2012 жылғы 16 қарашада Израиль мемлекеті мен Палестина арасындағы қақтығыстың күшейгеніне байланысты, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, ұрыстың нәтижесінде Қазақстан азаматтарының арасында қайтыс болған немесе зардап шеккендер жоқ екендігін, сонымен қатар әскери арпалыс болып жатқан аймақта еліміздің азаматтары тұрып жатпағандығын хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Елшілігінің консулдық есебінде Израильда тұратын 30 азаматымыз тіркелген, ал Сектор Газада тұратын 17 азамат Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшілігінің консулдық бөлімінде есепке алынған.
Бүгінгі таңда Израиль мемлекеті мен Палестинада тұрып жатқан отандастарымыз Қазақстан Республикасына қайта оралу туралы өтініш жасамағанын атап өтеміз.
Қақтығыс шиеленген жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тарапынан азаматтарымызды жедел елге эвакуациялау жоспары әзірленуде.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аталмыш жағдай бойынша қажет болған жағдайда хабарласу мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін келесі байланыс телефондары хабарлайды: Израиль мемлекетіндегі Қазақстанның консулы Мұстафин Еркен Қуандықұлы, жұмыс нөмірі 8-10-97-203 516-34-11, 516-34-64, ұялы нөмірі +972-546-071-528, электрондық мекенжайы – e.mustafin@mfa.kz, Иордания Хашимит Корольдігіндегі Қазақстанның консулы Қойшыбаев Бақытжан Серікұлы, жұмыс нөмірі 8-10-962- 6 – 592-79-53/54, ұялы нөмірі +962-798-806-729, электрондық мекенжайы – kazcon@orange.je
ҚР СІМ Консулдық қызмет Департаментінде аталған аймақтарда тұрып жатқан біздің азаматтардың мәселелеріне қатысты төмендегі қызметкерлер айналысатын болады:
Израиль бойынша – Рамиля Тортаева, жұмыс телефоны +7(7172) 72-04-86
Палестина бойынша – Анар Князбаева, жұмыс телефоны +7(7172) 72-03-07.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бойынша кезекші дипломаттың телефоны – (7172) 72-01-11(18.00-ден кейін).
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аталмыш аймақтарда тұрақтылық орнағанша еліміздің азаматтарына бұл елдерге іс-сапарлардан бас тартуды ұсынады.
Аталған мәселеге қатысты қосымша ақпарат, қажеттігіне байланысты, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланатын болады.