300616

2016 ж. 29 маусымда Бухарест қаласында Қазақстан мен Румынияның сыртқы істер министрліктерінің арасында консулдық мәселелер жөнінде консультациялар өтті. Келіссөздердің басты тақырыбы Қазақстан Республикасы және Еуропалық одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету болды.

Қазақстандық делегацияны СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, ал румындық – СІМ Консулдық департаментінің бас директоры Михай Богдан Стэнеску басқарды.

Консультациялар қатысушылары екіжақты консулдық мәселелерін талқылады және екі елдің консулдық қызметтерінің бағыты бойынша ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты. Румын тарапы қазақстандық делегацияны Консулдық кадрларды дайындау орталығының жұмысымен таныстырды.

Румынияның СІМ өкілдері елдің Консулдық қызметімен азаматтарға консулдық қызметтерді көрсетуде пайдаланатын ақпараттық технологияларды іс жүзінде қолданудың тұсаукесерін өткізді.

Кездесу барысында румын тарапы Қазақстанда Еуропалық одақ елдері үшін визалық режимді жеңілдету жөніндегі жүргізілетін жұмыспен, сондай-ақ қолданылатын кедендік және көші-қон бақылау жүйесімен таныстырылды.

Сол күні қазақстандық делегация Румынияның Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Дэнуц Никулэескумен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Румыния арасындағы консулдық саласындағы ынтымақтастықтың дамуы, өңірлік және басқа да мәселелері талқыланды. Румындық дипломат консулдық саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің жоғары әлеуетінің болуын және консулдық мәселелер жөніндегі мекемеаралық консультациялар жүргізу маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара нәтижесінде Еуропалық одақпен визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздерге мандатты Қазақстанмен алуына Румынияның ресми қолдауы жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.