пе­ровскіде (Қызы­лор­да) ашыл­ды. Жетісу об­лы­сының аумағын­да алғашқы мек­тептер 1868 жыл­дан бас­тап ашы­ла бас­та­ды. Вер­ный және Қапал бекіністерінде при­ход мек­тептері құрыл­ды. Об­лыстың қалған уез­дерінде 12 ста­ница­лық және по­сел­келік бас­та­уыш мек­теп болған еді.

XIX ғ. Екінші жар­ты­сын­да бо­лыс­тар мен ауыл­дардағы қазақ ба­лала­ры әдет­те мұсыл­ман мек­тептері мен мед­ре­селер­де оқыды. Пат­ша үкіметі Қазақ да­ласын­да мұсыл­ман мек­тептерінің ашы­лу­ына жол бер­меу үшін ша­ралар қол­данды. Ол жергілікті отар­лық ор­гандар мен оқу бас­тықта­рына мұсыл­ман мек­тептерін қатаң бақылау жөнінде нұсқаулар мен ере­желер жіберді. Қан­дай да бол­ма­сын шек­те­улер­ге қара­мас­тан жер-жер­де, әсіре­се Қазақстан­ның ис­лам дінінің ықпа­лы күшті болған оңтүстік об­лыста­рын­да мұсыл­ман мек­тептері ашы­ла берді. Қазақ ба­лала­ры жаз­дыгүні киіз үй­лер­де, ал қыс­тыгүні жертөле­лер­де оқыты­латын. Бұл ке­зеңнің оқу құра­лы «Ша­ри­ат-ул-иман» не­месе «Иман-шарт» бол­ды. Құран оқумен бірге, та­тар және араб тілдеріндегі кітап­тар бойын­ша ис­ламның негізгі қағида­лары мен бас­ты ғұрып­тық ере­желер оқытыл­ды. Мек­тептер­де көбіне­се 8–17 жасқа дейінгі ба­лалар білім ал­ды. Мед­ре­селер­де мек­тепте білім алған және өз білімін те­реңде­туге тілек білдірген адам­дар оқыды. Мед­ре­сеге түскен­дер «та­либ-улам» (білімге ұмты­лушы­лар) не­месе шәкірттер деп атал­ды. Олар Ор­та Азияға және Еділ та­тар­ла­рына жал­пы белгілі оқулықтар мен оқу құрал­да­ры бойын­ша араб фи­лоло­ги­ясын және мұсыл­ман діні құқығын, сон­дай-ақ діни фи­лосо­фияға қатыс­ты басқа да бірқатар пәндерді оқыды. Мед­ре­селердің «мұғалімдеріне» ке­летін бол­сақ, олар негізінен алған­да дін жо­лын ұста­нушы­лар­дың ұсы­нысы бойын­ша тиісті үкіметтік ор­гандар бекітіп, тағайын­даған мол­да­лар бол­ды. Бұл мол­да­лар мешіттер­де діни қыз­мет атқара жүріп, мед­ре­селер­дегі істерді басқар­ды және шәкірттерді оқыту­мен ай­на­лыс­ты.

XIX ғасыр Қазақстан­ның мәде­ни өміріндегі ағар­ту­шылық ғасыр деп ата­лады. Білім мен мәде­ни­еттің да­му­ына ал­дыңғы қатар­лы орыс зи­ялы­лары үлкен ықпал жа­сады. 1847–1857 жыл­дарда ук­ра­ин ақыны Т. Г. Шев­ченко Қазақстан­да ай­да­уда бол­ды. Қазақстан Орыс ге­ог­ра­фи­ялық қоғамы бөлімше­лерінің зерт­теу обьектісіне ай­нал­ды, мұнда мәде­ни-ағар­ту ме­кеме­лері мен ста­тис­ти­калық ко­митет­тер жұмыс істеді; өлке­тану мұра­жай­ла­ры ашы­лып, ер­те­дегі ес­керткіштер, ха­лықтың ауыз­ша шығар­ма­шылығы және құқықтық заңдар, со­ның ішінде қазақтар­дың дағды­лы құқығы зер­де­ленді; орыс-қазақ мек­тептері мен кітап­ха­налар ашыл­ды. Қазақтар өз ба­лала­рына білім бе­руге ұмты­лыс жа­сап, ба­лала­рын ка­дет кор­пуста­ры бар Ом­бы мен Орын­борға жібе­ру үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға де­ген жап­пай ұмты­лыс пен ықылас жағдайын­да Шоқан Уәли­ханов, Абай Құнан­ба­ев, Ыбы­рай Ал­тынса­рин бас­таған қазақ ағар­ту­шыла­рының то­бы қалып­тасты.

Шоқан Уәли­ханов (1835–1865). Аса көрнекті ағар­ту­шы, ғалым және зерт­те­уші Ш. Уәли­ханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жа­сына дейін Шоқан Құсмұрын­дағы же­ке меншік мек­тепте оқып, мұсыл­ман діні ілімімен та­ныс­ты. 1847 жыл­дың күзінде Шоқан Ом­бы ка­дет кор­пу­сына оқуға түсті. Ка­дет кор­пу­сын­да Шоқан Уәли­ханов белгілі ғалым, ге­ог­раф және Ази­яны зерт­те­уші Г. Н. По­танин­мен бірге оқып, дос­та­сып кетті. Ол орыс тілін та­маша меңгерді. Дос­то­евс­кий мен Ш. Уәли­ханов­тың дос­тық қарым-қаты­нас­та­рын олар­дың түрлі уақыт­та жа­зысқан хат­та­ры дәлел­дейді. Ф. М. Дос­то­евс­кий өзінің хат­та­рын­да дос ретінде Шоқанға пай­да­лы кеңес­тер беріп, ру­хын көтеріп, оның ал­ды­на аса зор игі міндет­тер қояды. 1853 жы­лы Шоқан ка­дет кор­пу­сын бітірген­нен кейін Сібір ка­зак әскеріне қыз­метке жіберіледі. Көп ұза­май Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­торы Гас­форт оның қабілеттілігіне на­зар ауда­рып, 1854 жы­лы Шоқан оған адъютант бо­лып тағайын­далды. 1855 жы­лы Ш. Уәли­ханов Гас­форт­тың Ом­бы­дан Іле Ала­та­уына дейінгі са­пары­на қаты­сады. Бұл са­пар қара­пайым ха­лықтың өмірін та­нып-білудің ба­сы бол­ды, олар­дың та­рихи аңыз-әңгіме­лері мен жыр­ла­рын жа­зып алуға мүмкіндік берді. 1856 жыл­дың көктемінде бо­лашақтағы Шығыс зерт­те­ушісінің өмірінде өшпес із қал­дырған ай­ту­лы оқиға бол­ды – ол аса көрнекті ғалым, белгілі ге­ог­раф П. П. Се­менов-Тянь-Шанс­кий­мен та­ныс­ты. Сол жы­лы Шоқан Уәли­ханов екі экс­пе­дицияға қатыс­ты – біреуі Ор­та­лық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыс­тықкөлге дейінгі; екіншісі дип­ло­мати­ялық тап­сырма бойын­ша Құлжаға са­пар. 1857 жы­лы Уәли­ханов ала­тау қырғыз­да­рына тағы да са­пар ше­геді, он­да көшпелі қырғыз халқының өмірімен, тұрмы­сымен бұрынғыдан да жақсы та­нысып, оның та­рихын, эт­ногра­фи­ясын және ха­лықтық по­эзиясын те­реңірек зерт­те­уге мүмкіндік ал­ды. Осы жо­лы ол қырғыз халқының эн­цикло­педи­ялық дас­та­ны «Ма­нас­ты» жа­зып ал­ды. Ш. Уәли­ханов­тың ғылы­ми қыз­метінің жаңа ке­зеңі 1858 жылғы Қашғарияға құпия са­пары бол­ды. 1859 жыл­дың күзінде Шоқан Әске­ри ми­нистрліктің шақыру­ымен Пе­тер­бург­ке са­пар шекті. Оның «Қыр­дағы мұсыл­маншы­лық ту­ралы», «Қырғыз­дардың көші-қон­да­ры ту­ралы», «Сот ре­фор­ма­сы ту­ралы» жаз­ба еңбек­тері бар. 1864 жыл­дың көктемінде Уәли­ханов Чер­ня­евтің Оңтүстік Қазақстан аумағын Ре­сей­ге қосып алу­ды мақсат ет­кен әске­ри жо­рығына қаты­сады. 1864 жыл­дың жа­зын­да Вер­ныйға қай­та­ды. Со­дан соң ал­бан ру­ының аға сұлта­ны Те­зек төренің ауылы­на ба­рып тұра­ды. Төренің қарын­да­сына үй­ле­неді. Сол кездің өзінде Шоқан өзін на­шар сезініп, жо­рықтағы өмірдің ауырт­па­лықта­рын көте­ре ал­ма­са ке­рек. Ол 1865 жыл­дың сәуірінде Ал­ты­немел жо­тасы­ның етегіндегі Көшен-тоған де­ген жер­де Те­зек сұлтан ауылын­да қай­тыс бол­ды.

Ыбы­рай Ал­тынса­рин (1841–1889). Аса көрнекті ағар­ту­шы Ыбы­рай Ал­тынса­рин 1841 жы­лы 20 қазан­да Қос­та­най об­лы­сын­да туған. Әкесі ер­те­рек қай­тыс бо­лып, ата­сы – Орын­бор ше­кара­лық ко­мис­си­ясы­ның әске­ри стар­ши­насы Балғожа (Жаңбыр­шин) бидің қолын­да тәрби­еленді. 1850 жы­лы Ыбы­рай ше­кара­лық ко­мис­сия жа­нынан қазақ ба­лала­рына ар­нап ашылған мек­тепке түсіп, оны ал­тын ме­даль­мен бітірді. Мек­теп бітірген­нен кейін Ал­тынса­рин үш жыл­дай (1857–1860) ата­сының қолас­тында кеңсе қыз­меткері, со­дан соң 1859 жыл­дың 1 та­мызы­нан бас­тап Орын­бор басқар­ма­сын­да тілмаш бо­лып қыз­мет етті. 1860 жы­лы об­лыстық басқар­ма оған Орын­бор бекінісінде (Торғай) қазақ ба­лала­рына ар­налған бас­та­уыш мек­теп ашу­ды тап­сырды да, өзін сол мек­тепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайын­да­ды. 1864 жы­лы 8 қаңтар­да мек­теп сал­та­нат­ты түрде ашыл­ды. 1868 жы­лы Ал­тынса­рин Торғай уездік басқар­ма­сына іс жүргізуші ретінде қыз­метке ор­на­ласып, со­дан соң уезд бас­тығының аға көмекшісі және уақыт­ша уездік судья міндет­терін қатар атқар­ды. Ал­тынса­рин пат­ша өкіметінің са­яса­тына қар­сы бол­ды. 1879 жы­лы Ал­тынса­рин Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры бо­лып тағайын­далды. Қазақстан­да қыз ба­лаларға білім бе­рудің бас­та­луы да Ы. Ал­тынса­риннің есімімен бай­ла­ныс­ты. 1888 жы­лы ол Ырғыз қала­сын­да қазақ қыз­да­рын оқыта­тын, ин­терна­ты бар мек­теп ашып, пат­ша әкімшілігінен ин­тернат­та­ры бар қыз­дар учи­лище­лерін ашуға рұқсат ал­ды. Ал­тынса­рин көзінің тірі кезінде төрт екі сы­нып­тық ор­та­лық «орыс-қазақ» учи­лищесін, бір қыз­дар учи­лищесін, бес бо­лыс­тық учи­лище, орыс ша­ру­ала­рының ба­лала­рына ар­налған екі учи­лище аш­тырды. Ол орыс-қазақ мек­тептерінің оқушы­лары­на ар­нап «Қырғыз (қазақ) хрес­то­мати­ясы» және «Қырғыз­дарға (қазақтарға) орыс тілін үй­ре­туге алғашқы бас­шы­лық» ат­ты екі оқу құра­лын жаз­ды, олар­ды Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры қыз­метіне тағайын­далған­нан көп бұрын бас­тап, 1869 жы­лы аяқта­ды.

