Мемлекет басшысы Саммитке қатысу барысында бірқатар шетелдік делегациялар басшыларымен келіссөз жүргізді.

Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесуде мемлекеттер басшылары ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық, білім беру саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ инновация енгізу саласындағы бірлескен қызмет мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді. Бұл ретте В.Орбанның былтыр сәуірде Астанаға сапарында жасалған екіжақты уағдаластықтарды жүзеге асыру және агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастық жайы әңгіме арқауына айналды.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуде мемлекеттер басшылары Шанхайда биылғы қыркүйекте өткізу жоспарланған, Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақ ретінде шақырылып отырған «G20» саммиті жайын талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Түркия Президенті Р.Ердоғанмен, Әзербайжан Президенті И.Әлиевпен, Иордания Королі ІІ Абдалламен, Украина Президенті П.Порошенкомен, Армения Президенті С.Саргсянмен, Литва Президенті Д.Грибаускайтемен, Мексика Президентом Э.Пенья Нетомен, Чили Президенті М.Бачелетпен, Үндістан Премьер-Министрі Н.Модимен, Сингапур Премьер-Министрі Л.Сянь Лунмен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Д.Керримен кездесті.