Ү.ж. 19-20 ақпанда Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Дәулет Батырашев елдің оңтүстік-батысындағы ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық Тимиш өңіріне жұмыстық сапарын жасады.

Тимиш өңірінің Сауда-экономикалық және ауыл шаруашылық палатасымен бірлесіп, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен елімізде бизнесті жүргізу артықшылығы, сондай-ақ екі ел өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әрекеттесудің келешек дамуына арналған конференция өткізілді. Іс-шарада ауыл және орман шаруашылығы саласындағы, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, соның ішінде тамақ және тоқыма өнеркәсіптер, сондай-ақ туризм салаларында жұмыс істейтін компания мен мекемелер қатысты.

Қазақстандық дипломат румын іскерлік топтар өкілдерін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен, экономиканың басым секторлардағы преференциялар мен ынталандырмалармен, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Президент Жолдауының басты баптармен таныстырды. Өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуына румын бизнесінің қызығушылығын атап өтіп, Румынияның компанияларын Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруында қатысуға шақырды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастығын әртараптандыру турасында, Тимиш өңірінің Сауда-экономикалық және ауыл шаруашылық палатасының басшысы Флорика Кирица жеңіл және химия өнеркәсібі салаларында әрекеттесудің келешегін атап өтті. Сауда-өнеркәсіп палатасы өңірдің негізгі компаниялар өкілдерінен құралған экономикалық миссиясын ұйымдастырып, Қазақстанға ағымдағы жылы жіберілетіндігіне сендірді.

Сапар барысында өңірдің ірі кәсіпорындары мен өндіріс алаңдарына барды. Тимишоара қаласының Политехникалық университетінің жаңындағы Жаңғыртылатын энергия көздері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының өкілдерімен кездесулер өтті. Д.Батырашев румын өкілдерін Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде «Болашақ энергиясы» инновациялық шешімдері мен алдынғы қатарлы технологияларымен белсенді қатысуға шақырды.

Сапар нәтижесінде бір топ румын компаниялары Қазақстанда бизнесті ұлғайтуға дайындығын білдірді. Атап айтқанда, «Azur» лак және бояу жасау өндірісі және «Scandia» азық-түлік өнеркәсібі компанияларының басшылығы Қазақстанда өндіріс алаңдарын ашу жөніндегі жоспарларын жария етті. Сондай-ақ, «Oilfest» өнеркәсіп мекемесі қазақстандық әріптестерімен бірге «суық асфальт» өндірісін ашуға дайын.

Сонымен қатар, Қазақстанның Елшісі сапар барысында Тимиш өңірінің префекті Мирча Бэкалэмен және Өңірлік кеңесінің төрағасы Титу Божинмен кездесу мен келіссөздер өткізді. Тараптар Қазақстан мен Румыния өңірлері арасындағы тікелей әрекеттесуді құру мен дамыту келешегін атап өтті.

 

ҚР Румыниядағы Елшілігі

timisoara4timisoara5timisoara2timisoara1