Абай Құнан­ба­ев (1845–1904). Абай Құнан­ба­ев 1845 жы­лы 10 та­мыз­да Се­мей об­лы­сының Шыңғыс та­уын­да туған. Абай­дың әкесі Құнан­бай то­бықты ру­ының стар­шы­ны бол­ды. Алғашын­да ауыл мол­да­сынан са­бақ алған Абай­ды әкесі Се­мей­дегі имам Ах­мет-Ри­за мед­ре­сесіне оқуға жіберді. Алай­да­Абай­дың қала­дағы оқуын бітіртпей, әкесі оны қай­та­дан ауылға шақыр­тып алып, бірте-бірте дау-шар­ды тек­серіп төрелік ай­туға, ке­лешек­тегі ру­басы­ның әкімшілік қыз­метіне үй­ре­те бас­та­ды. Абай ше­шендік өнерінің түрлі тәсілдерін ше­бер меңгерді. Сот ісі қазақтар­дың ғасыр­лар бойы қалып­тасқан дағды­лы құқығы негізінде жүргізілді. Ру тар­ты­сына еріксіз ара­ласқан Абай да­улы мәсе­лелерді ше­шу ба­рысын­да жөнсіздікке, әділетсіздікке және қаты­гездікке, би­ле­уші топ пай­да­сын көзде­ген та­лап, мүдде­ге қар­сы­лық білдіріп отыр­ды. 1886 жыл Абай­дың өміріне үлкен өзгеріс әкел­ген жыл бол­ды. Ол алғаш рет өлеңіне («Жаз») өз атын жа­зып, көркем шығар­ма­шылыққа то­лығымен ден қояды. Абай қала­мынан өлеңдер­мен қатар, қара сөзбен жа­зылған ғиб­раттар, «Ес­кендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дас­танда­ры дүни­еге келді. Абай­дың мол әде­би мұра­сын­да аудар­ма­лары еле­улі орын ала­ды.

Му­зыка мәде­ни­еті. XIX ғасыр­дың екінші жар­ты­сы Қазақстан­ның му­зыка өнерінің гүлден­ген дәуірі бол­ды. Бұл ке­зеңде өмір сүрген көпте­ген аса көрнекті кәсіби ком­по­зитор-әншілер мен күйшілердің шығар­ма­лары ха­лықтың му­зыка­лық клас­си­касы­ның негізін құра­ды. Көпте­ген ха­лық ком­по­зитор­ла­ры өз за­манын­дағы білімді адам­дар еді; олар­дың бәрі дерлік хат та­нитын, кейбіре­улері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығар­ма­ларын но­таға түсіріп жа­за ал­май­тын еді.

XIX ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да Қазақстан­дағы му­зыка өнерінің да­му­ына Дәулет­ке­рей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты ком­по­зитор-му­зыкант­тар үлкен үлес қос­ты. Абай әндері қазақ халқы мен орыс халқының ара­сын­дағы ба­уыр­лас дос­тықты нығай­туға игі ықпал етті. Пуш­киннің «Ев­ге­ний Оне­гин» по­эма­сынан аударған Татьяна ха­тының сөзіне шығарған «Татьяна­ның қыр­дағы әні» қалың елдің сүйікті әніне ай­нал­ды.

Қазақ әндерін жа­зып алу­да С. Г. Ры­баков көп еңбек сіңірді. Ол 100-ден ас­там ән жи­нады. Қазақтың ән әуен­дері ор­кестрлік шығар­ма­лар­да да пай­да­ланыл­ды.

Өлке­тану және ғылы­ми зерт­теу ұйым­да­рының қыз­меті. Бас­пасөз.

Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның эко­номи­касы мен са­яси өмір са­ласы­на Қазақстан­ның енуі оның ерек­шеліктерін жан-жақты зерт­те­уді: оның та­рихи өткен-кет­кенін ой елегінен өткізіп, та­биғи ре­сурс­та­рын, өндіргіш күштер деңгейін анықта­уды қажет етті. Қазақстан­ды зерт­те­умен Ре­сейдің то­лып жатқан ве­домс­тво­лары – Ғылым ака­деми­ясы, Ге­ог­ра­фи­ялық қоғамы, Тау-кен ве­домс­тво­сы, Қаты­нас жол­дар ми­нистрлігі, Мем­ле­кеттік мүлік ми­нистрлігі, Қазан уни­вер­си­теті жа­нын­дағы Ар­хе­оло­гия, та­рих және эт­ногра­фия қоғамы және басқа да ұйым­дар ай­на­лыс­ты.

Белгілі та­рих­шы және мем­ле­кет қай­рат­кері А. И. Лев­шин (1797–1879) «Қырғыз-қазақ не­месе қырғыз-қай­сақ да­лала­рының си­пат­та­масы» де­ген іргелі еңбегінде еуро­палықтарға қазақтар­дың ге­ог­ра­фи­ясын, та­рихы мен эт­ногра­фи­ясын бір жүйеге түсіріп, су­рет­теп берді. Қазақстан­ның әр түрлі қала­ларын­да көпте­ген ғылы­ми қоғам­дар: об­лыстық ста­тис­ти­ка ко­митет­тері, ге­ог­ра­фи­ялық қоғам­ның бөлімдері, 1887 жы­лы Орын­бор ғылы­ми мұрағат ко­мис­си­ясы ашы­лады. Ғылы­ми зерт­теу ор­та­лықта­рының бірі Орын­бор бол­ды. 1896 жы­лы «Да­ла об­лыста­рын зерт­теу жөніндегі экс­пе­диция» жұмыс істей бас­та­ды. Экс­пе­дици­яның міндетіне аумақты та­биғи-та­рихи жағынан зерт­теп, су­рет­теу, жер түрлерін, бұл мәсе­ледегі ауыл­дар мен бо­лыс­тардың маңызын, ша­ру­ашы­лық жүргізу, жерді пай­да­лану тәсілдерін анықтау кірді. Экс­пе­дици­яның құра­мына Ф. А. Щер­би­на, Ә. Бөкей­ха­нов, Л. К. Чер­мак, П. А. Ва­сильев, Н. Ф. Гу­сев, Н. Бе­лев, В. А. Вла­дими­ровс­кий, Н. Ф. Дмит­ри­ев, қазақ зи­ялы­лары­ның үлкен то­бы – Ұ. Ба­занов, Т. Жалмұха­медов, И. Жақсы­лықов, И. Құдайқұлов, И. Тіле­ке­ев, Г. Сар­кин, Р. Мәрсе­ков, Е. Ит­ба­ев, М. Бе­кета­ев, М, Шом­ба­лов, Д. Са­тыбал­дин, Т. Есенқұлов және басқалар кірді. Экс­пе­дицияға қаты­сушы­лар ара­сын­да эко­номис­тер, бо­таник­тер, то­пырақта­нушы­лар, аг­ро­ном­дар бол­ды. Олар ма­тери­ал­дар жи­нап, Қазақтар­дың жер пай­да­лануы жөнінде Ф. А. Щер­би­наның экс­пе­дици­ясы жи­нап, өңде­ген ма­тери­ал­дардың он үш то­мын ба­сып шығаруға әзірледі.

XIX ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да қазақтың ұлттық бас­пасөзі дүни­еге келді. 1870–1882 жыл­дарда Таш­кент­те «Түркістан уәла­яты га­зеті», 1888–1902 жыл­дарда Ом­бы­да қазақ тілінде «Да­ла уәла­яты­ның га­зеті» шығып тұрды.

Қазақстан­ның XX ғ. ба­сын­дағы әле­уметтік-эко­номи­калық жағдайы. Отар­лық қоныс­танды­ру са­яса­тының күшеюі. Сто­лыпин аг­рарлық ре­фор­ма­сы.

1905–1907 жыл­дардағы ре­волю­ция жеңілген­нен кейін Ре­сей­де ре­ак­ция ке­зеңі бас­талды. 1907 жы­лы 3-ма­усым­да Екінші мем­ле­кеттік Ду­маның та­ратылғаны, Үшінші мем­ле­кеттік Ду­ма сай­ла­уы ту­ралы ере­жеге өзгерістер енгізілгені жөнінде пат­ша жар­лығы шықты. Заң бойын­ша қазақтар мен өлкені ме­кен­де­ген басқа шағын ха­лықтар сай­лау құқынан айырыл­ды.

Осы кез­де ре­волю­ци­ялық ұйым­дар мен қозғалысқа қатысқан­дарды сот­сыз және тер­ге­усіз жа­залай­тын тәртіп енгізілді.

Пат­ша өкіметі тек қана қуда­лау жа­са­умен ғана шек­телмеді, со­нымен қатар ша­ру­алар қауымын күшпен ыды­рату са­яса­тын жүргізе бас­та­ды. 1906 жы­лы 9-шы қара­шада Сто­лыпин ша­ру­алар­ды қауым­нан ху­торға бөлу ту­ралы жаңа жер иеле­ну заңын шығар­ды.

П. А. Сто­лыпин 1906–1911 жыл­да­ры Ми­нист­рлер Кеңесінің төрағасы болған кез­де өзінің аг­рарлық ре­фор­ма­ларын әзірледі. Оның бірінші шар­ты ша­ру­аны жердің иесі етіп бекіту бо­латын. П. А. Сто­лыпиннің аг­рарлық са­яса­тының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл Се­нат­тың қара­уына берілген 1906 жылғы 9-қара­шадағы «Ша­ру­алар­дың жер иеле­нуіне және жер пай­да­лану­ына қатыс­ты қол­да­нылып жүрген заңның кейбір қаулы­ларын то­лықты­ру ту­ралы» жар­лық. Ол III-Мем­ле­кеттік Ду­мада 1910 жы­лы 14 ма­усым­дағы «Ша­ру­алар­дың жер иеле­нуі жай­лы кейбір қаулы­лар­ды өзгер­ту мен то­лықты­рулар ту­ралы» заң етіп қай­та қара­лып то­лықты­рыл­ды.

1911 жылғы 29-ма­мыр­да «Жер­ге ор­на­лас­ты­ру ту­ралы» заң қабыл­данды. Аг­рарлық ре­фор­ма­лар бойын­ша ша­ралар­ды жүргізу оның ба­рысын­да ша­ру­алар­дың көшіп-қону­ына еркіндік берілді, нәти­жесінде олар­дың шет ай­мақтарға, со­ның ішінде Қазақстанға жап­пай көшуі кеңінен өрістеді.

1910–1911 жж. жаңа эко­номи­калық өрле­уге бай­ла­ныс­ты Қазақстан­да ереуілдік қозғалыс­тар жан­да­на түсті. 1911 жы­лы ма­мыр айын­да Пе­ровск және Түркістан стан­ци­яла­ры теміржол ше­бер­ха­нала­рының жұмыс­шы­лары, «Ат­ба­сар мыс ру­дала­ры» ак­ци­онерлік қоғамы руд­никтеріндегі кеншілер ереуілге шықты.

1912 жы­лы Ре­сейдің жұмыс­шы қозғалы­сын­да жаңа ре­волю­ци­ялық өрлеу бас­талды. Сол жылғы ма­мыр­да Қазақстан­да Спасск мыс қоры­ту за­уытын­да бас­талған ереуіл 1913 жыл­дың ма­усым айына дейін со­зыл­ды. 1913 жылғы қыркүйек­те Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кен­дерінде болған жұмыс­шы­лар­дың толқуы 1914 жыл­дың бірінші жар­ты­сын­да Ембі мұнай­шы­лары­ның ереуілдерімен ұлас­ты. Жаңа ре­волю­ци­ялық өрлеу кезінде Қазақстан­ның жұмыс­шы та­бы жа­лақыны арт­ты­руға, қожайын­дардың айып­тарды көбей­ту­ден бас тар­ту­ына қол жеткізді. Өлке жұмыс­шы­лары­ның ереуілдері пат­ша өкіметіне қар­сы ша­ру­алар толқула­рының ар­ту­ына, ұлт-азат­тық қозғалы­сының да­му­ына ықпал етті.

1905–1907 жыл­дардағы орыс ре­волю­ци­ясы­на Қазақстан халқының қаты­суы.

Қазақстан еңбекшілерінің 1905–1907 жыл­дардағы ереуілдері орыс халқының ре­волю­ци­ялық күресімен тығыз бай­ла­ныс­ты еді.

1905 жы­лы ақпан­да Орал, Пе­ровск, Түркістан, Шалқар теміржол­шы­лары өздерінің эко­номи­калық жағдай­ла­рын жақсар­ту та­лабын қойған ереуіл жа­сады. 1904 жы­лы пай­да болған Сібір со­ци­ал-де­мок­ра­ти­ялық одағы, оның Ом­бы, Орын­бор, Са­ратов ко­митет­тері Қазақстан жерінде ре­волю­ци­ялық жұмыс­ты күшей­те түсті.

1905 жыл Қазан айын­дағы Бүкілре­сейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан­ның бар­лық қала­ларын­да ше­рулер, ми­тингілер мен жи­налыс­тар бо­лып өтті. Пе­ровскідегі, Орал­дағы, Қарқара­лыдағы, Пав­ло­дар­дағы ма­нифес­та­ци­ялар неғұрлым ірі бол­ды. Олар­ды орыс­тар ара­сынан және қазақтар­дан шыққан жергілікті зи­ялы­лар ұйым­дастыр­ды. Қарқара­лыдағы 1905 жылғы 15 қара­шадағы үлкен са­яси ми­тинг­ке қазақтар­дан, та­тар­лардан, орыс­тардан және басқала­рынан тұра­тын 400-дей адам қатыс­ты. Олар пат­ша өкіметіне қар­сы бірқатар та­лап­тар қой­ды, отар­шы­лық әкімшілікке қар­сы күре­суге шақыр­ды. Кейіннен Қарқара­лы оқиғасы­ның бас­шы­лары қуғынға ұшы­рады. А. Байтұрсы­нов Орын­борға, Ж. Ақба­ев Яку­тияға жер ауда­рыл­ды.

