Бүгін «Орталық Азия + Жапония» диалогы аясында Сыртқы істер министрлерінің төртінші отырысы өтті.
Біз Жапония мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым қатынастарының дипломатиялық қатынастары орнағанан бері 20 жыл ішінде барлық бағытта серпінді дамып келе жатқанын қанағаттана атап өттік.
Жапон тарапының бастамасымен құрылған форумның алдағы жұмысы аумақта тұрақтылық, экономикалық даму, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтықпен қамтамасыз етуге шынайы үлесін қосуға ниетті.
Қазақстан «Орталық Азия + Жапония» диалогының құрылымдық жалғасын қолдайды. Бұл Жапония мен Орталық Азия арасындағы қарым- қатынастың жоғары деңгейге жетуін белгілейтін болады.
Бұл консультациялардың механизмі әр-бір орта-азиялық мемлекеттердің Жапония мен әріптестік қатынастарын құру мақсатында, сондай-ақ, біздің аумақта көпжақты өзара әрекеттесуді нығайту үшін маңызды.
Тұрақты дамумен қамтамасыз етуге аумақтағы ортақ мәселелерді бірігіп шешуге әріптестік қатынасты алға жылжыту қажет.
Осыған орай, мен Жапонияны жоғары дәрежелі технологиялық және интелектуалды дамыған ел ретінде және аумақаралық экономикалық ынтымақтастық мол тәжірибесімен Орталық Азияның көптеген үдерістерінің тетігі болуға жіне аумақтық ынтымақтастыққа конструктивизм енгізу ниетін қолдайтындығымды білдіремін. Біздің көзқарасымыз бойынша, Орталық Азиядағы өзекті мәселелерді шешуге Орталық Азия елдерінің жоғары деңгейдегі технологиялық дәрежесі мен зор үйлестірушілік күштері қажет.
Біздің көзқарасымыз бойынша, қауымдасудың келесі бағыттары олар: Мемлекеттік басқаруды нығайту, экономика өсімі, жекеменшік секторларды нығайту, Орталық Азиядағы орта және шағын бизнес, ішкіаймақтық сауданың дамуы, аймақтағы көліктік-транзит әлеуетінің дамуы, су-энергетика ресурстарын тиімді және орынды қолдану, аймақтық экологияны сауықтыру, электр қуат күштеріне жаңа технологиялар енгізу және электр көздерін қайта жаңартуды дамыту болып табылады.
Өз қорытынымда жапониялық тарапы осы кездесуді ұйымдастырғанына шынайы алғысымды білдіріп, Орталық Азия елдері мен Жапония арасындағы ынтымақтастық сәтті болады деген сенімдемін.