2012 жылы 15 қарашада голландтық Гаага қаласында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Майнұр Мырзамадиева мен Гронинген қаласының Мэрі Питер Ревинкелдің кездесуі өтті.
Нидерландтың солтүстігіндегі ең ірі қаласының басшысына Қазақстанның қазіргі саяси және экономикалық дамуы жайлы, біздің елдегі шетелдік инвестициялардың инстуционалдық және қаржылы қолдауы, инвестициялық және салық артықшылығын қоса алғанда, әрекеттенуі жайлы толық мағлұматы ұсынылды. Сонымен қатар инвестиция салатын әлеуетті салалар, сондай-ақ нақты инвестициялық жобалары көрсетілді.
Гронинген мэрі Нидерланд пен Қазақстан арасындағы инвестициялық және инновациялық қызметтестігінің одан әрі жақындасуының кезекті маңызды факторы ретінде «Жылдамдатылған индустриалды-инновациялық дамыту» мемлекеттік бағдарламасына қатысты ерекше қызығушылығын танытты.
Нидерландтың қазақстандық экономикаға тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша алғы шектегі позицияда орналасқаны жұртқа мәлім. ҚР Ұлттық Банкінің мағлұматы бойынша голланд инвестициялардың жалпы көлемі 47 миллиардтан астам АҚШ долларын құрайды.
Келіссөздер барысында қазақстандық дипломат Еуразиялық құрлықтың дәл Еуропа мен Азияның түйіскен шекарасының ортасында орналаса, біздің ел жоғары транзиттік трансконтиненталдық мемлекеттің әлеуетіне иелігін, мол тәжірибесін және энергетика саласында мүмкіндігін атап өтті. Осыған байланысты әңгімелесушімен мұнай-газ саласында тәжірибе алмасу мүмкіншілігі ұсынылды. Мэрдің ақпараты бойынша, Гронинген алдымен газды сату мен жеткізу саласында қызмет ететін «GasTerra B.V.» және «N.V. Nederlandse Gasunie» сияқты Нидерландтың ірі компанияларының ашылуына келтірген, 1959 жылы ашылған Слохтерен ірі газ кен орнымен әйгілі.
Белгілі болғаны, голланд үкіметі Нидерландтың солтүстігін энергетикалық саланы зерттеу ошағы және энергияның жаңа үлгілер өндірісі ретінде қарастырады. Бүгінгі таңда Гронингенді халықаралық мағынадағы энергетикалық торап ретінде қарастыруға болады.
Сонымен бірге Гронингенді студенттік қала деп те атайды, өйткені қала тұрғындарының 55 мыңы студенттер болып табылады. Осыған орай, кездесуде қала мэрі Гронинген мен Қазақстан университеттері арасында ынтымақтастықты орнату қажеттілігін мәлімдеді. Мысалға, инновациялық даму саласында студенттер мен тәжірибе алмасу.
Кездесу барысында Гронинген мэрі П.Ревинкел біздің елмен жақынырақ танысу үшін Қазақстанға бару қызығушылығын білдіріп, Елшінің туыстас қалалар құру бойынша келісімін жасау туралы ұсынысын ынталықпен қабылдады.
«Қазақстан Республикасының халықаралық майданда стратегиялық серіктесі ретінде маңыздылығын және қалалардың туыстасуының келешегін ескере отырып, муниципалитеттер делегацияларының, энергетика саласында ғана емес, сонымен бірге білім беру, ғылым, спорт, мәдениет саласында да ынтымақтастықты қарқындандыруға мүмкіндік туғызатын өзара сапарларды ұйымдастыру мүмкіншілігін қарастыруға мен дайынмын» – деп Гронинген қаласының мэрі айтып өтті.