Пат­ша өкіметі 1905 жы­лы 17 қазан­да ел­дегі ре­волю­ци­ялық қозғалыс­ты ба­су мақса­тын­да ар­найы ма­нифест қабыл­да­ды. Бірақ бұл жоғары мәрте­белі ма­нифест жұмыс­шы қозғалы­сын бәсеңдет­кен жоқ, қай­та кейбір жер­лерде күшей­те түсті.

Қазақ жұмыс­шы­лары мен ша­ру­ала­ры пат­ша өкіметіне орыс жұмыс­шы­лары­мен және қоныс­танған ша­ру­алар­мен қол ұста­са оты­рып қар­сы шықты. Қазақ ша­ру­ала­ры ең ал­ды­мен жер, су үшін, теңдік, бос­тандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жы­лы жаз­да Се­мей, Торғай және Орал об­лыста­рын­да жер үшін толқулар бол­ды.

Мәске­удегі жел­тоқсан қару­лы көтерілісінің әсерімен 1905 жыл 11 жел­тоқсан­да Ус­пен руд­нигіндегі жұмыс­шы­лар­дың ірі ереуілі өтті. Ереуіл ба­рысын­да орыс жұмыс­кері Петр То­пор­нин мен қазақ жұмыс­шы­сы Әлімжан Бай­шағыров басқарған «Орыс-қырғыз одағы» құрыл­ды. Жұмыс­шы­лар өздерінің жал­пы жи­налы­сын­да қабыл­даған та­лап­та­рын «Пе­тиция» ретінде руд­ник бас­шы­сы Н. Фелль­ге тап­сырды. Оның бірде-бір пункті қабыл­данбаған­дықтан «Орыс-қырғыз одағының» шақыру­ымен руд­никте ереуіл бас­талды. Руд­ник кеңсесі үстіне қызыл жа­лау көтерілді. Ус­пен руд­нигі жұмыс­шы­лары­ның ереуілі 1905–1907 жыл­да­ры Қазақстан­да болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс та­рихын­да көрнекті орын ала­ды. Яғни, ол өлке­де ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тың ең жоғарғы ша­рықтаған кезі деп са­нала­ды.

1906 жы­лы 6 қаңтар­да пат­ша­ның ар­на­улы жар­лығымен Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­рының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Мел­лер-За­комель­скийдің жа­залау экс­пе­дици­ясы әкелінді.

1905–1907 жж. болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тармен бай­ла­ныс­ты Қазақстан жұмыс­шы­лары­ның кәсіпо­дақ ұйым­да­ры бой көтерді. Алғашқылар­дың бірі бо­лып Орал­дағы теміржол­шы­лар­дың кәсіпо­дағы (1905 ж. қара­ша) құрыл­ды, оған Н. Сму­ров, Н. А. По­кати­лов және Н. И. Ульянов бас­шы­лық жа­сады. 1905–1906 жж. Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның кәсіпо­дағы ең ірі ұйым бо­лып са­нал­ды. Оның 6 мың мүшесі болған.

1905 жы­лы жел­тоқсан айын­да I Мем­ле­кеттік Ду­маны шақыру ту­ралы пат­ша үкіметінің жар­лығы шығып, оған Қазақстан­нан 9 де­путат, оның ішінде 4 қазақ сай­лан­ды. Олар: Ә. Бөкей­ха­нов, А. Бірімжа­нов, А. Қал­ме­нов, Б. Құлма­нов. 1906 жы­лы та­мыз айын­да II Мем­ле­кеттік Ду­ма шақырыл­ды. Оған Қазақстан­нан 14 де­путат сай­лан­ды, оның ал­та­уы қазақ ха­лық өкілдері бол­ды. Олар: Ш. Қошығұлов – Ақмо­ла об­лы­сынан, Х. Нұре­кенов – Се­мей об­лы­сынан, Б. Қара­та­ев – Орал об­лы­сынан, А. Бірімжа­нов – Торғай об­лы­сынан, Т. Ал­ла­бер­ге­нов – Сыр­да­рия об­лы­сынан, М. Ты­ныш­ба­ев – Жетісу об­лы­сынан.

Ұлттық қозғалыс­тың Ә. Бөкей­ха­нов, А. Байтұрсы­нов бас­таған же­текшілері ха­лықтың азат­тық қозғалы­сын конс­ти­туци­ялық мо­нар­хия, ли­берал –де­мок­ра­ти­ялық ре­фор­ма­лар жүргізу үшін күрес­ке бағыт­тағысы келді. 1905 жы­лы қазан­да ұлттық ин­телли­ген­ция өкілдері Орал­да бес об­лыстағы қазақтар­дың де­легат­та­рының съезін өткізіп, он­да олар­дың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ре­сейдің конс­ти­туци­ялық-де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы­ның фи­ли­алын құрмақшы бол­ды. 1906 жы­лы сәуір-ма­мыр ай­ла­рын­да Се­мей­де қазақтар­дың екінші съезі бо­лып өтті.

Қазақ еңбекші бұқара­сының 1905–1907 жыл­дардағы ұлт-азат­тық қозғалы­сы көп жағдай­да ұйым­даспаған түрде өтті.

Алаш қай­рат­керлері

Әли­хан Нұрмұха­медұлы Бөкей­ха­нов (1866–1937) қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кері, бұрынғы Се­мей об­лы­сы Қарқара­лы уезі Тоқыра­уын бо­лысы­ның 7-ауылын­да дүни­еге кел­ген. Ұлт-азат­тық қозғалыс же­текшісі, пуб­ли­цист ғалым, аудар­ма­шы. Әли­хан Бөкей­ха­нов Ор­та жүздің ха­ны Бөкейдің ұрпағы (Бөкей-Ба­тыр-Мыр­за­тай-Нұрмұха­мед-Әли­хан). Әкесі оны ба­ла күнінде Қарқара­лыға алып ба­рып мед­ре­сеге оқуға бер­ген, алай­да ол оқуды қанағат тұтпай қала­дағы үш сы­нып­ты бас­та­уыш мек­тепте оқиды. 1879–1886 жыл­да­ры Қарқара­лыдағы қазақ ба­лала­рына ар­налған мек­тепте білім ала­ды. 1886–1890 жыл­да­ры Ом­бы­дағы тех­ни­калық учи­лище­де оқып, «тех­ник» ма­ман­дығын алып шығады. 1890–1894 жыл­да­ры Санкт-Пе­тер­бург­тегі ор­ман инс­ти­туты­ның эко­номи­ка фа­куль­тетінде оқиды. Сту­дент бо­лып жүрген кез­де са­яси та­лас-тар­тыстарға бел­се­не ара­ласып, ұлт-азат­тық қозғалыс­тарға қатысқан. Сол кездің өзінде «са­яси бел­сенділігі үшін» пат­ша жан­дарме­ри­ясы­ның қара тізіміне іліккен. Пат­ша өкіметі кезінде қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқар­ды және Пав­ло­дар­да, Се­мей­де бірне­ше рет қама­уда отырған. 1917 жы­лы 5–13 жел­тоқсан­да Орын­борда өткен «Алаш» пар­ти­ясы­ның екінші съезінде Ә. Бөкей­ха­нов Ала­шор­да үкіметінің төрағасы бо­лып сай­лан­ды. Кеңес өкіметін мойын­да­мады. Қазақтың еге­менді ел бо­луы үшін күресті. 1937 жы­лы ату жа­засы­на кесілген.

Ах­мет Байтұрсы­нов (1873–1938) қазіргі Қос­та­най об­лы­сы Жан­гелдин ауда­ны Са­рытүбек ауылын­да дүни­еге кел­ген. Ұлт-азат­тық қозғалыс же­текшісі, мем­ле­кет қай­рат­кері, ақын, пуб­ли­цист, линг­вист, қазақ әде­би­етінің негізін қала­ушы­лар­дың бірі, ғалым, ұлттық жа­зудың ре­фор­ма­торы, ағар­ту­шы. Ата­сы Шо­шақ мінезі сал­мақты, шын­дықты бет­ке ай­та білетін ақыл­ды да бе­делді адам болған. Мыр­за­лығы сон­дай, не­мересі Ах­мет дүни­еге кел­генде құтты бол­сын айтқан адам­дарға бір ат, бір түйеден сүйінші бер­ген. Торғай мен Орын­борда білім алған­нан кейін А. Байтұрсы­нов Ақтөбе­де, Қос­та­най­да, Қарқара­лыда орыс-қазақ мек­тептерінде са­бақ бер­ген. 1909 жы­лы са­яси бел­сенділігі үшін Се­мей түрмесіне жа­была­ды. 1910 жы­лы Орын­борға жер ауда­рыла­ды және 1917 жылға дейін сон­да бо­лады. Өзінің сенімді дос­та­ры Ә. Бөкей­ха­нов, М. Ду­латов­пен бірге 1913 жыл­дан бас­тап ұлттық «Қазақ» га­зетін шығарып, ре­дак­то­ры бол­ды. Ре­сей­де пат­ша өкіметі құлаған­нан кейін қазақ жерінде «Ала­шор­да» үкіметін құру үшін бар күшін сал­ды. Боль­ше­вик­терді мойын­да­мады, қар­сы шықты. 1921–1928 жыл­да­ры Қазақ ха­лық ағар­ту инс­ти­тутын­да са­бақ бе­реді. 1929 жы­лы 2 ма­усым­да Алаш қай­рат­керлерімен бірге Ал­ма­тыда тұтқынға алы­нады. Ре­сейдің солтүстік об­лыста­рына жер ауда­рыл­ды. Кейіннен бо­сап шығып, бірақ қай­та­дан 1937 жы­лы қамауға алы­нып, аты­лады.

Міржақып Ду­латов (1885–1935) қазіргі Қос­та­най об­лы­сы Жан­гелдин ауда­нын­да дүни­еге кел­ген. Көрнекті қазақ ақыны, жа­зушы, пе­дагог, қоғам қай­рат­кері. 20-жыл­дардың бас кезіндегі қазақ мәде­ни­еті мен әде­би­етінің ірі өкілі. 1902 жы­лы Торғай­дағы екі сы­нып­тық орыс-қазақ пе­даго­гика­лық учи­лищесін бітірген. 1902–1918 жыл­да­ры мұғалім болған, «Айқап» жур­на­лын­да, «Қазақ» га­зетінде қыз­мет ет­кен. 1917–1918 жыл­да­ры «Алаш» пар­ти­ясын, Алаш ав­то­номи­ясын, Ала­шор­да үкіметін құру­шылар­дың бірі ретінде, Қазақ мем­ле­кетін құру ісіне бел­се­не ат­са­лыс­ты. 1928 жы­лы реп­рессияға ұшы­рап, 1935 жы­лы ай­да­уда жүріп қай­тыс бол­ды. Міржақып әде­би­ет пен мәде­ни­ет­те жаңа де­мок­ра­ти­ялық бағыт­тың кеңінен орын алып, да­му­ына зор үлес қос­ты. Бұл идея «Оян, қазақ!» ат­ты өлеңдер жи­нағын­да қуат­ты ұран бо­лып естілді.

Мұста­фа Шоқай (1890–1941) Ақмешіт, қазіргі Қызы­лор­да об­лы­сын­да дүни­еге кел­ген. Қазақ ой­шы­лы, оқымыс­ты, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, XX ғасыр ба­сын­дағы еліміздің тәуелсіздігі мен бос­тандығы жо­лын­дағы күрес­керлердің ірі өкілі. Мек­тепте мұсыл­манша білім алып, Таш­кент гим­на­зи­ясын, Санкт-Пе­тер­бург уни­вер­си­тетінің заң фа­куль­тетін ал­тын ме­даль­мен бітірген. Мұста­фа Шоқай 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін Ре­сей Мем­ле­кеттік Ду­масы­ның Мұсыл­ман фрак­ци­ясы Са­яси бю­росын­да Түркістан ха­лықта­рының өкілі бол­ды. Ұлы Түркістан мем­ле­кетін құру иде­ясын ұстан­ды. 1917 жы­лы 22 қара­шада Қоқан­да мұсыл­ман ұйым­да­ры конг­ресс өткізіп, Түркістан ав­то­номи­ясын жа­ри­яла­ды. Шоқай үкімет мүшесі бо­лып сай­ла­нып, көп кешікпей ол орын­нан кет­кен премьер-ми­нистр М. Ты­ныш­ба­ев­ты ал­масты­рады. Мұста­фа Шоқай Ала­шор­да үкіметінің құра­мына да енді, бірақ Қоқан ав­то­номи­ясы талқан­далған­нан кейін им­мигра­цияға ке­туге мәжбүр бо­лады. Им­мигра­ци­яда жүріп Кеңес­терге қар­сы иде­ялық күресін жалғас­ты­рады. Қазақ халқының отар­шылдыққа қар­сы күресі та­рихын­дағы аса ірі қай­рат­кер тұлғала­рының бірі Мұста­фа Шоқай 1941 жы­лы Бер­линде беймәлім жағдай­да қай­тыс бол­ды.

