12 қараша күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мадагаскар Республикасы Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Пьеро Раджаонаривелоны (Pierrot Jocelyn Rajaonarivelo) қабылдады. Кездесу екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқанына 20 жыл толуы аясында өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Мадагаскар арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың тиімді бағыттарын және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелерін талқыға салды.
Африка континентінің бірқатар елдерінде орын алып отырған ағымдағы жағдайларды қозғай келе Е.Ыдырысов «Қазақстан БҰҰ мен Африкалық Одақтың Африкадағы бірқатар мемлекеттердегі қақтығыс жағдайларды реттеуге бағытталған күш-жігерін қолдайды»,-деп атай отырып, Астананың бейбітшілікті орнату мен бірлікті сақтауға мүдделі екенін жеткізді.
Сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастыққа тоқтала келе, қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысы өз әріптесін «Африкалық континент қазақстандық инвестицияларды осы елдің стратегиялық маңызды объектілеріне құю тұрғысынан үлкен қызығушылық туғызатыны» туралы ақпараттандырды.
Кездесу аясында Е.Ыдырысов өзінің шетелдік әріптесін «ЭКСПО-2017» Халықаралық арнайы көрмесін өткізу құқығына Астана қаласының кандидатурасымен таныстырды.
Келіссөздер шеңберінде тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволар арасында ақпарат алмасу туралы келісімге қол жеткізді.
Өздеріңізге белгілі болатындай, Қазақстан Республикасы мен Мадагаскар Респрубликасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 10 сәуірде орнатылған болатын.