Ү.ж. 25 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтің Парижге жұмыс сапары барысында француз тарабымен екіжақты кездесулері, сондай-ақ Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) жанында аккредиттелген бірқатар ел делегациялары басшыларымен келіссөздері болып өтті.

Қ.Келімбетов Қазақ-француз іскерлік кеңесі мен «МЕДЕФ» француз кәсіпкерлер ассоциациясы ұйымдастырған бизнес-форумда сөз сөйледі. Шараға 40-тан астам француз компаниялары, олардың ішінде белгілі «Тоталь», «Альстом», «ЕАДС-Еврокоптер», «ЕАДС-Астриум», «Арева», «Вика», «Талес», «Лакталис», «Буиг» и «Вэнси» сияқты ірі инвестициялық және бірқатар банктік корпорациялар қатысты. Еліміздің әлеуетіне қызығушылық білдіріп отырған жаңа компаниялар арасында «Оранж»телекоммуникациялық алпауыт пен кіші және орта бизнесті атап өтуге болады.

Қ.Келімбетов еліміздің приоритеттері мен экономикалық жағдайы туралы айтып шығып, бизнесмендерді индустриализацияға белсенді қатысуға және технологиялардың жергілікті мазмұны мен трансферін көбейтуге шақырды. Кәсіпкерлердің көптеп қойған сұрақтары олардың іске асырылудағы ірі елді дамыту бағдарламалары және ҚР-ғы инвестициялық климаттағы бүгіндегі тақырыптарға білдірген қызығушылығын айқындайды.

Сол күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Келімбетов Қазақстан Республикасы Күніне орайына арналған ресми қабылдауда сөз сөйледі.

Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыруы құқығы кампаниясы шеңберіндегі ұсынған «Болашақ қуаты» атты тақырыпты қабылдауға қатысқан БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Филипп Дуст-Блази, Қуат жайындағы халықаралық агенттігі басшысының орынбасары және АҚШ-ның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Ричард Джоунс, Францияның Атом қуаты мен альтернативтік қуат көздері жөніндегі комиссариаты директорының орынбасары Эрве Бернар айрықша атап өтті. Қабылдауда шетелдік дипломаттардан басқа саясаткерлер, жаңартылмалы қуат көздері саласына қатысты француз министрліктері мен ведомстволарының, ірі компаниялардың, сондай-ақ еуропалық және жергілікті БАҚ пен қоғам өкілдері болды.

Қатысушыларға арнаған өз сөзінде Қ.Келімбетов елдің даму стратегиясын табысты іске асыру нәтижелерімен, оның потенциалымен және Қазақстандағы қуаттың альтернативтік көздерінің перспективаларымен таныстырды.

Р.Джоунс өз сөзінде қуат сақтау жайындағы әлемдік мақсаттарға толық сәйкестенетін қазақстандық жоба тақырыбының маңыздылығын айтып, осы саладағы Қазақстанның жасаған тиянақты әрекетін дәлелдейтін деректерді келтірді. Ол Астананың кандидатурасын қолдауға шақырып, өзінің 2017 жылы орын алатын Мамандырылған көрмеге қатысуына үмітін білдірді.

Э.Бернар өз кезегінде қатысушыларды күн қуаты пайдалануы саласындағы қазақстандық-француз ынтымақтастықтың дамуымен қысқаша таныстырып, өз елінің үкіметі атынан Астананы қолдауға шақырды.

Қабылдауға қатысқан олимпияда чемпионы, «Астана» командасының көшбасшысы Александр Винокуров Париж-Астана бағыты бойынша 2013 жылы болатын веложүгірісі жобасының таныстыру рәсімін өткізді. Бұл шара әлемде алғашқы рет күн қуаты батареясымен жүретін велосипедтермен өтеді. Шараға қатысушылар Қазақстанның белгілі спортшысының сөзін зор қызығушылықпен қабыл алды.

ХКБ делегаттары мен шара қонақтарының назарларына Елорда мен ЭКСПО-2017 жайындағы бейнероликтер ұсынылды. Шақырылғандар «Астана-2017» жобасын жеңіске жеткізетін Қазақстан мен оның бас қаласының әлеуметтік-саяси және мәдени-қоғамдық потенциалын айрықша атап өтті.

Сонымен қатар, Қ.Келімбетов пен Қазақстан Елшісі Н.Дәненов Елисей сарайында экономикалық сұрақтарға жетекшілік ететін француз Президенті Әкімшілігі басшының орынбасары Эманнуэль Макронмен кездесті. Э.Макронның айтуынша, Президент Ф.Олланд үшін Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету маңызды болып табылады. Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымының мүшелігіне енуі бойынша сұрақтарды талқылай келе француз әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілі Париж Астанаға аталған ұйымға кіруге, сондай-ақ халықаралық институттар шеңберінде еліміздің бастамаларына жан-жақты қолдау көрсететінін баса айтып кетті.