Жақып Ақба­ев (1876–1934) қазіргі Қараған­ды об­лы­сы Ақтоғай ауда­нын­да дүни­еге кел­ген. Қазақстан­дағы ұлт-азат­тық қозғалысқа қаты­сушы, қоғам қай­рат­кері, қазақ халқынан шыққан тұңғыш құқық ма­гистрі. Санкт-Пе­тер­бург уни­вер­си­тетінің заң фа­куль­тетін 1903 жы­лы ал­тын ме­даль­мен бітірген. 1905–1907 жыл­да­ры Ом­бы, Пет­ро­павл, Се­мей, Пав­ло­дар, Ба­янауыл, Қарқара­лы қала­ларын­да де­монс­тра­ци­яларға қаты­сып, ми­тингілер мен жи­налыс­тарда сөз сөй­леді. «Степ­ной край» (Ом­бы) га­зетінде отар­лау ап­па­раты­ның оз­бырлығы мен жүгенсіздік әре­кет­терін, са­модер­жа­ви­енің ха­лыққа жат са­яса­тын әшке­реле­ген мақала­лар жа­зып, еңбекшілерді пат­ша өкіметінің отар­шылдық са­яса­ты мен езгісіне қар­сы күрес­ке шақыр­ды. 1917 жы­лы Ала­шор­да үкіметінің мүшесі бо­лып сай­лан­ды. Жақып Ақба­ев пат­ша өкіметіне қар­сы күресін тоқтат­пағаны үшін 1910 жы­лы То­был қала­сына жер ауда­рыл­ды. 1917 жы­лы шілде­де Кол­чактың әске­ри-да­лалық со­ты оны Кеңес өкіметін қал­пы­на келтіру үшін ха­лықты көтеріліске шақыр­ды де­ген айып­пен өлім жа­засы­на кесті, 1929 жы­лы Кеңестік билік жалған айып­тармен қуғын­дап, Во­ронеж­ге жер аудар­ды. Халқының бос­тандығы жо­лын­да үнемі қуғын-сүргінге ұшы­раған Ж. Ақба­ев ауруы меңдеп 1934 жы­лы қай­тыс бо­лады. Ж. Ақба­ев­тың өмірі мен қыз­меті, са­яси және құқықтық көзқарас­та­ры оның са­яси серіктері А. Байтұрсы­нов және т. б. Алаш ар­да­гер­лерімен үндес ке­леді. Ж. Ақба­ев қазақтың әдет-ғұрып заңда­рын, со­ның ішінде пуб­ли­цис­ти­калық ма­тери­ал­дар жа­ри­яла­ды.

Мұха­мед­жан Ты­ныш­ба­ев (1879–1937) қазіргі Ал­ма­ты об­лы­сы Сарқанд ауда­ны Ты­ныш­ба­ев ауылын­да дүни­еге кел­ген. XX ғасыр ба­сын­дағы қазақ ұлт-азат­тық қозғалы­сы же­текшілерінің бірі, Алаш қай­рат­кері, тұңғыш кәсіби-тех­ни­калық ма­ман, та­рих­шы-ғалым. 1900 жы­лы Вер­ный гим­на­зи­ясын ал­тын ме­даль­мен, 1906 жы­лы Санкт-Пе­тер­бург Жол қаты­насы инс­ти­тутын үздік бітірген. 1907 жы­лы Жетісу гу­бер­ни­ясы­нан II Мем­ле­кеттік Ду­маға де­путат бо­лып сай­ла­нады. Ду­мада пат­ша­ның отар­шыл са­яса­тына қар­сы бағыт ұстан­ды.

1917 жы­лы Ақпан төңкерісінен кейін Уақыт­ша үкіметтің Түркістан ко­митетінің мүшесі бо­лып тағайын­да­лып, Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы көтерілістің зар­да­бын жо­юда, қырғыз және қазақ босқын­да­рына көмек ұйым­дасты­руда бел­сенділік та­ныт­ты. Алаш­тың 1917 жылғы 21–26 шілде­де Орын­бор қала­сын­да өткен бірінші бүкілқазақ съезіне қаты­сады, 5–13 жел­тоқсан күндері өткен екінші съез­де Ала­шор­да үкіметі – Ұлт Кеңесінің құра­мына мүше бо­лып сай­ла­нады. М. Ты­ныш­ба­ев Түркістан­дағы Қоқан ав­то­номи­ясы­ның тізгінін де ұста­ды. Ол Түрксіб темір жол жо­басын жа­сауға, кейін ма­гист­ральдің құры­лысы­на бел­се­не ара­ласа­ды. 1937 жы­лы реп­рессия құрба­ны бол­ды. М. Ты­ныш­ба­ев ғылы­ми-зерт­теу жұмыс­та­рымен ай­на­лысып, Қазақстан та­рихы мен қазақ халқының ру­лық-тай­па­лық құра­мы ту­ралы құнды еңбек­тер жаз­ды.

Ха­лел Досмұха­медов (1883–1939) қазіргі Аты­рау об­лы­сының Қызылқоға ауда­нын­да дүни­еге кел­ген. Ала­шор­да көсем­дерінің бірі, дәрігер, ғалым, пуб­ли­цист. 1903 жы­лы Орал ре­ал­дық учи­лищесін үздік, 1909 жы­лы Санкт-Пе­тер­бург Им­пе­ратор­лық Әске­ри ака­деми­ясын ал­тын ме­даль­мен бітірген.

1905 жыл­дан бас­тап, са­яси күрес­пен ай­на­лыса бас­та­ды. «Алаш» пар­ти­ясы­на кіріп, Ала­шор­да үкіметінің мүшесі бол­ды. 1918 жы­лы қыркүйек айын­да Ба­тыс Ала­шор­да­сы құры­лып, оның бас­шы­лығына Жан­ша және Ха­лел Досмұха­медов­тар тағайын­да­лады. Ха­лел Досмұха­медов Алаш­тың өзге қай­рат­керлерімен бірге Алаш пар­ти­ясы­ның жұмы­сына, Алаш ав­то­номи­ясын жа­ри­ялау ісіне, Ала­шор­да үкіметін құруға бел­се­не ат са­лысып, оның бас­шы­лары қата­рын­да бол­ды. 1920 жы­лы Алаш қыз­метіне тыйым са­лынған соң Х. Досмұха­медов бүкіл күш-жігерін ғылым-білімге жұмсай­ды. Ала­шор­даға қатысқаны үшін са­яси айып тағылып, 1939 жы­лы атылған.

Ха­лел Досмұха­медов қазақ ғылы­мының қалып­та­су­ына ора­сан еңбек сіңірді. Ғалым соңына ме­дици­на, тіл білімі, та­рих, эт­ногра­фия және әде­би­ет жан­ры бойын­ша қыру­ар мұра қал­дырды. «Мұрат ақын сөздері», «Иса­тай-Ма­хам­бет», «Ала­ман» ат­ты жи­нақтар шығар­ды.

XX ғасыр ба­сын­дағы Қазақстан мәде­ни­еті

Оқу ағар­ту ісі. XIX ғ. аяғы – XX ғ. ба­сын­да Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның ха­лыққа білім бе­ру ісі мен мек­теп жүйесіндегі өзіндік ерек­шеліктері Қазақстан­дағы ха­лыққа білім бе­ру ісі мен бүкіл ағар­ту жүйесіне көп дәре­жеде өз ықпа­лын жа­сады. Оқу ағар­ту ісі айқын тап­тық си­пат­та бол­ды, оның Қазақстан­дағы айыр­ма­шылығы ұлттық ерек­шелікке орай жүргізілді. Ұлттық мек­тептер ту­ралы 1870 жы­лы қабыл­данған «Ре­сейді ме­кен­дейтін бұра­тана­ларға білім бе­ру жөніндегі ша­ралар ту­ралы» заң ұлттық мек­тептер­дегі және ұлттық шет ай­мақтар­дағы бүкіл ағар­ту жүйесін: 1) әлі аз орыс­танған­дар үшін, 2) орыс­та­ры көп жер­де тұра­тын­дар үшін, 3) жеткілікті дәре­жеде орыс­танған­дар үшін деп, 3 са­натқа бөлді.

Заңды жүзе­ге асы­ру нәти­жесінде Қазақстан­да әр түрлі об­лыстар­да әр алу­ан үлгідегі мек­тептер құры­ла бас­та­ды. Мәсе­лен, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­рын­да – мек­теп-ин­тернат­тар мен ауыл ша­ру­ашы­лық бас­та­уыш учи­лище­лері, Торғай мен Орал­да – ауыл­дық мек­тептер, бо­лыс­тық (бір сы­нып­ты), екі сы­нып­ты учи­лище­лер, Жетісу мен Сыр­да­ри­яда — «орыс бұра­тана­лық» мек­тептер, Ішкі Ор­да­да (Бөкей Ор­да­сын­да) стар­шындық және учас­келік учи­лище­лер құрыл­ды. Олар­дың бәрі Ха­лық ағар­ту ми­нистрлігіне бағын­ды.

Ха­лыққа білім бе­ру са­ласын­дағы им­пе­ри­ялық са­ясат шеңберінде 1906 жы­лы та­мыз­да бо­лып өткен III жал­пымұсыл­мандық съезі ха­лыққа білім бе­ру ісі бойын­ша тұтас бағдар­ла­ма жа­сады. Съезд шешімдерінде бы­лай деп белгіленді:

  1. бар­лық қоныс­тарда ба­лалар мен қыз­дарға міндетті бас­та­уыш білім бе­ретін мек­тептер ашыл­сын;
  2. оқыту бір бағдар­ла­ма бойын­ша және араб әліпбиі негізінде ана тілінде жүргізілуі тиіс бол­ды;
  3. мек­тептерді ұстау земс­тво­ның, қала мол­да­сының қара­уын­да, ал басқару мен бақылау мұсыл­мандар­дың өз қолын­да бо­луға тиіс;
  4. мұғалімдер мен оқушы­лар құқықта­ры жөнінен орыс мек­тептерінің мұғалімдерімен және оқушы­лары­мен теңестірілу­ге тиіс бол­ды.

1907 жы­лы Ре­сей им­пе­ри­ясын­да жал­пы білім бе­руді енгізу ту­ралы жо­ба жа­ри­ялан­ды, он­да бас­та­уыш мек­тептер желісін құру көзделді. Жо­ба бойын­ша білім бе­ру ісі 7–11 жас­тағы ба­лалар­ды қам­туға тиіс бол­ды, бас­та­уыш білім бе­руді 10 жыл ішінде енгізу жо­рамал­данды.

Нақ осы жыл­дарда бас­та­уыш білім бе­ру мұқтаж­да­рына қара­жат бо­сату ту­ралы заң (1908) және 1909 жы­лы Ха­лық ағар­ту ми­нистрлігі жа­нына «мек­теп-құры­лыс қорын» құру ту­ралы заң қабыл­данды. Бұл заң актілері мек­тепте білім бе­ру жүйесін кеңей­тті, ха­лыққа білім бе­ру ісінің, со­ның ішінде Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да орыс-қазақ мек­тептерінің (ол кез­дегі құжат­тарда – орыс-қырғыз және орыс-ту­земдік) кең желісін құруға кейбір дәре­жеде жағдай­лар жа­сады.

Ғылы­ми ме­кеме­лер мен қоғам­дардың қыз­меті.

Мерзімді бас­пасөз. XX ғасыр­дың ба­сына қарай Қазақстан­да ұлттық қазақ зи­ялы­лары­ның қалып­та­су үрдісі жүріп жат­ты, олар­дың бір бөлігі еуро­палық білім алған­дар еді. 1905–1907 жыл­дардағы ре­волю­ци­ядан кейін Ре­сей­дегі мұсыл­мандар­дың, со­ның ішінде түрік ха­лықта­рының қозғалы­сы жаңа қарқын ал­ды. Мерзімді бас­пасөздің пай­да бо­луы мен да­му­ына ка­пита­лизмнің, та­уар-ақша қаты­нас­та­рының, көлік пен бай­ла­ныс­тың да­муы да, өлкені одан әрі отар­лау да се­бепші бол­ды. Ту­ып ке­ле жатқан ұлттық бур­жу­азияның үстемдік етуші орыс бур­жу­азиясы­мен бәсе­кесі, ше­тел ка­пита­лының енуі білім бе­ру, бас­пасөз және бай­ла­ныс жүйесі ре­фор­ма­сының қажеттігін туғыз­ды.

