AXM_8278

26707

 

 

БАҚ Хабарламасы

 

Ү.ж. 21 қазанда Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашев Румынияның Президенті Траян Басескуға сенім грамоталарын тапсырды.

Сұхбат барысында жаңа тағайындалған қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы Румынияның президентімен екіжақты ынтымақтастықтың және көпжақты әрекеттесудің кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Ең алдымен, Траян Басеску Қазақстанның Президентіне өзінің шынайы сәлемін және зор ілтипатын жолдады. Румынияның Президенті қазақстандық Елшісін өз қызметіне кірісуіне байланысты құттықтап, Румынияның Орталық Азия өңіріндегі негізгі әріптесі ретінде, Қазақстанмен ынтымақтастығы дамуының едәуір әлеуетін атап өтті.

Қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел мен халықтар арасындағы достық байланыстар мен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға деген мүдделігін растады. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтардың жүзеге асыру аясында қазақстандық-румындық байланыстарды дамытудың жоғары потенциалын айтып өтті.

Дәулет Батырашев Қазақстан Президентінің халықаралық бастамаларын қолдауына байланысты Румыния басшылығына алғысын білдірді.

 

ҚР Румыниядағы Елшілігі

Эта запись также есть в: Russian