19 қазанда Хельсинки қаласындағы Қазақстан Елшілігінде Елші Ғалымжан Қойшыбаевтың Финляндиядағы қазақ диаспорасы өкілдерімен бірінші кездесуі өтті.
Елші Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығының қарқынды дамуы мен халықтарымыздың арасындағы дәстүрлі достық байланыстардың нығайып отырғанын атап өтті.
Қазақстандық дипломат жерлестерге Қазақстандағы экономикалық және саяси жағдай туралы, сонымен қатаршет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты саясатқа түсінік беріп, олардың ұлттық-мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қазақ диаспорасымен бірлескен шаралар өткізу жөнінде нақты ұсыныстар жасады.
Өз кезегінде диаспора өкілдері Финляндияда қазақстандық дипломатиялық өкілдігінің ашылуын қолдап,елден тыс тұратын отандастарға көңіл аударылғаны үшін ризашылықтарын білдірді.
Кездесу барысында диаспора өкілдері мәдени-гуманитарлық байланыстары дамыту жөнінде ұсыныс жасады. Оның ішінде жастар мен балаларға ана тілін үйрету, қазақтың салтдәстүрі мен мәдениетімен таныстырумақсатында Финляндияда қазақ ұлттық-мәдени бірлестікті құруды ұсынды.
Қазіргі уақытта бейресми мәлімет бойынша, Финляндияда 300 этникалық қазақтар тұрады.