Қазақ тіліндегі мерзімді бас­пасөздің алғашқы ба­сылым­да­ры «Түркістан уәла­яты­ның га­зетін» (1870–1882), «Да­ла уәла­яты­ның га­зетін» (1888–1902) және Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығының рес­ми ор­га­ны бол­ды, ал екіншісін Ом­бы­да Да­ла ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығы шығар­ды (1902 жыл­дан кейін олар Ақмо­ла және Жетісу об­лыста­рының «Ве­домос­та­рына» қосым­ша ретінде шығарыл­ды. Сон­дай-ақ бұл ба­сылым­дар ақпа­рат­тық-анықта­малық си­пат­та бол­ды. Со­нымен қатар га­зет ұйым­да­рына им­пе­ри­яның қамқор­лығын­дағы отар­лық өлкенің тұрмыс сал­тын на­сихат­тау мис­си­ясы жүктелді. Осы мақсат­пен рес­ми емес бөлімде түркі ха­лықта­рының та­рихы, эт­ногра­фи­ясы мен әде­би­еті жөніндегі ма­тери­ал­дар жа­ри­ялан­ды.

Қазақ ұлттық бас­пасөзінің да­муы. Рес­ми емес қазақ мерзімді бас­пасөзінің қалып­та­суы XX ғасыр­дың ба­сын­дағы жал­пы азат­тық қозғалыс­пен тығыз бай­ла­ныс­ты. Ол 1905–1907 жыл­дардағы ре­волю­циның арқасын­да ғана ту­ды. Алай­да бұл ба­сылым­дар дүни­еге едәуір қиын­дықпен келді. 1907 жылғы 28 на­урыз­да II Мем­ле­кеттік Ду­маның де­пута­ты Шай­мер­ден Қос­шығұлов­тың бас­та­масы­мен «Ул­фат» га­зетіне қосым­ша ретінде «Сер­ке» га­зетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қос­шығұлов­тың ай­ту­ын­ша, небәрі 3–4 нөмірі шығарылған. Цен­зу­ра оны қауіпті деп та­уып, га­зет жа­былып қалған. 1907 жылғы на­урыз­да Тро­ицкіде «Қазақ» га­зетінің бірінші (әрі соңғы) нөмірі шықты.

Қазақ қоғамы де­мок­ра­ти­яшыл жұртшы­лығының ұлттық бас­пасөз ұйымын құру жөніндегі ын­та­сы күшейе берді. 1911 жылғы 16 на­урыз­да Орал қала­сын­да қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді «Қазақстан» га­зеті шықты. 1913 жы­лы қыркүйек­тен жел­тоқсанға дейін Пет­ро­павл­да «Ешім да­ласы» га­зеті шығып тұрды.

Алай­да та­ралы­мы шек­те­улі бұл га­зет­тер ора­сан үлкен ай­мақтың түрлі топ­та­рының өске­лең та­лап-тілегін қанағат­танды­ра ал­ма­ды. Жал­пыұлттық көлем­де мерзімді бас­пасөз құру бұрынғысын­ша жал­пыұлттық проб­ле­ма бо­лып қала берді.

«Айқап» жур­на­лы. 1911 жылғы 10 қаңтар­да Тро­ицкіде қазақ халқының та­рихын­дағы тұңғыш «Айқап» ұлттық жур­на­лының бірінші нөмірі шықты. Ұйым­дасты­рушы және бас­па­гер, иде­ялық бас­шы­сы және ре­дак­то­ры М. Се­ралин (1872–1929) бұрын пе­дагогтік және жур­на­листік қыз­метпен ай­на­лысқан, сол кез­ге қарай белгілі ақын, әде­би­етші, қоғам қай­рат­кері болған

«Айқап» жур­на­лы 1911 жылғы қаңтар­дан 1915 жылғы қыркүйек­ке дейін әуелгіде айына бір рет, ал со­нан соң екі рет шығып тұрды. Бар­лығы 88 нөмірі шықты, та­ралы­мы 1000 да­наға дейін жетті. «Айқап» жур­на­лы ағар­ту ісі мен мәде­ни­еттің жар­шы­сы бол­ды.

М. Се­ралин «Айқап» бет­терінде мұсыл­мандар­дың қаси­етті кіта­бының мазмұнын ыңғай­лы, түсінікті ны­сан­да ба­ян­дауға ты­рысқын ав­торлар­дың мақала­ларын жа­ри­ялап отыр­ды. «Айқап» жур­на­лының қазақ фоль­кло­рын зерт­те­удегі, абай­та­нуды қалып­тасты­рудағы, орыс және дүни­ежүзілік клас­си­калық әде­би­етінің ру­хани мұра­сын на­сихат­та­уда атқарған рөлі зор.

Бірінші дүни­ежүзілік соғыс­тың бас­та­луы жағдайын­да едәуір ши­еленіскен зор қар­жы қиын­дықта­ры, зи­ялы­лар­дың бір бөлігінің сол кез­ге қарай өзінің көркемдік то­лысқан­дығымен, қазақ әде­би тілін түле­туімен, стилінің сын­дарлы­лығымен және ең бас­ты­сы толғағы жет­кен жал­пыұлттық проб­ле­малар­ды қоюымен әйгілі болған «Қазақ» га­зеті жағына шығуы 1915 жыл­дың та­мызын­да «Айқап» жур­на­лы шығуының тоқта­тылу­ына се­беп бол­ды.

«Қазақ» га­зеті. «Қазақ» га­зеті ап­та­лық ба­сылым бо­лып шықты. 1913 жылғы ақпан­нан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі ке­зең ішінде 3000 да­на та­ралым­мен 265 нөмірі жа­рық көрді. Же­келе­ген нөмірлері 8000 да­наға дейін же­тетін та­ралым­мен шықты. Ре­дак­ци­ялық алқа 1914 жылғы жаңа жыл­дық 45-нөмірінде га­зетті 10 об­лыстың қазақта­ры жаз­ды­рып ала­тынын ха­бар­лаған. Бұған қоса оны Орын­бор, Уфа, Қазан, Пе­тер­бург, Мәскеу, Томск қала­ларын­дағы, басқа да бірқатар қала­лар­дағы, сон­дай-ақ Түркия мен Қытай­дағы оқыр­мандар алып тұрды.

«Қазақ» га­зетінің ре­дак­то­ры Орын­борда ай­да­уда жүрген кезінде сол кез­ге қарай ағар­ту­шылық қозғалыс­тың та­нымал көшбас­шы­сы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің ма­маны, ой-өрісі кең және ұлт да­му­ының жол­да­рын көре білген жа­лын­ды қоғам қай­рат­кері Ах­мет Байтұрсы­нов бол­ды. 1914 жылғы 19 ма­мыр­да Бас­пасөз істері жөніндегі бас басқар­ма­ның кеңсесі М. Ду­латовқа «Қазақ» га­зетінің екінші жа­уап­ты ре­дак­то­ры міндетін атқаруға рұқсат етті. «Қазақ» га­зеті 1918 жы­лы (№№261 – 265) Жанұзақ Жәнібе­ков­тың ре­дак­ци­ялауымен шықты.

XX ғасыр­дың ба­сын­дағы де­мок­ра­ти­яшыл қазақ зи­ялы­лары­ның бүкіл азат­тық қозғалы­сы сияқты, бұл га­зеттің де же­текші бағытын белгіле­уде қазақ халқының бос­тандығы жо­лын­дағы аса көрнекті күрес­кер, са­ясат­шы, эко­номист, та­рих­шы, эт­нограф, әде­би­ет­та­нушы, ста­тис­тик-со­ци­олог, көсемсөзші, эн­цикло­педи­ялық тұрғыдағы ғұла­ма Ә. Бөкей­ха­нов зор рөл атқар­ды.

Біртұтас бо­лып біріккен үштік – А. Байтұрсы­нов, М. Ду­латов, Ә. Бөкей­ха­нов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шам­шы­рағы болған ғасыр­дың ұлттық га­зетін құра білді.

Га­зетті оның негізін қала­ушы­лар «Қазақ» деп ата­ды. Ха­лықтың өз атын қал­пы­на келтіріп, олар сол арқылы отар­шы­лар та­рапы­нан бұра­тана­ларға менсінбей қарауға қар­сы на­разы­лық білдірді, қазақтар ара­сына ұлтжан­ды­лық мақта­ныш және бірлік иде­ясын та­рат­ты.

«Қазақ» шын мәнінде бүкілре­сейлік га­зет бол­ды. Ол ха­лықара­лық жағдайға жүйелі түрде тал­дау жа­сап, он­дағы Ре­сейдің рөлін анықтап отыр­ды, ел­дегі және ше­тел­дегі де­мог­ра­фи­ялық жағдай­ды ашып көрсетіп, бүкіл түрік дүни­есінің, мұсыл­мандар қозғалы­сының тағды­рын қадағала­ды. Га­зет Мем­ле­кеттік Ду­маның жұмы­сына, оның мінберінен қазақ халқының мүдде­лерін қорғау мәсе­лелеріне ерек­ше мүдделік та­ныт­ты.

Қазақ әде­би­еті. Ре­сей­дегі XX ғасыр­дың ба­сын­дағы ре­волю­ци­ялық қозғалыс ұлттық шет ай­мақтар­дың, со­ның ішінде Қазақстан­ның да жағдайына әсерін тигізді. Са­ны аз ұлттық зи­ялы­лар осы жағдай­ды пай­да­ланып, тәуелсіздік пен бос­тандық үшін, ха­лықты ғасыр­лар бойын­дағы ұйқыдан ояту үшін, қос езгіден: пат­ша өкіметінің отар­шылдық бұғауынан және жергілікті пат­ри­ар­хаттық-ру­лық зор­лық-зом­бы­лықтан құты­лу үшін күрес бас­та­ды. Зи­ялы­лар ха­лықты тәуелсіздік жо­лына шығар­ды, білімді, ғылым­ды, өнерді меңге­руге шақыр­ды.

XX ғасыр­дың ба­сын­дағы қазақ әде­би­еті да­му­ының ерек­шелігі оның басқа ха­лықтар­дың әде­би­ет­терімен бай­ла­нысы бо­лып та­была­ды. Та­рихи жағдай қоғам­дық-эко­номи­калық бай­ла­ныс­тардың күшеюіне се­бепші бо­лып қана қой­май, ру­хани мәде­ни­ет са­ласын­дағы қарым-қаты­нас үрдісін жан­данды­ра түсті. XX ғасыр­дың ба­сын­дағы қазақ әде­би­еті сол та­рихи дәуірдегі ха­лық өмірінің шын­дығы ту­ралы көркем шежіре бол­ды.

Ах­мет Байтұрсы­нов (1873–1938) – XX ғасыр­дың ба­сын­дағы қазақ әде­би­етінің бос­тандық пен тәуелсіздік жо­лын­дағы күрес иде­ясы­мен байытқан ақын. Ол қазақ тілінің ре­фор­ма­торы. Ол араб гра­фика­сы негізінде әліпби жа­сады. 1912 жы­лы бас­талған бұл жұмыс 1924 жы­лы «Жаңа ем­ле» ретінде рес­ми қабыл­данды. А. Байтұрсы­нов «Оқу құра­лы» (1912) және «Тіл құра­лы» оқулықта­рын жаз­ды, олар үш бөлімнен: фо­нети­ка, мор­фо­логия, син­таксис бөлімдерінен тұра­ды. А. Байтұрсы­нов­тың оқулықта­ры қазақтар үшін ғана емес, со­нымен қатар бүкіл түркі тілдес дүние үшін де жаңалық бол­ды. Кейінірек­те ол әдісте­мелік си­пат­тағы «Ба­ян­шы» (1926), «Тіл жұмсар­ту» (1928) де­ген кітап­тар шығар­ды. Әде­би­ет­та­ну жөніндегі тұңғыш еңбек — «Әде­би­ет та­нытқыш» (1926) та Байтұрсы­нов­тың ту­ын­ды­сы.

Міржақып Ду­латов (1885–1935) — Ах­мет Байтұрсы­нов­тың ха­лық бос­тандығы жо­лын­дағы күрес жыл­да­рын­да да, әде­би­ет са­ласын­да да оны­мен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» (Уфа,1909) жи­нағы – ха­лық тағды­рының проб­ле­мала­ры өткір көтерілетін алғашқы ту­ын­ды­лар­дың бірі.

