Брюссельде «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы мен Германия бастамасымен қабылданған ЕО Орталық Азия бойынша Стратегиясын жүзеге асыру нәтижелеріне арналған Берлин еуразиялық клубының үшінші отырысы болып өтті.
Іс-шараға қазақстандық және еуропалық қоғамдық-саяси, іскер және сарапшы топтардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында, еуропалық тараптан – ГФР Бундестагындағы Германия Әлеуметтік-демократиялық партиясы фракциясының төраға орынбасары Гернот Эрлер, ГФР бұрынғы Елшісі Дитер Боден, Еуропалық дипломатиялық қызметтің Директоры Гуннар Виганд қатысса, қазақстандық тараптан – ҚР Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі Комиетет төрағасы Рахмет Мұқашев, Әлемдік экономика және саясат Институты директорының орынбасары Уалихан Түлешов және т.б. қатысты.
Клуб отырысының барысында ашық және белсенді пікірталас орын алды, қазақстандық және еуропалық сарапшылар қазақстандық және еуропалық бағдарламалардың аспектілері мен айырмашылықтары секілді тақырыптар бойынша өз көзқарастарымен бөлісті. Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасында жаңа кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық Келісімге қабылдау аясында ықпалдастық болашағы қатысушылар арасында үлкен қызығушылық шақырды.
Брюссельдік кездесу қатысушыларының ортақ пікірлеріне сәйкес, «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы мен ЕО Орталық Азия бойынша Стратегиясының мақсатты жүзеге асуы екіжақты және аймақаралық қарым-қатынасқа айтарлықтай серпіліс беріп, оны жаңа деңгейге шығарды. Осылайша, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық көпір ретінде рөлі мен маңызы нығайып келеді.
Өздеріңізге белгілі болатындай, Қазақстан мен ЕО арасындағы қоғамдық-саяси мәселелердің кең ауқымды тармақтарын талқылайтын диалог алаңы ретінде құрылған Берлин еуразиялық клубының салтанатты ашылуы 2012 жылдың 7 ақпан күні Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен болатын.
Клубтың бірінші отырысы 2012 жылдың 24 наурызында Берлинде, ал екінші отырысы 2012 жылдың 27 қыркүйегінде Астанада өткен болатын.