«Оян, қазақ!» жа­рыққа шыққан кезінен бас­тап отар­шылдыққа қар­сы бағыт­талған кітап ретінде қабыл­данды, оның та­ралы­мы жойып жіберілді, ал ав­то­ры қуғынға ұшы­рап, та­лай рет түрме­ге қамал­ды. Алай­да бұл ақын­ды мойыт­па­ды, ол өзінің әде­би-көсемсөздік қыз­метін сол күйінде бел­сенді түрде жалғас­ты­ра берді. Бұл ке­зеңде ол «Бақыт­сыз Жа­мал» ро­манын (Орын­бор, 1910), «Аза­мат» (Орын­бор, 1913), «Тер­ме» (Орын­бор, 1915) де­ген жи­нақта­рын шығара­ды. 1913 жыл­дан бас­тап Орын­борда тұрақты тұрып, Ах­мет Байтұрсы­нов­пен бірге «Қазақ» га­зетін шығара­ды.

М. Ду­латов орыс және ше­тел клас­сиктерінің (Пуш­кин, Лер­монтов, Шил­лер, Тоқай) бірқатар ту­ын­ды­ларын аудар­ды. Ду­латов­тың қазақ көсемсөзін да­мытуға да қосқан үлесі баға жеткісіз.

Сұлтан­махмұт То­райғыров (1893–1920) – тәуелсіздік ісіне, ха­лықтың прог­ресс пен мәде­ни­ет жо­лымен да­му­ына зор үлес қосқан ақын. Ол өткір сы­ни бағыт­тағы, әділетсіз өмір бет пер­десін аша­тын, на­дан­дық пен қараңғылықты түй­рейтін ту­ын­ды­лар жаз­ды. Отар­шылдыққа қар­сы күрес­кен ба­уыр­ла­рына ын­ты­мақтас­тық ни­ет көрсе­те оты­рып, С. То­райғыров «Та­ныс­ты­ру» де­ген по­эма­сын­да (1918) Ду­латов­ты, Байтұрсы­нов­ты, Бөкей­ха­нов­ты «күн», «таң», «ай» деп атай­ды.

Сұлтан­махмұт қазақ әде­би­етін оның көркемдік-эс­те­тика­лық да­муы тұрғысы­нан байыт­ты. Бұлар­мен қатар ол қазақ әде­би­еті үшін жаңа жанр­лар­ды қалып­тасты­ру мен да­мыту ісінде біраз іс тын­дырды. Оның өлеңмен жа­зылған «Қамар сұлу», «Кім жа­зықты» ро­ман­да­ры, «Адасқан өмір», «Ке­дей» по­эма­лары, ли­рика­лық өлеңдері, көсемсөздік, сын мақала­лары оның көркемдік ізденістерінің сан қыр­лы және жан жақты болғанын ашып көрсе­теді.

Үгіттік-ұран­шыл өлеңдер шеңберінен шығып, ол та­биғат және адам­ның ішкі дүни­есі ту­ралы те­реңдігі мен көркемдігі жағынан та­маша ли­рика­лық өлеңдер туғыз­ды. Ақын әлі де фе­одал­дық-пат­ри­ар­хаттық негіздердің шыр­ма­уын­да қалып, қараңғылық пен на­дан­дық күн кеш­кен қазақ қоғамы да­му­ының өткір әле­уметтік проб­ле­мала­рын ашып көрсе­те білді («Кім жа­зықты»). Оның уақыт­ты, дәуірді фи­лосо­фи­ялық ой елегінен өткізу­ге құрылған по­эма­лары ли­рика­лық-пуб­листи­калық по­эма жан­ры­ның жаңа да жарқын үлгілері бол­ды. Қазақ әде­би­етінде Абай негізін қалаған ре­алистік өнердің жоғары үлгілерін біз Сұлтан­махмұттың шығар­ма­шылығынан та­ба ала­мыз.

Қазақ әде­би­етінің сын­шыл бағытын да­мыту­да, көркемдік құрал­дар арқылы ағар­ту­шылық иде­яла­рын асқақта­туда Шәкәрім (1858–1931), Сәбит Дөнен­та­ев (1894–1933), Мұха­мед­жан Се­ралин (1872–1929), Спан­ди­яр Көбе­ев (1878–1956), Бе­кет Өтетіле­уов (1883–1949), Әріп Тәңірбер­ге­нов (1856–1924), Ғұмар Қара­шев (1876–1921), Тұрмағам­бет Ізтіле­уов (1882–1939), Бер­ни­яз Күле­ев (1899–1923), Нар­манбет Ор­манбе­тов (1870–1918) және басқалар шығар­ма­шылығының ерек­ше маңызы бол­ды.

Қазақстан Бірінші дүни­ежүзілік соғыс ке­зеңінде (1914–1918)

Бірінші дүни­ежүзілік соғыс 1914 жы­лы 19 шілде­де (1та­мыз­да) бас­талды. Ре­сей соғысқа дайын­дықсыз, әске­ри-өнеркәсіптік әлу­еті төмен, көлігі на­шар да­мыған жағдай­да кірісті, ар­мия әске­ри-тех­ни­калық жағынан на­шар қам­та­масыз етілген еді. Соғыс бас­талған соң жал­пы им­пе­ри­яда, ішіна­ра Қазақстан­да өндіргіш күштердің да­му деңгейі бірте-бірте ке­ми берді.

Бірінші дүни­ежүзілік соғыс Қазақстан эко­номи­касын құлды­рауға әкеп соқты. Ауыл ша­ру­ашы­лығын­да өлке­дегі егіншілік об­лыстар бойын­ша біркелкі да­мыма­ды. Ол құнар­лы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгер­ген және орыс­тың қоныс ауда­рушы ша­ру­ала­рынан тәжіри­бе алған ха­лық ай­на­лысқан аудан­дарда бәрінен де жақсы да­мыды. Соғыс егін ша­ру­ашы­лығына еле­улі өзгерістер енгізді. Ең ал­ды­мен, ауыл ша­ру­ашы­лық бақша дақыл­да­рының егіс көлемі ұлғай­ды.

Ер аза­мат­тарды жап­пай май­данға алу мал ша­ру­ашы­лығының да құлды­ра­уына әкеп соқты. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азы­рақ өсіріле бас­та­ды.

Соғыс жыл­да­рын­да қазақтың мал ша­ру­ашы­лығы бірінші ке­зек­те жайылым­дық алап­тарды одан әрі тар­тып алу сал­да­рынан зар­дап шекті. Бұл мал са­нының аза­юына әсер етті. Қазақтар­дан тар­тып алынған жер­лерде ка­пита­листік үлгідегі ірі мал өсіретін ша­ру­ашы­лықтар құры­ла бас­та­ды. Соғыс жыл­да­рын­да мал са­нының қысқару­ына ауық-ауық өткізіліп тұра­тын рек­ви­зиция да әсер етті. Пат­ша өкіметі соғыс қажет­тері үшін жергілікті ха­лықтан түйе, жылқы, си­ыр, жи­нады. Мал са­нының қысқаруы ең ал­ды­мен қазақ халқының ар­мия қажет­тері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет бе­руге болған­дығынан орын ал­ды. Сан мил­ли­он­дық ар­ми­яның өсе түскен қажет­терін қанағат­танды­ру мүмкін емес еді. Осы­ның сал­да­рынан соғыс тап­сы­рыс­та­ры көбіне­се орын­далмай қала­тын.

1916 жылғы көтеріліс ке­зеңінде пат­ша­лық өкімет орын­да­ры қазақ халқына ар­найы конт­ри­буция сал­ды, оның бүкіл ауырт­па­лығы еңбекші бұқара­ның мой­ны­на түсті. Көтеріліске қатысқан-қатыс­пағаны­на қара­мас­тан олар­дың мүлкі мен ма­лы тар­тып алын­ды.

Бірінші дүни­ежүзілік соғыс бас­талған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажет­тері үшін жұмыс істеді. Өлке­дегі кен өнеркәсібінің маңыз­ды са­лала­рының бірі Ус­пен және Са­сық-Қара­су кеніштерінен темір кенін өндіру бол­ды. Мыс ру­дасын негізінен «Спасск мыс ру­дала­ры», ак­ци­онерлік қоғамы «Ат­ба­сар мыс кен­дері» ак­ци­онерлік қоғам­да­ры өндірді.

1915 жылғы қыркүйектің ор­та­сын­да 80 адам­нан тұра­тын Жетісу әске­ри-өнеркәсіп ко­митеті құрыл­ды. Жыл­дың аяғына қарай Қазақстан­ның бар­лық об­лыс ор­та­лықта­рын­да және уездік әкімшілік ор­та­лықта­рының көпшілігінде ӘӨК (әске­ри-өнеркәсіп ко­митеті) құрыл­ды.

Қазақстан­дағы ӘӨК құра­мына қараған­да, олар­да көбіне­се бур­жу­азияның өкілдері бол­ды, об­лыстық ӘӨК ко­митет­терінде ар­мия, жаб­дықтау және ин­тендант­тық сұра­ныс ке­рек-жа­рағымен, кәсіпо­рын­дарды жұмыс күшімен және отын­мен, ме­дици­налық қыз­мет көрсе­тумен ай­на­лысуға тиісті 5–7 бөлім бол­ды.

Соғыс жыл­да­рын­да жүн өніміне сұра­ным ұлғай­ды. Өлке­дегі шұға өндіретін тұңғыш Қарғалы фаб­ри­касы әске­ри тап­сы­рыс орын­дап, ши­нель­ге ар­налған сұрғылт ар­мия шұғасын дайын­дай бас­та­ды. Соғыс ар­ми­яны кон­сервілен­ген ет өнімімен тұрақты жаб­дықта­уды қажет етті. Бұл жыл­дарда Пет­ро­павл­да ет-кон­серв ком­би­наты, Орал­да ар­мия ин­тендант­тығының тап­сы­рыс­та­ры бойын­ша жұмыс істе­ген мал со­ятын орын са­лын­ды.

Кәсіпшіліктер­ден ең көп та­ралған­да­ры ба­лық аулау, тұз өндіру және та­сымал­дау кәсіпшіліктері бол­ды.

Соғыс жыл­да­рын­да пат­ша үкіметі қазақтар­дан жерді тар­тып алу­ды жалғас­тырды. Ауыл­дың ең ке­дей бөлігі бұрынғысы­нан да зор қайыр­шы­лыққа түсіп, біржо­ла күй­зелді. Ма­лынан, жерінен айыры­лып, ку­лак­тар мен бай­ларға ба­тырақ болған не­месе өнеркәсіп орын­да­рына, кеніштер­ге, кен орын­да­рына күнкөріс іздеп кет­кен қазақтар са­ны барған сайын көбейе түсті. 1917 жылға қарай Се­мей об­лы­сын­да ғана 17 мыңға жуық ба­тырақ қазақтар тіркел­ген.

Әр түрлі алым­дардың 10-ға тар­та түрі бол­ды. 1916 жы­лы 3 мил­ли­ард сомға жаңа мем­ле­кеттік за­емға жа­зылу науқаны жүргізілді, ол да қазақ халқының мой­ны­на ауыр сал­мақ бо­лып түсті. Соғыс бас­та­лу­ына бай­ла­ныс­ты қазақ халқына тағы бір ауырт­па­лық: әске­ри са­лық са­лын­ды, ол әске­ри міндет­керлік атқар­май­тын­дар ретінде қол­да­ныл­ды. Со­нымен бірге отар­шылдық әкімшіліктің қысы­мымен қазақ халқына май­данға көмек көрсе­ту үшін әр түрлі ерікті қайырым­ды­лық жа­сау міндет­телді.

Соғыс жыл­да­рын­да ке­дей­лер мен ор­та­шалар­дың жағдайы на­шар­ла­ды. За­пас­тағы шен иелері от­ба­сыла­рының жағдайы өте ауыр еді, олар не ку­лак­тар ша­ру­ашы­лығын­да ба­тырақтар бо­луға не­месе та­быс та­бу үшін өнеркәсіп ор­та­лықта­рына ке­туге мәжбүр бол­ды. Қазақстан­да әкімшілік-по­лици­ялық езгі жыл өткен сайын күшейтілді.

1916 жылғы 9 қыркүйек­те Ми­нист­рлер кеңесі Сібір мен Да­ла және Түркістан өлке­лерінің об­лыста­рын­да по­лици­ялық күзет енгізу ту­ралы мәсе­ле қара­ды. Соғыс жыл­да­рын­да ха­лық бой көрсе­тулерінің кең та­ралған ны­саны «әйел­дер бүліктері» дейтіндер бол­ды, олар­ды өкімет орын­да­ры үкімет­ке қар­сы бой көрсе­ту деп қара­ды. Сол­даттар бұқара­сының бой көрсе­тулері жергілікті әкімшіліктің жа­залау ша­рала­рын қатай­ту­ына әкеп соқты. Көтерілістер­ге қатысқаны үшін, ереуілдер ұйым­дастырғаны және басқа әре­кет­тер үшін өлім жа­засы енгізілді. Ха­лық бұқара­сының соғысқа және пат­ша өкіметіне қар­сы қозғалы­сы 1915 жыл­дың екінші жар­ты­сын­да ерек­ше күшейді. 1916 жыл­дың ба­сын­да май­дан­нан ре­волю­ци­ялық күрес тәжіри­бесі бар жұмыс­шы­лар қай­тып ора­ла бас­та­ды. Жұмыс­шы қозғалы­сы қай­та­дан өрістей бас­та­ды. Се­мей қала­сын­да еңбекшілердің ерек­ше бой көрсе­туі бо­лып өтті. Он­да 1916 жылғы 19–20 қара­шада 17 дүкен қира­тыл­ды. 1916 жыл­дың екінші жар­ты­сын­да жұмыс­шы қозғалы­сының да­му­ына қазақтар­дың ұлт-азат­тық қозғалы­сы зор ықпал жа­сады. Тыл жұмыс­та­рына шақыруға қар­сы көтеріліспен бай­ла­ныс­ты Қазақстан­ның кең кәсіпо­рын­да­ры мен темір жол­да­рын­да жұмыс­шы­лар­дың ірі толқула­ры атап өтілген. Бұл толқулар жұмыс­шы қазақтар­дың жұмыс­тан жап­пай кетіп қалу­ына ұлас­ты. Жұмыс­шы қозғалы­сын ба­суға ты­рысып, өкімет орын­да­ры үш айға дейін түрме­ге қамауға не­месе 3 мың сомға дейін ақша­лай айыппұл са­луға қатаң ша­ралар қол­данды. 1916 жыл­дың ор­та шеніне қарай ке­дей­лер әбден ашынған жағдайға жеткізілді. II Ни­колай пат­ша­ның «бұра­тана­лар­ды» тыл жұмыс­та­рына алуы ту­ралы жар­лығы Қазақстан­ның бар­лық об­лыста­рын­дағы көтеріліске ұшқын түсірді.

1916 жыл­дың аяғына қарай Қазақстан­дағы қоғам­дық-са­яси қозғалыс ха­лықтың бар­лық топ­та­рын қам­ты­ды: өнеркәсіп орын­да­рының, кеніштер мен кен орын­да­рының жұмыс­шы­лары ереуілдер жа­сады, қала­лар мен се­лолар­да дүкен­дер мен дүңгіршіктер­ге ой­ран са­лын­ды, Қазақстан­ның бүкіл аумағы ұлт-азат­тық қозғалы­сының өртіне оран­ды.

Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азат­тық көтерілісі.

Қазақ жас­та­рын май­дан­дағы тыл жұмы­сына алу жөніндегі пат­ша­ның 1916 жылғы 25 ма­усым­дағы жар­лығы ха­лықтың шы­дамын та­уысып, олар­дың отар­лау езгісі мен ор­та ғасыр­лық қанауға қар­сы көтерілуіне се­беп бол­ды. Қазақтар­дың ту­уы ту­ралы куәлігінің жоғын пай­да­ланып, бо­лыс­тық басқар­ма­лар мен ауыл стар­шында­ры жас­та­рының асқан­дығына қара­мас­тан ке­дей жігіттерді май­данға жұмысқа алы­натын «қара тізімге қос­ты», ал фе­одал­дар ба­лала­рының жа­сын өз бетінше үлкейтіп, не­месе кішірейтіп көрсетіп, әскер­ге жібер­ме­удің ама­лын жа­сап бақты.

Май­дан жұмы­сына қазақ жас­та­рын алу ту­ралы жар­лық қазақ халқының зор на­разы­лығын ту­дыр­ды.

Қазақстан­дағы бұл қозғалыс көпшілік аудан­дарда ұлт-азат­тық си­пат­та бо­лып, пат­ша өкіметіне, отар­шылдыққа, им­пе­ри­алистік соғысқа және жергілікті жер­лерде пат­ша өкіметіне сүйеніш бо­лып отырған фе­одал-бай­ларға қар­сы бағыт­талды. Бұл қозғалыс­ты еңбекші ха­лықтың өкілдері басқар­ды. Торғай да­ласын­да қазақ жас­та­рын Әліби Жан­гелдин мен Аман­гелді Има­нов, Орал об­лы­сы мен Бөкей ор­да­сын­да Сейітқали Мен­де­шев, Ақтөбе да­ласын­да – Әділбек Майкөтов, Жетісу­да – Тоқаш Бо­кин, Бек­бо­лат Әше­ке­ев, Ұзақ Са­урықов, Тұрар Рысқұлов т. б. басқар­ды.

1916 жылғы шілде, та­мыз ай­ла­рын­да көтеріліс бүкіл қазақ да­ласын қам­ты­ды. Оны ба­су үшін пат­ша өкіметі жа­зала­ушы от­рядтар жіберді. Оның құра­мына жақсы қару­ланған әскер бөлімдері, ка­зак-орыс шоғыр­ла­ры кірді.

Көтерілісті ба­су үшін пат­ша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да би­лей бер» де­ген так­ти­касын да кеңінен қол­данды. 1916 жылғы 23 та­мыз­да Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­торы Ку­ропат­киннің жар­лығымен май­дан жұмыс­та­рына шақыры­лудан қана­ушы тап­тардың бірқатар өкілдері бо­сатыл­ды.

1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің бас­ты аудан­да­рының бірі – Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жар­кент – та­ран­шы бо­лысы­ның Го­родс­кое се­лосын­дағы тыл жұмыс­та­рына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жа­сауға қар­сы­лық көрсе­туімен бас­талды.

Жетісу­дағы көтеріліс бас­шы­лары­ның және қазақтың де­мок­ра­ти­яшыл зи­ялы­лары­ның бірі – Тоқаш Бо­кин. Ол ха­лықтар ара­сын­дағы үгіт жұмы­сына бас­шы­лық етті, соғыс­тың ха­лыққа қар­сы си­патын түсіндірді, үстем фе­одал-бай­лар то­бының сатқын­дық рөлін әшке­релеп, пат­ша жар­лығын орын­да­мауға шақыр­ды. 1916 жылғы та­мыз­дың бас кезінде ре­волю­ци­ялық қыз­меті үшін ол қамауға алын­ды. Түрме­де Тоқаш Бо­кин Ақпан төңкерісінің жеңісіне дейін отыр­ды.

Жа­зала­ушы­лар­мен соңғы ұрыс 1916 жылғы қыркүйектің аяғын­да Қапал уезіндегі Бы­жы өзенінің маңын­да жүрді. Көтерілісшілердің жа­сақта­ры жеңіліске ұшы­рап, қалған­да­ры тауға кетті. Жетісу­дағы көтеріліс 1916 жылғы қазан­да ба­сып-жан­шылды.

Көтерілістің ең бір күшті болған ор­та­лығы Торғай об­лы­сы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқара­лық, ең ұзаққа со­зылған, ең та­бан­ды және ұйым­дасқан көтеріліс бол­ды. Көтеріліс Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қос­та­най уез­дерін қам­ты­ды.

Торғай уезінің қып­шақ ру­ының қазақта­ры өздерінің ха­ны (әмірі) етіп Ни­яз бидің не­мересі Әбдіғапар Жан­бо­сынов­ты сай­ла­ды. Ал оның әскерінің бас сар­дарбегі (әскер қол­басшы­сы) бо­лып Аман­гелді Има­нов тағайын­далды. Арғын ру­ының бо­лыс­та­рын Ос­пан Шо­лақов басқар­ды.

Аман­гелді Има­нов 1873 жы­лы Торғай уезінің Қай­да­уыл бо­лысын­дағы ауыл­дардың бірінде, ке­дей ша­ру­аның семьясын­да туған. Әкесінен ер­те айырылған Аман­гелді бай­лар­дың есігінде жүріп, ба­ла күнінен-ақ жоқшы­лық пен мұқтаж­дық көрді. Аман­гелді Има­нов­тың ұйым­дасты­рушы­лық қабілеті ха­лық көтерілісінің алғашқы күндерінен бас­тап-ақ айқын көрінді. Көтерілісшілердің шта­бы (ор­та­лығы) Торғай да­ласы­ның қиыр түкпірінде, Бат­паққара маңын­да ор­на­лас­ты. Ол от­рядта­рын 10, 50, 100 және 1000 адам­нан құралған топ­тарға бөлді. Олар­дың ба­сына он­ба­сы, елу­басы, жүзба­сы, мыңба­сы тағайын­далды.

1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уез­дерінде 20-ға тар­та көтерілісшілер от­ря­ды құрыл­ды. 23 қазан­да Аман­гелді Има­нов бас­таған 15 мың көтерілісшілер Торғай қала­сын қор­шап ал­ды. Бірақ олар қала­ны ала ал­май, қор­шау бірне­ше күнге со­зыл­ды. Аман­гелді бас­таған көтерілісті ба­су үшін пат­ша үкіметі ге­нерал А. Д. Лав­рентьев басқарған 10 мың әскер жіберді. Лав­рентьев әскер­лерінің ке­ле жатқанын естіп, көтерілісшілер Торғай­ды қор­ша­уды қойып, оған қар­сы ат­танды. Жа­зала­ушы­лар көп шығынға ұшы­рап, көтерілісшілер қата­рын әрең бұзып өтіп, 16 қара­шада Торғай қала­сына келіп кірді.

Қара­шаның екінші жар­ты­сын­да көтерілісшілердің негізгі то­бы Торғай­дан 150 шақырым жер­ге қашықтап шегініп, Бат­паққара­ның төңірегіне жи­нал­ды. Мұнда соғыс қимыл­да­рына бас­шы­лық ететін кеңес құрыл­ды. Аман­гелді Има­нов­тың бас­шы­лығымен осы жер­де жа­зала­ушы­ларға қар­сы көтерілісшілердің пар­ти­зан­дық күрес әдістерін кеңінен пай­да­лан­ды.

Бірақ қыс­тың ер­те түсуі көтерілісшілердің қимы­лын қиын­датты. Көтерілісшілер өздерін азық-түлікпен қам­та­масыз етіп, алыс жер­лерге жертөле­лер сал­ды, киіз үй­лер тікті. Сөйтіп, 1917 жыл­дың ба­сынан бас­тап, А. Има­нов күресті әрі қарай жалғас­ты­руды көздеді.

Пат­ша жа­зала­ушы­лары мен Аман­гелді Има­нов­тың көтерілісшілері ара­сын­дағы соғыс қимыл­да­ры 1917 жылғы Ақпан бур­жу­азиялық-де­мок­ра­ти­ялық ре­волю­ци­ясы­нан кейін де жалғаса берді.

Торғай об­лы­сын­да Аман­гелді Има­нов­пен бірге көтеріліске бас­шы­лық етіп, оның дүни­ета­нымын қалып­тасты­руға зор ықпал жа­саған боль­ше­вик Әліби Жан­келдин еді. Ол 1884 жы­лы Торғай уезінің Қай­да­уыл бо­лысын­да ке­дей семьясын­да туған. 1902 жы­лы орыс-қазақ мек­тебін бітірген­нен кейін, ол Қазан се­мина­ри­ясы­на оқуға түсті. 1905 жы­лы Қазақ сту­дент­терінің ре­волю­ци­ялық қозғалы­сына қатысқаны үшін, се­мина­ри­ядан шығарыл­ды. 1906 жы­лы ре­волю­ци­ялық қыз­меті үшін, оны осы­ның ал­дында ғана оқуға түскен Мәскеу се­мина­ри­ясы­нан шығар­ды. 1915 жы­лы боль­ше­вик­тердің Пет­роград ұйымы оны пар­тия мүшелігіне қабыл­да­ды.

Көтерілістің бірыңғай бас­шы­лығы және ұйым­дасты­рушы ор­та­лығы бол­ма­са да, Қазақстан­да бо­лып жатқан оқиғалар басқа ай­мақтарға ықпал жа­сап, өза­ра бай­ла­ныс­ты бо­лып отыр­ды. Көпте­ген аудан­дарда көтеріліс ан­ти­фе­одал­дық си­пат ал­ды. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқара­сының тап­тық са­на-сезімін арт­ты­руда зор рөл атқар­ды. Көтеріліс пат­ша­ның ма­лай­ла­ры ретінде фе­одал­дық ру­лық жоғары топ­тың шын сиқын қазақ ша­ру­ала­рына айқын көрсетіп, ауыл­дағы тап күресін жаңа са­тыға көтерді.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық ша­ру­алар­дың қалың топ­та­ры, сон­дай-ақ жаңадан ту­ын­дап ке­ле жатқан жұмыс­шы та­бының өкілдері, қолөнершілері еді. Оған қазақ халқының өзге топ­та­рының, со­нымен бірге де­мок­ра­ти­ялық ин­те­леген­ци­яның өкілдері де қатыс­ты. Жал­пы алған­да, Қазақстан­дағы 1916 жылғы ұлт-азат­тық көтеріліс қазақтар­мен қатар ұйғыр­лар, өзбек­тер, дұнған­дар және кейбір өзге ха­лықтар­дың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық си­патқа ие бол­ды.

Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азат­тық қозғалы­сы — Ре­сей им­пе­ри­ализмі дағда­рысы­ның бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ре­сей­дегі азат­тық күресінің жал­пы тасқыны­на ұлас­ты. Ол им­пе­ри­ядағы са­яси және әле­уметтік дағда­рыс­тың одан әрі асқына түсуіне се­бепші бол­ды, әске­ри-фе­одал­дық және әске­ри отар­шылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалт­ты.

Қазақстан 1917 жылғы Ақпан ре­волю­ци­ясы кезінде

1917 жыл­дың ба­сын­да Ре­сейдің ре­волю­ци­ялық жаңа толқыны көтерілді. Им­пе­ри­алистік соғыс­ты аза­мат соғысы­на ай­нал­ды­ру ұра­ны кеңінен на­сихат­талды. Пат­ша өкіметі бұқара­ның жап­пай қару­лану­ынан қат­ты сес­ке­не бас­та­ды. Ре­волю­ци­ялық дағда­рыс­тың пісіп-жетіліп ке­ле жатқан­дығы ұлт ай­мақта­рын­да, оның ішінде Қазақстан­да да сезілді. Өлке халқының ара­сын­да ре­волю­ци­ялық өрле­удің өрістеуіне бірінші дүни­ежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне ай­далған Авс­трия-Венг­рия мен Гер­ма­ния соғыс тұтқын­да­ры да еле­улі әсер етті. 1917 жы­лы олар­дың жал­пы са­ны 41.285 әске­ри адам­ды құра­ды. Бұлар­дың ба­сым көпшілігі Ом­бы, Ақмо­ла, Пав­ло­дар, Се­мей уез­дерінде ор­на­лас­ты.

1917 жы­лы 27 ақпан­да Пет­роград­та бур­жу­азиялық-де­мок­ра­ти­ялық ре­волю­ция жеңіске жетті. Пат­ша өкіметі құла­тылып, ми­нист­рлер мен көрнекті ше­не­уніктер тұтқынға алын­ды. Пат­ша өкіметі құла­тылған­нан кейін бүкіл Ре­сей­дегі сияқты Қазақстан­да да қос өкімет ор­на­ды. Бұрынғы пат­ша ше­не­уніктері, эсер­лер, мень­ше­вик­тер және ұлтшыл­дар басқарған бур­жу­азиялық Уақыт­ша үкімет ор­ганда­рымен қатар ха­лықтық өкіметтің жаңа ор­ганда­ры жұмыс­шы­лар, ша­руа және сол­дат де­путат­та­рының кеңес­тері құрыл­ды.

Пат­ша өкіметінің құла­тылу­ын Қазақстан еңбекшілері са­яси және ұлттық азат­тық алу­дың бас­та­масы ретінде қабыл­да­ды. Ре­волю­ци­яшыл ха­лық бұқара­сының бел­сенді қимыл­да­ры нәти­жесінде өлке­де бұрынғы өкімет өкілдері орын­да­рынан түсіріліп, тұтқынға алын­ды. Бур­жу­азиялық-де­мок­ра­ти­ялық ақпан төңкерісінің жеңіске же­туі өлке­дегі еңбекшілердің са­яси бел­сенділігін арт­тыр­ды.

Қазақстан­да кеңес­тер 1917 жы­лы на­урыз-ма­мыр ай­ла­рын­да Се­мей­де, Әули­еата­да, Пет­ро­павл­да, Көкше­та­уда, Ақмо­лада, Пав­ло­дар­да, Орал­да, Өске­мен­де, Ат­ба­сар­да, Түркістан өлкесінде және т. б. жер­лерде құры­ла бас­та­ды. Жұмыс­шы та­бы мен сол­дат де­путат­та­рының кеңес­терімен қатар сәуір-ма­мыр ай­ла­рын­да ша­руа де­путат­та­рының кеңес­тері құрыл­ды. Бұл кеңес­терде көпшілік орын­ды мень­ше­вик­тер мен эсер­лер ал­ды. Со­нымен бірге бур­жу­азиялық уақыт­ша үкіметтің жергілікті ор­ганда­ры 1917 жы­лы на­урыз-сәуір ай­ла­рын­да құрыл­ды. Бұлар­дың ба­сын­да бұрынғы пат­ша өкіметінің отар­ла­ушы ше­не­уніктері, қана­ушы тап­тардың өкілдері тұрды.

Ұлттық ин­телли­ген­ци­яның қалып­та­суы және «Алаш» пар­ти­ясы­ның құры­луы.

Қазақстан­да қазақ ин­телли­ген­ци­ясы басқарған қазақтар­дың ұлттық об­лыстық және уездік ко­митет­тері де ұйым­дасты­рыл­ды. Оларға ко­мис­сарлар бо­лып ұлттық ин­телли­ген­ци­яның өкілдері, атап айтқан­да, Торғай об­лы­сын­да Ә. Бөкей­ха­нов, Жетісу об­лы­сын­да М. Ты­ныш­ба­ев, Түркістан­да М. Шоқаев, т. б. тағайын­далды.

Уақыт­ша үкіметтің Қазақстан­дағы жергілікті ор­ганда­ры ку­лак­тарға, қазақтар­дың бас­шы топ­та­рына, қазақ ауыл­да­рының бай-ма­нап­та­рына арқа сүйеді. Олар жұмыс­шы­лар мен еңбекшілердің ре­волю­ци­яшыл­дық ша­бытын әлсіре­туге ты­рыс­ты, ха­лықты то­на­ула­рын жалғас­ты­ра берді, бұқара­ны им­пе­ри­алистік соғыс­тың ауырт­па­лықта­рын өз мойын­да­рымен көте­руге мәжбүр етті. Қазақтар­ды са­яси құқықта­рынан айырған ескі заңдар күшінде қал­ды, ора­сан зор жер иеліктері мен орыс-ка­зак әскерінің сос­ло­ви­елік ар­тықшы­лықта­ры сақтал­ды, қазақ халқының таңда­улы жер­лерін тар­тып алу­шы Қоныс ауда­ру басқар­ма­сы өз қыз­метін өзгерт­педі. Сөйтіп, Уақыт­ша үкімет Қазақстан­да бұрынғы пат­ша өкіметінің са­яса­тын одан әрі жалғас­тырды.

Пат­ша өкіметі құла­тылған соң, Қазақстан боль­ше­вик­тері ас­тыртын жағдай­дан шықты. Боль­ше­виктік пар­ти­яның қата­рына С. Сей­фул­лин, Б. Серікба­ев, Т. Рысқұлов, С. Арғын­ши­ев және басқала­ры кірді.

Ақпан ре­волю­ци­ясы жеңген­нен кейінгі Қазақстан жұмыс­шы та­бының еле­улі та­бысы – кәсіпшілер одақта­ры ұйым­да­рының құры­луы еді. Олар­дың қалып­та­су­ын­да Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның Қүрыл­тай съезі және Ом­бы темір жол жұмыс­шы­лары мен қыз­меткер­лерінің бірінші съезінің үлкен маңызы бол­ды. Бұл съез­дердің күн тәртібінде бірқатар маңыз­ды са­яси және эко­номи­калық мәсе­лелер қарал­ды. Олар: Уақыт­ша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағат­тық жұмыс күні, жұмыс­шы, сол­дат және ша­ру­алар де­путат­та­ры Кеңес­теріне қатыс­ты­лық, конт­рре­волю­ци­ямен күрес, Құрыл­тай жи­налы­сына қаты­су, пен­си­ямен қам­та­масыз ету және т. б. мәсе­лелер.

Осы кез­де Ом­бы, Орын­бор, Таш­кент, Се­мей т. б. қала­лары оқу орын­да­рының қазақ жас­та­ры алғашқы кез­де мәде­ни-ағар­ту істерімен шұғыл­данған жас­тар үйірме­лері мен ұйым­да­рын құрды. Орын­борда «Еркін да­ла», Ом­бы­да «Бірлік», Орал­да «Жас қазақ», Тро­ицкіде «Үміт» деп ата­латын және басқа жас­тар ұйым­да­ры, 20 шақты үйірме­лер мен топ­тар пай­да бол­ды. Бұл ұйым­дардың белгілі бір бағдар­ла­мала­ры бол­ма­ды, әле­уметтік құра­мы жағынан да біркелкі емес еді. Алай­да, олар қазақ халқын пат­ша өкіметінің ұлттық ор­та­лық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қала­ды, өз халқының білім алу­ын та­лап етті, еңбекшілердің са­насын­да ұлттық бірлік, бос­тандық пен тәуелсіздік иде­яла­рын оятуға ұмтыл­ды. Со­лар­дың бірі Тұрар Рысқұлов ұйым­дастырған «Қазақ жас­та­рының ре­волю­ци­яшыл одағы» еді. Оның құра­мына қазақ халқының ор­та­ша және ке­дей топ­та­рынан шыққан ал­дыңғы қатар­дағы жас­тар енді. Орын­бор қала­сын­да шоғыр­ланған қазақ оқыған­да­ры өза­ра кеңесіп, ке­зек күттірмейтін ұлттық мәсе­лелер­ге бай­ла­ныс­ты бір тұжы­рымға ке­лу үшін жал­пы қазақ съезін шақыру ту­ралы шешім қабыл­да­ды. Олар «Қазақ» га­зеті арқылы қазақ және қырғыз ха­лықта­рына ар­найы үндеу жол­да­ды. 1917 жылғы 21–26 шілде­де Орын­борда болған «Бүкіл қырғыз­дық» съез­де «Алаш» пар­ти­ясы қалып­та­сып, бас­шы ор­ганда­рын сай­ла­ды. Оның құра­мына Әли­хан Бөкей­ха­нов, Ах­мет Байтұрсы­нов, Міржақып Ду­латов, Ел­дос Ома­ров, Мұста­фа Шоқай, Мұха­мет­жан Ты­ныш­ба­ев, Ха­лел Досмұха­медов, Жан­ша Досмұха­медов, Ха­лел Ғаб­ба­сов, т. б. кірді. Бұл пар­ти­яның сол жы­лы 5–13 (18–26) жел­тоқсан­да Орын­борда өткен екінші съезінде қазақтың ав­то­номи­ясы – Ала­шор­да Үкіметі – Ұлт Кеңесі құрыл­ды. «Алаш» пар­ти­ясы­ның Бағдар­ла­масы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұра­ды. Олар:

  1. Ре­сейдің де­мок­ра­ти­ялық фе­дера­ция бо­лып жа­ри­яла­нуы ту­ралы;
  2. Ре­сей құра­мын­да Қазақ ұлт ав­то­номи­ясын құру;
  3. Ха­лықтар ара­сын­да тең құқықтық ор­на­ту;
  4. Дін ту­ралы, дінді мем­ле­кет­тен ажы­ратып шығару;
  5. Ел­дегі билік және сот ту­ралы;
  6. Елді қорғау, әскер және ха­лықтық ми­лиция құру;
  7. Ха­лықтың та­бысы­на қарай са­лық са­лу;
  8. Жұмыс­шы­лар ту­ралы;
  9. Ғылым және білім ту­ралы;
  10. Жер мәсе­лесі.

Жаңа құрылған үкіметтің құра­мына 15 адам, Ха­лық Кеңесі төрағасы бо­лып Әли­хан Бөкей­ха­нов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақса­ты ұлттық бірлікті жан­данды­ру са­яса­ты болған еді.

1918 жылғы 5 қаңтар­да Бүкілре­сейлік құрыл­тай жи­налы­сының күшпен та­раты­луы Алаш ав­то­номи­ясын құру мүмкіншілігіне де зар­да­бын тигізді. Ала­шор­да бас­шы­лары мен боль­ше­вик­тер ара­сын­дағы қай­шы­лық те­реңдей түсті. Егер Алаш пар­ти­ясы, біріккен ұлттық зи­ялы­лар боль­ше­вик­терге қазақ қоғамы­на мүлдем жат әле­уметтік тәжіри­бені күштеп та­нушы, қазақ жұрты­на іріткі са­лушы күш ретінде қара­са, боль­ше­вик­тер Алаш қозғалы­сына ұлттық бур­жу­азия мен фе­одал­дық топ­тардың тап­тық мүддесін қорғай­тын төңкеріске қар­сы кер­тарт­па күш есебінде қара­ды.

Сөйтіп, қазақ елінің ғасыр­лар бойы мыңдаған асыл аза­мат­та­ры ба­сын тіккен биік ар­ма­ны – ұлттық мем­ле­кетті қал­пы­на келтіру ісі – Алаш қозғалы­сы, Ала­шор­да үкіметімен бірге то­тали­тар­лық өктемдік пен им­пе­ри­ялық зор­лық-зом­бы­лықтың ша­бу­ылы­на көміліп, та­рих қой­на­уын­да қала берді.

Эта запись также есть в: English, Russian